Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау ережесі

1- тапсырма

К155 сериялы интегралды микросхемасымен құрылған бір разрядты жартылай қосуышты жинау және зерттеу

  1. 3-суретте берілген бір разрядты жартылай қосуыштың электрлік схемасымен танысып, 1-суреттегі схемадан өзгешелігі анықталынады.

  1. Жартылай қосуыштың 3-суреттегі схемасы бойынша байланыс кестесі түзіледі.

  2. Байланыс кестесіне сүйене отырып, қосуыш стендпен жиналады.

  3. Басқару тетіктерінің тұсына олардың орындайтын қызметі көрсетілген қағаз – шаблон жапсырылады.

  4. Қосуыштың схемасының құрылу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  5. Ақиқат кестесі (1-кесте) бойынша жартылай қосуыш толық тексеруден өткізіледі және зерттеу нәтижесіне қорытынды беріледі.

  6. Схемаға оқытушы енгізген ақаулар табылып, жөндеуден өткізіледі.

  7. Стенд ток көзінен ажыратылып, өткізгіштер жиналып алынады.

2 – тапсырма

Үш кірісті бір разрядты толық қосуыштың схемасын құру және зерттеу.

  1. 2-суретте берілген толық қосуыштың схемасын басшылыққа ала отырып, 4-суреттегі толық қосуыштың схемасы талдаудан өткізіледі.

  2. Толық қосуыштың тізбектеріндегі сигналдың жүру жолдары зерделенеді.

  3. Толық қосуыштың байланыс кестесі толтырылады.

  4. Байланыс кесте бойынша толық қосуыш стендпен құрылады.

  5. Басқару тетіктеріне олардың атқаратын қызметтері көрсетілген қағаз шаблон орналастырылады.

  6. Схеманың құрылу дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  7. Толық қосуыштың жұмысы 2-кесте бойынша тексеріліп, зерттеуден өткізіледі.

  8. Схемаға енгізілген ақаулар табылып, жөнделеді.

  1. Стенд ток көзінен ажыратылып, өткізгіштер жиналып алынады.

  2. Жұмыс аяқталып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

Үй тапсырмасы

  1. Бір разрядты жартылай және толық қосуыштардың жұмыс істеу принципі.

  2. Жан-жақты зерделеу арқылы екі және үш кірісті қосуыштардың комбинациялық схемаларының құрылу принциптерін игеру.

  3. Жартылай және толық қосуыштардың логикалық теңдеулерін түзудің және оларды ықшамдаудың жолдарын меңгеру.

  4. Қосуыштар тізбегіндегі ақауларды табу және жөндеу әдістерін игеру.

  5. Пысықтау сұрақтарына жауап дайындау.

  6. Зертханалық жұмыс бойынша есеп дайындау.

Пысықтау сұрақтары

  1. Жартылай және толық қосуыштардың айырмашылықтары?

  2. Жартылай және толық қосуыштар орындайтын амалдар?

  3. Қосуыштардың логикалық теңдеулері қалай түзіледі?

  4. Логикалық функцияларды минимизациялау дегеніміз не?

  5. Құрама құрылғылардың логикалық теңдеулерін түрлендірудің және ықшамдаудың қажеттілігі?

  6. Қосуыштың жұмысын динамикалық түрде қалай тексеруге болады?

  7. Қосуыштардың графикалық шартты белгілері?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. -М.: Телеком. 2000.

  4. Алексеенко А.Г. Шатурин И.Н. Микро-схемотехника. - М.: Мир. 1982.

  5. Калабеков Б.А. Микропроцессоры и их применение в системах передачи и обработки сигналов. - М.: Радио и связь. 1988.

  6. Цифровые и аналоговые микросхемы. Справочник. - М.: Радио и связь. 1989.

  7. Партала О.Н. Цифровая электроника. - С.-Пб.: Наука и техника. 2000.

  8. Аналоговая и цифровая электроника. - М.: Радио и связь. 1996.

  9. Хоровиц П., Хилл У. Искусство схемотехники (в 3-х томах). - М.: Мир. 1993.

  10. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]