Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Кәсіпкерліктің негізгі формалары

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.

Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

  • индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

  • серіктестік немесе партнерлік;

  • корпорация (акционерлік коғам).

Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермерлерге, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық карыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

  • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

  • фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жете түсінбеуі;

  • фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі - акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

  • акционерлер қүқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқығы жатады. Жеке қүқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

  • басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

2- тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Фирма дегеніміз не? 2. Фирманың жіктеу үшін қандай көрсеткіштер қолданылады? 3. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар? 4. Бір адам иелік ететін бизнесті қалай атаймыз? 5. Индивиуалдық кәсіпкерліктің басты келешегі неде? 6. Серіктестік дегеніміз не?

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, 3-4 сөйлем құрастырыңыздар.

Нарық, фирма, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, менеджер, мүлік, корпорация, заңды тұлға, акционерлік қоғам, огблигация.

4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Фирма нарықтың экономиканың негізі экономикалық агенті. 2. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың үш түрін атауға болады. 3. Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. 4. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталының аз мөлшерде болуы. 5. Серіктестік дегеніміз екі және оданда көп адам иелік ететін бизнес.

5-тапсырма. Жеке кәсіпкерлік пен серіктестікті салыстырыңыздар да, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өтіңіздер.

6-тапсырма. Акционерлік коғам тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.

Әдістемелік ұсыныстар: Лексикалық бірліктерінің сиымдылығына ерекше мән беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[123-124] 7 Нег.[11-17]

Бақылау сұрақтары:

  1. Бәсеке дегеніміз не?

  2. Қандай әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады?

  3. Өнімнің «өмір сүру циклі» қалай әсер етеді?

  4. «Өмір сүру циклі» қанша фазадан турады?

11-апта. 32-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.