Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу тәртібі

1-тапсырма

  1. Дифференциалдаушы тізбекті зерттеу үшін, 3-суретте көрсетілген схема стендпен құрылады. Сол үшін оның құрылу кестесі толтырылады.

  1. Тізбектің құрылуы тексеруден өткізіледі. Дұрыс құрылған стенд сыртқы ток көзіне жалғанады.

  2. Электрондық осциллограф электр желісіне қосылып, екі арналық режимге ауыстырылады.

  3. Осциллографтың экранында тізбектің кірісі мен шығысындағы процестер орнықты түрде өндіріледі.

  4. Қажетті кесте құрылып, кірістік – шығыстық кернеулердің параметрлері өлшеніп, кестеге толтырылады және схемада көрсетілген - элементтері үшін тізбектің тұрақтытабылып, импульстық сигналдың параметріменсалыстырылып, тиісті қорытынды жасалынады.

  5. Схемада берілген ендішамасына ауыстырылып қосылады және алдыңғы 4, 5 тармақтардағы тапсырмалар қайтадан орындалады.

  6. Орындалу нәтижелері зерделеуден өткізіліп, пайымды қорытынды жазылады.

  7. Стенд ток көзінен ажыратылып, келесі тапсырманы орындауға көшіріледі.

2- тапсырма

  1. Дифференциалдаушы тізбектің 4-суретте берілген жаңа үлгісіне талдау жасалады.

  2. Мұндай тізбекке зерттеу жүргізу үшін, 2-суреттегі схемаға қажетті өзгерістер енгізіледі.

  3. Схеманың дұрыс құрылуы тексеруден өткізіліп, стенд ток көзіне қосылады және осциллографтың экранынан процестері өндіріледі.

  4. Импульстық процестердің барлық параметрлері өлшеніп, кестеге толтырылады.

  5. Стенд ток көзінен ажыратылып, схема стендтен тарқатылады. Осциллограф электр желісінен ажыратылады.

  6. Байқалған құбылыстарға физикалық тұрғыдан талдау жүргізіліп, қорытынды дайындалады.

3- тапсырма

  1. Интегралдаушы тізбекке талдау жүргізіліп, барлық құбылыстар зерделеуден өткізіледі.

4-сурет. Дифференциалдаушы тізбектің екінші түрі

  1. Интегралдаушы тізбекті зерттеуге арналған схема стендпен құрылады (5-сурет).

  2. Схеманың дұрыс құрылуы тексеруден өткізіліп стенд ток көзіне қосылады.

  3. Осциллограф электр желісіне екі арналы режимде қосылып, тізбектің кірісі мен шығысындағы процестер экранға шығарылады.

  4. Импульстық процестердің параметрлері өлшеніп, арнайы кестеге толтырылады. Экрандағы көріністер масштабпен өлшеніп, дәптерге көшіріледі.

  5. Интегралдаушы тізбекке келесі өзгеріс енгізіледі: Тізбектегі резисторрезисторымен алмастырылып, барлық көрсеткіштер қайта өлшенеді. Импульстық процестер масштабпен дәптерге көшіріліп, нәтижелер алдыңғы өлшеммен

салыстырылады және пайымды қорытынды жасалады.

  1. Құралдар ток көздерінен ажыратылып, жұмыс орыны жинастырылады.

  2. Жұмыстың есебі дайындалады.

Үй тапсырмасы

  1. Конденсатордың зарядталу процесінің теңдеуі

,

разрядталу процесінің теңдеуі

екенін ескере отырып, зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу.

  1. Тізбектің стендпен құрылу схемасының стендсіз баламасын сызып үйрену.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап дайындау.

  3. Келесі жұмысты орындауға дайындалу.

Бақылау сұрақтары

  1. Дифференциалдаушы тізбектің кірісіндегі кернеу тек оң мәнді ауысу болған жағдайда, оның шығысындағы потенциал қандай өзгеріске ұшырайды? Теріс ауысу болғанда қалай өзгереді?

  2. Конденсатор «зарядталған», немесе «разрядталған» деген ұғымдардың мағынасы неде?

  3. Тізбектің тұрақтысы параметрдің мағынасы?

  4. Тізбектің тұрақтысының өлшем бірлігі?

  5. Үй тапсырмасының 1-тармағындағы берілген теңдеулердің графигін сызу?

  6. Дифференциалдаушы тізбектің шығысындағы процесс үшін жәнеқалай табылады?

  7. Қысқа мерзімді бір полярлы импульсты қалай өндіруге болады?

  8. Қандай жағдайда дифференциалдаушы тізбек тасымалдаушы тізбекке ауысады?

  9. Қандай жағдайда интегралдаушы тізбектің шығысындағы кернеу кірісіндегі процесті қайталайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]