Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет факторлары

Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы - капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.

Еңбек - игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) көбейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.

Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.

Кәсіпкерлік қабілет - адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістін барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар кауіп-қатерлікке, шығынға ұшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.

2-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

Еңбек - игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған (1)... болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы (2)... құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы (3)... түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) (4)... . Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар (5)... үшін ең тиімді болып отыр. Жер (6) ... деп қаралады. Жер адамның іс-әрекетінің (7)... жатпайды. Өндіріс факторларының жерге қатысты тобына (8)... жатады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы – (9) ... жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Олардың техникалық күйі (10) ... отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне (11) ... әсер етеді.

Тірек сөздер: а) капитал; ә) адам капиталын; б) табиғи фактор; нәтижесіне; в) табиғат байлықтары мен пайдалы кендер; г) интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер; д) өсе; е) көбейеді; ж) қоғам.

3–тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

тауар өндіру

қызметтер өндіру

мүлік

жабдықтар

қойма ғимараттары

көлік және байланыс коммуникациялары

игіліктер дайындау

қызметтер көрсету

бағыт

әрекет

жеке адамның білімі

жеке адамның кәсіби дайындығы

жеке адамның тәжірибесі

жеке адамның денсаулығы

жеке адамның қабілеттері

жиынтық

адамның еңбегі

шеберлік

өнегелілік

жоғары

сайын

өсу

табыс

көбею

қоғам

тиімді

өзін-өзі ақтау

кәсіпкерлік іс-әрекет

белсенділік

іскерлік

саналылық

жауапкершілік

тәуекелдік

кәсіпкерлік қабілет

кәсіпкерлік қызмет

4 – тапсырма. Сөздерді тіркестеріңіздер де, 5-6 жай сөйлем құрастырыңыздар.

1

2

табиғи

іс-әрекет

көлік

байланыс

техникалық

еңбек

игіліктер

қызмет

бағытталған

әрекет

жеке адамның

адам

жоғары

табыс

қоғам

кәсіпкерлік

фактор

нәтижесі

факторы

қолдану

байлықтары

коммуникациялары

жақсарту

тиімділік

табыс

көбею

қоғам

өзін-өзі ақтау

іс-әрекет

белсенділік

іскерлік

саналылық

жауапкершілік

тәуекелдік

қабілет

қызмет

5-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?

Шығынға ұшырау; сәйкес қызмет ету; шешуші әсер ету; іскерлікті талап ету.

6-тапсырма. Аударыңыздар.

1. Значительными преимуществами по сравнению с крупными фирмами обладают малые предприятия. 2. Малые предприятия создают но­вые рабочие места, возрождают народные промыс­лы, содействуют экономическому и социальному развитию малых городов. 3. Под предпринимательством понимается деятель­ность, осуществляемая частными лицами, предпри­ятиями или организациями по производству, оказанию услуг, приобретению и продаже товаров в обмен на другие товары или деньги к взаимной выгоде заинте­ресованных лиц, предприятий, организаций. 4. Субъектами предпринимательства могут быть как от­дельные частные лица, так и объединения партнеров. 5. Для формирования предпринимательства необходи­мо создать определенные экономические, социаль­ные и правовые условия.

Әдістемелік ұсыныстар: Мәтін бойынша сұхбат құрып және оны ойнау дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[198-203], 2.Нег.[144-157] 9.Қос.[69-71]

Бақылау сұрақтары:

  1. Материалдық игіліктер дегеніміз не?

  2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?

  3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.

  4. Қажеттілік дегеніміз не?

2-апта. 6-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.