Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Шифратордың қызметі мен жұмыс істеу принципі.

  2. Шифратордың логикалық функцияларының құрылу әдістемесін меңгеру.

  3. Логикалық функциялар бойынша шифратордың схемасын құру принципін түсіну.

  4. Логикалық алгебраның негізгі элементтерінің түрлерін, өзара байланысу жолдарын қайталау.

  5. Шифратордың шартты графикалық көрінісіндегі элементтердің мағынасы.

  6. Қарапайым шифратор мен жетекші (приоритетті) шифратордың арасындағы ерекшеліктерді біліп түсіну.

  7. Мультиплексордың қызметі мен құрылу және жұмыс істеу принципін меңгеру.

  8. Шифратор мен мультиплексордың тізбектеріндегі ақауларды тауып жөндеуді игеру.

  9. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.

  10. Орындалған жұмысқа есеп дайындау.

Пысықтау сұрақтары

  1. Шифратор қандай мәселелерді шешу үшін қолданылады?

  2. Шифратордың схемасын құру принципі неге байланысты?

  3. Дәстүрлі шифратор мен жетекші рольдегі шифратордың схемаларындағы айырмашылықтар?

  4. Бір арналы мультиплексордың көп арналы мультиплексордан айырмашылығы?

  5. Схеманың импедансы деп нені айтады?

  6. «Мультиплексорлық терек» деп нені айтады және ол қалай құралады?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы,2008.

  2. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника. - Ростов н/Д.: Феникс. 1999.

  3. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  4. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы.-М.: Телеком. 2000.

  5. Партала О.Н. Цифровая электроника. - С.-Пб.: Наука и техника. 2000.

  6. Поспелов Д.А. Логические методы анализа и синтеза. -М.: Наука. 1980.

  7. Захаров В.К., Лыпарь Ю.И. Электронные устройства автоматики.- М.: Радио и связь. 1984.

  8. Прянишников В.А. Электроника.- С.-Пб.: Корона принт. 1988.

  9. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

  10. Угрюмов Е.П. Цифровая схемотехника. – С – Пб.: БХВ – Петербург, 2002.

14. Үш кірісті толық дешифратор

Қажеттілігі: Кірісіндегі екілік кодпен берілген n- разрядты санды шығыстық тізбектерінің біреуінде туындайтын, логикалық сигналға түрлендіруші (тасымалдаушы) логикалық құрылғыны дешифратор деп атайды.

Шығыстық тізбектің ондық жүйедегі санмен берілген реттік нөмірі дешифратордың кірісіндегі екілік санның кодымен анықталады.

Дешифратор-командалық жүйеде берілген операциялардың кодын талдауға арналған, автоматты және жадылық құрылғылардың элементтік бөлшектерінің адрестерін айқындауға арналған кең тараған логикалық түйіндердің қатарына жатады. Сондықтан дешифратордың қызметін, қолдану аясын, жұмыс істеу принципін түсінуге жеткілікті көңіл бөлінуі қажет.

Жұмыстың мақсаты:К155 сериялы ИМС –мен құрылған 3 кірістік тізбекті дешифратордың, 2-4 және 3-8 сипаттағы дешифратор-демультиплексордың схемаларын құру және зерттеу.

Студент білу тиіс:

  1. Дешифратордың қызметі мен қолдану аясын;

  2. Дешифратордың логикалық теңдеулерінің құру әдістемесін;

  3. Дешифратордың схемасын құру жолдарын;

  4. Сызықты және тікбұрышты дешифраторлардың ерекшеліктерін;

  5. Дешифратордың кіріс және шығыс тізбектерінің арасындағы қатынасты;

  6. Бір сатылы дешифраторды екі немесе көпсатылы дешифраторға көшіру жолдарын.

  7. Бір сатылы дешифратордың орынына көпсатылы дешифраторды қолданудың алғы шарттарын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]