Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Мировые деньги

Международные экономические и политические отношения — внешнеторговые связи, меж­дународные займы, военные контрибуции и т.д. вызы­вают функционирование денег на мировом рынке.

Мировые деньги выступают в виде счетов благород­ных металлов - в виде займа.

Мировые деньги имеют следующие три назначения:

1) Международное платежное средство.

2) Международное покупательное средство.

3) Всеобщее воплощение общественного богатства

10-тапсырма. Мақалдарды көшіріп жазып, мағынасына мән беріңіздер.

  1. Ақша тиыннан құралады.

  2. Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.

  3. Теңгенің күші тиында.

  4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[67-69]

Бақылау сұрақтары:

1. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар неге жол бермейді?

2. Халықаралық валюта қоры қай жылы құрылды?

3. Осы күнгі несие ақшасын нелер құрайды?

4. Бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы неде?

5. Айналысқа артық шығарылған ақша нені толықтырады?

6. Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны ненің санына тең болуы керек?

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Баға игілігі

Әр тауар мен әр қызметтің, олардың нарықта орналасу формасына байланысты, өз бағасы болады. Осы баға ақшаға айналып табыстың белгілі бір түрін құрайды.

Жоғарыда айтылғандай, бағаның негізін тауарлардың бағалылығы құрайды. Еңбек өнімдері өндіріс сферасынан нарықтық факторлар әрекет ететін айналыс сферасына келіп түседі. Олар бағаның жоғары немесе төмен ауытқуын тудырады. Ал баға өз тарапынан тауарлардың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Яғни, сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетіне ықпал жасайды.

Бағаларға, айырбас пропорциясы болғандығы ретінде, бағаны құру механизмі деп аталатын, оларды белгілеу әдістері өте зор әсер етеді. Экономикалық практикада бағаны белгілеу туралы екі негізгі ықпал қалыптасқан: нарықтық және шығындық (өндірістік). Бұлардың айырмашылығы, ең алдымен бағаның қалыптасуына әсер ететін факторлармен анықталады.

Нарықтық әдістегі шешуші факторлар: нарықтың конъюнктурасы, тауарға сұраныс және ұсыныс. Шығындық әдісте баға белгілеу негізінде өндірістік шығындар, алдымен — тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығындары жатқызылады.

Нарықтық баға құрылуында баға игіліктерді айырбастау процесінде байқалатын, олардың бағалылығын көрсететін форма болып табылады. Біріншіден, бұл жағдайда, тауарлардың бағасы және олардың тұтыну объектісі болуымен байланысты өздеріне тән бағалылықтың арасында тікелей байланыс бары байқалады. Екіншіден, тауардың бағасы тек оның акшаға немесе басқа тауарға айырбасталуында ғана көрінеді.

Сөздік:

тауар – товар

заң – закон

баға – цена

негіз – основа

ықпал жасау – влияние

2-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Қызмет, баға, ақша, белгілі, ауытқу, айырмашылық, туралы, негізгі.

3-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

  1. еңбек а) әдіс

  2. нарықтық ә) өнімдері

  3. бағаның б) практика

  4. тауарға в) объектісі

  5. сатушылардың г) байланыс

  6. экономикалық ғ) ауытқуы

  7. тұтыну д) сұраныс

  8. тікелей е) іс-әрекеті

4-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, 3-4 сөйлем құрастырыңыздар.

Ақша айналымы, табыс, тауар, нарық, шығын, ұсыныс, тауардың бағасы, өндірістік шығындар.

5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  1. Нарықта орналасу формасына байланысты .............................

  2. Баға ақшаға айналып табыстың ...................................................

  3. Бағаның негізін тауарлардың ....................................................

  4. Экономикалық практикада бағаны белгілеу ..............................

  5. Баға өз тарапынан тауарлардың ...................................................

  6. Сатып алушылар мен сатушылардың ...........................................

6-тапсырма. Қазақ халқының маржан сөзіне зейін қойыңыздар. Қасиетті сандарды есте сақтаңыздар. Сандарға байланысты тұрақты сөз тіркестерін естеріңізге түсіріңіздер.

Қазақ халқында жеті, тоғыз, он үш, қырық сандары қасиетті сандар болып есептеледі. Мысалы. Жеті қазына, жеті күн, жеті ғалам, жеті ғашық ... .

Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[ 69-71] 6 Нег. [381], [321]

Бақылау сұрақтары:

1. Тауардың және қызметтің бағасы дегеніміз не?

2. Бағаны белгілеудің негізгі ықпалдары қандай?

3. Баға тауарлардың сұранысы мен ұсынысына қалайша әсер етеді?

4. Нарықтық баға дегеніміз не?

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.