Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Дешифраторларды қызметіне сәйкес керекті жерде белгілі мәселені шешу үшін қолдана білу;

  2. Толық дешифратормен жартылай дешифратордың айырмашылықтарын;

  3. Жартылай дешифраторды толық дешифраторға ауыстыру мүмкіншіліктерін;

  4. Бір-сатылы дешифраторды 2 сатылыға көшіру жолдарын;

  5. Кез - келген кірістік тізбектегі дешифраторларды құрудың тиімді жолдарын;

  6. Дешифратордың жалпы сыртқы схемалық көрінісі бойынша оның функционалдық мүмкіншіліктерін анықтауды;

  7. Дешифратордың жұмысын демультиплексорлық режимге және керісінше ауыстыру жолдарын;

  8. Тікелей шығысы бар дешифраторды инверсті шығыстық тізбектері бар дешифраторға алмастыру жолдарын.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Дешифратор дегеніміз (фр. Decoder)- кірісіндегі n - разрядты екілік санақ жүйесіндегі санның кодын нөмірі осы санның ондық санақ жүйесіндегі мәніне сәйкес келетін шығыс тізбектерінің біреуіндегі логикалық командалық сигналға түрлендіруге арналған құрама құрылғыны айтады. Толық дешифратордың шығыс және кіріс тізбектерінің арасындағы қатынас m=2n теңдеуі арқылы анықталынады. Мұндағы n- кіріс тізбектерінің саны, m- шығыс тізбектерінің саны. Егер n=4 кірістік тізбегі бар дешифратордың шығыс тізбектерінің саны болса, ондай дешифратортолық деп аталынады. Ал егер шығыс тізбектерінің саны 16-дан кем болса, дешифратор толық емес деп аталады. Сонымен дешифратор екілік санақ жүйесіндегі сандарды ондық сандарға түрлендіру үшін қолданылады, яғни ол шифратор орындайтын функцияға кері амалдарды орындайды. Дешифратордың кіріс тізбектеріне екілік санақ жүйесіндегі санның мәндері келтірілсе, шығыс тізбектері ондық сандармен нөмірленеді. Дешифраторлар цифрлы құрылғылардың тізбектерінде мағлұматты шығару үшін және әр түрлі командаларға сәйкес келетін логикалық сигналдарды өндіру үшін кеңінен қолданылады.

Құрылу принципі бойынша дешифраторлар сызықты және тікбұрышты болып ажыратылады. Сондай 3-8 сызықты дешифратордың логикалық жұмысы бірінші ақиқат кестесінде көрсетілген.

Осы кестеге сүйене отырып, тікелей шығысы бар дешифратор орындайтын логикалық функциялардың теңдеулерін төмендегідей жазуға болады.

(1)

Осы функциялар бойынша бір немесе көп сатылы дешифратордың құрылу схемасын сызуға болады. Яғни, n- екілік разрядты кодпен берілген санның бір сатылы дешифраторын құру үшін мөлшеріндегі ЖӘНЕ текті логикалық элементтер қажет. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының n- кіріс тізбектері болуы міндетті.

Кіріс тізбектерінің n>6 болған жағдайда бір сатылы дешифраторларды құру мүлдем тиімсіз. Сондықтан олардың орынына көп сатылы дешифраторларды қолданады. Мұндай дешифраторлардың құрылу принципін төмендегідей сипаттауға болады. Дешифратордың барлық кіріс тізбектері 2-3 разрядтарға бөлініп өзара топталады және оның 1-сатысында осы топтардың әрқайсысы үшін жеке дешифрациялау амалы орындалады.

Бірінші сатының элементтерінің шығу тізбектері өзара тағы да топталып, екінші сатының кіріс тізбектерін құрайды. Осы процесс дешифратордың соңғы сатысында алдыңғы сатысының шығу тізбектері толық топталғанша жүргізіледі. Бірақ бір сатылы дешифратолар көп сатылыға қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейді. Жоғарыда келтірілген логикалық теңдеулер бойынша бір сатылы 3-8 дешифраторын құру үшін 3 инвертор, сегіз ЖӘНЕ конъюнкторы керек. Бірақ соншалықты элементтердің стендте болмауына байланысты олардың орынына базалық 3ЖӘНЕ-ЕМЕС элеметтерін пайдалануға болады. Олардың шығу тізбектеріндегі сигналды тікелей кодпен өндіру үшін қосымша ЕМЕС элементтері қолданылады. Сондай бір сатылы дешифратордың схемасы 1-суретте келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]