Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Логикалық элементтердің статикалық режимі.

    1. K155ЛH1 текті DD5 микросхемасымен құрылған ЕМЕС логикалық элементі зерттеуден өткізіледі. Сол үшін 4-суретте көрсетілген схема стендпен құрастырылады.

4-сурет. ЕМЕС логикалық элементін статикалық

режимде тексеру.

Зерттеу нәтижесі ақиқат кестесіне толтырылады. Стенд ток көзінен ажыратылып, тізбек тарқатылады.

Ескерту: К155ЛН1 микросхема алты ЕМЕС элементтерінен құралады. Олардың бәрін тексерудің қажеті жоқ. Сол сияқты, осы сериялы басқа микросхемалардың да бір элементтері ғана тексеріледі (8-қосымшаны қара).

    1. К155ЛИ1 текті DD4 микросхемасымен құрылған ЖӘНЕ логикалық элементі зерттеуден өткізіледі. Сол үшін 5-суретте көрсетілген схема стендпен құрылады. Зерттеу нәтижесі ақиқат кестесіне толтырылып, функцияның орындалуы зерделенеді. Стенд ток көзінен ажыратылып, келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

5-сурет. ЖӘНЕ логикалық элементін статикалық

режимде тексеру схемасы.

    1. К155ЛЛ1 текті DD12 микросхемасымен құрылған НЕМЕСЕ логикалық элемент зерттеуден өткізіледі (6 - сурет). Зерттеу нәтижесі ақиқат кестесіне толтырылып, функцияның орындалуы зерделенеді. Стенд ток көзінен ажыратылып, келесі тапсырма орындалады.

6-сурет. НЕМЕСЕ логикалық элементін зерттеу.

    1. текті микросхемамен құрылған базалық логикалық 2ЖӘНЕ-ЕМЕС элементі зерттеледі (7-сурет). Зерттеу нәтижесі ақиқат кестесіне толтырылып, функцияның орындалуы зерделенеді.

7-сурет. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементін

зерттеу схемасы.

2-тапсырма

Логикалық элементтерді динамикалық режимде зерттеу.

  1. текті микросхемамен құрылған ЕМЕС элементі динамикалық режимде зерттеледі. Сол үшін 3-суретте көрсетілген схема стендпен құрылады. Зерттеу нәтижелері импульстық процестердің осциллограммалары түрінде және олардың параметрлері мен өзара кешігуі секілді көрсеткіштермен толықтырылады. Стенд ток көзінен ажыратылып, келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

  2. K155ЛИ1 текті DD4 микросхемасымен құрылған ЖӘНЕ логикалық элементі динамикалық режимде зерттелінеді. Зерттеу нәтижелері 1-тармақтағы көрсеткіштермен сипатталады.

  3. K155ЛА3 текті DD2 микросхемамен құрылған ЖӘНЕ-ЕМЕС базалық логикалық элемент динамикалық режимде зерттелінеді. Зерттеу нәтижесі 1 - тармақтағы көрсеткіштермен сипатталынады.

3-тапсырма

  1. K155ЛА3 микросхемасымен құрылған 2ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементі негізінде келесі функцияны орындайтын схеманы құып, тексеруден өткізу:

(көмекші материал: )

  1. K155ЛА3 микросхемасымен құрылған 2ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементі арқылы функциясын орындайтын схеманы құрып, тексеруден өткізу. Бұл амалды орындау үшін 8-суретте көрсетілген схемаға жүгінуге болады. Схема стендпен құрылып, ақиқат кестесі толтырылып, функцияның орындалуы зерделенеді.

  2. Барлық құралдар электр желісінен ажыратылып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі және жұмыстың есебі дайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]