Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Орындалған жұмысқа қорытынды дайындау.

  2. Логикалық алгебраның қағидаларын зерделеу.

  3. Логикалық амалдарды орындаудың принцип-терін игеру.

  4. Логикалық элементтерді құрастырудың прин-ципін меңгеру.

  5. Логикалық элементтердің ақиқат кестесін құрып үйрену.

  6. Комутациялаушы элементтердің көмегімен логикалық шамаларды өндіру принципін түсіну.

  7. Комутациялаушы элементтердің шартты белгілерін жаттау.

  8. Дискретті элементтермен құрылған логикалық элементтердің тізбегіндегі токтардың өтуін түсіну.

  9. Логикалық элементтердің графикалық шартты белгілерін жаттау.

  10. Электрлік шамалармен логикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті ұғыну.

Бақылау сұрақтары

  1. Комутациялаушы элементтердің түрлері, шартты белгілері.

  2. Логикалық элементтердің аргументтерінің саны неге байланысты?

  3. Логикалық элементтің ақиқат кестесінің мағынасы.

  4. Диодты логика деп нені айтады?

  5. Диодты логиканың қандай түрлерін құруға болады?

  6. Құрама логикалық элементтер қалай құрылады?

  7. Логикалық функцияның мәнін қалай білуге болады?

  8. 6-суреттегі логикалық элементтің динамикалық режимі кезінде X1=0 немесе X2=0 болса, нені байқауға болады?

  9. 6-суреттегі R10, R6, R7 резисторларының міндеті?

  10. Логикалық элементтің динамикалық режимінің статикалық режимнен айырмашылығы?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Исаков Ю.А. и др. Промышленная электроника. - М.: Мир.1989.

  4. Ушаков В.Н. Электроника от транзистора до устройства. - М.: Радио и связь. 1993.

  5. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы электроники. - М.: Агар.1998.

  6. Прянишников В.А. Электроника. - С.-Пб.: Корона -принт. 1998.

  7. Пасынков В.В., Чиркин Л.К. Полупроводниковые приборы. – М.: Лань, 2003.

7. Логикалық элементтердің интегралдық микросхемалармен құрылуы

Қажеттілігі: Дара элементтермен құрылған диодты-транзисторлы логиканы зерттеу нәтижесі оның шығысындағы сигналдың кірісіндегі процеске қарағанда кешігуінің көп екендігін көрсетті. Автоматты құрылғылардың негізгі құраушы блоктары логикалық элементтерден тұрады. Түрлі автоматтар мен есептеу техникасының жылдамдығы осы логикалық элементтердің жылдамдығына тікелей байланысты. Неғұрлым сигналдың логикалық элементтер арқылы өту барысында кешігуі қысқа болса, солғұрлым жылдам жұмыс істейтін қондырғы жасауға болады. Автоматты құрылғылардың жұмыс істеуін жеделдету үшін интегралдық микросхема түрінде жасалған транзисторлы-транзисторлы логиканы (ТТЛ) қолдану жақсы нәтиже береді. ТТЛ–элементтердің жылдамдығы ДТЛ–элементтермен салыстырғанда ондаған есе жоғары, демек олардың тізбегіндегі сигналдың кешігуі де соншама қысқа болуы заңды процесс.

Жұмыстың мақсаты: Логикалық элементтердің интегралдық микросхема түрінде құрылу принципімен және оларды зерттеу әдісімен танысу.

Студент білуі тиіс:

  1. Интегралдық микросхемаларды жасау технологиясын.

  2. Интергалдық микросхемалардың түрлерін.

  3. Интергалдық микросхемаларды таңбалау ережесін.

  4. Интергалдық микросхемалармен құрылған логикалық элементтердің түрлерін.

  5. Құрама логикалық элементтерді жасау принципін.

  6. Логикалық элементтерді статикалық және динамикалық режимде зерттеу әдістерін.

  7. Базалық логикалық элементтердің негізінде логикалық құрылғыларды жинау тәсілін.

  8. Логикалық теңдеулерді құруды, минимизациялауды және логикалық құрылғы түрінде жүзеге асыруды.

  9. Логикалық құрылғылардың схемасына сүйеніп оның логикалық теңдеуін жазуды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]