Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Пысықтау сұрақтары

  1. Екінші реттік ток көздері деген не және оларға жататын құрылғылар?

  2. Жартылай өткізгіш диодтардың вентиль ретінде қолдану себебі?

  3. Қандай диодтарды түзеткіш ретінде қолдануға болады?

  4. Трансформатордың жұмысы қандай физикалық құбылысқа негізделген.

  5. Трансформатордың салт жүріс және жұмысшы режимдерін қалай түсіндіруге болады?

  6. Бір жарты және екі жарты түзеткіштердің схемасындағы түзету процесінің орындалуы?

  7. Бір жарты периодты түзеткіштің энергетикалық тиімсіздігінің себебі?

  8. Пульсацияны төмендетудегі электр фильтрінің ролі және осы процестің физикалық мағынасы?

  9. Пульсациялық кернеудің айнымалы кернеуден айырмашылығы?

  10. Екі жарты периодты түзеткіштің схемасындағы диодтардың біреуі ажыраса немесе қысқа тұйықталса қандай жағдайды байқауға болады?

  11. Түзеткішті жасау үшін қандай диодтарды пайдалану қажет?

Үй тапсырмасы

  1. Екінші реттік ток көздері туралы әдебиеттерден кең көлемді реферат дайындау.

  2. Бір жарты және екі жарты периодты түзеткіштердің жұмысын жан-жақты меңгеру.

  3. Трансформатордың құрылысы, түрлері, физикалық процестерді игеру.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Исаков Ю.А. и др. Промышленная электроника. - М.: Энергоатомиздат. 1989.

  4. Горбачев Г.Н. и др. Промышленная электроника. - М.: Мир.1988.

  5. Прянишников В.А. Электроника. - С.-Пб.: Корона принт.1998.

  6. Лачин В.И., Савелов Н.И. Электроника. - Ростов н/Д.: Феникс. 2000.

  7. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микро-электроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003 .

Қосымшалар

1. Радиоаппаратураның құрама элементтерін ауыстыру әдістемесі

Электрондық құрылғыны жасамас бұрын немесе істен шыққан приборды жөндемес бұрын, қолда бар элементтердің қажеттісі іріктеліп алынады. Элементтерді ауыстыру кезінде оның схемада көрсетілген мәнін дәл табуға тырысудың қажеті жоқ. Себебі әрбір элементтің оны толық алмастыруға жарамды көптеген аналогтары да кездеседі. Элементтерді ауыстыру барысында келесі мәселелерге көңіл аударылады:

  • резисторлар үшін олардың номиналдық кедергісі және қаншалықты жылу қуатына арналғандығы маңызды;

  • конденсаторлар үшін олардың номиналдық сиымдылығы мен жұмысшы кернеуі маңызды;

  • жартылай өткізгіш диодтар үшін шекті кері кернеу мен максималды тура токты білу қажет;

  • транзисторларды таңдаған кезде олар үшін коллектор мен эмиттер аралығындағы шекті кері кернеудің, коллекторлық токтың максималды мәніне, статикалық күшейту коэффициентінің шамаларына көңіл аударылады.

Стендте қолданылған элементтердің басым көпшілігі ТТЛ - және КМОП - сериялы микросхемалар. Олардың негізгі көрсеткіштеріне тұтынатын қуаты, қоректендіруші кернеудің шекті мәні, кіріс және шығыс тізбектеріндегі ток күші жатады. Сондықтан ТТЛ - сериялы микросхеманы КМОП - сериясымен және керісінше ауыстыруға болмайды. Әрбір микросхема тек өзінің аналогымен аустырылады. ТТЛ - сериялы микросхемалардың арасында көп тарағандары К130, К133, К155, К158, К530, КР531, К555. КМОП - текті микросхемалардың кең тараған түрлеріне К164, К176, К561, К564 жатады. Микросхемаларды ауыстыру кезінде олардың функционалдық қолдану аясын, схеманың соңғы каскадының құрылу ерекшелігін және сыртқы тізбектермен қосылу мүмкіндігін 1-суретке сәйкес анықтап алу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]