Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Өндіріс және оның ерекше формалары

Тарихи дамудың барлық сатысында адамзат қоғамында материалдық игіліктер болады. Олар - адамның өмір сүру үшін қажетті тамақ, киім, тұрғын үй және басқалар. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс - бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістер, икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дейін ұзақ мерзімді қамтиды. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Бұл жалпыұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің біреуіне айналады. Сонымен, коғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.

Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында интеллектуалдық қажеттіктер пайда болады, тұтыну көлемі өсті, оның кұрылымы күрделене түсті, адамдардың тұрмыс деңгейі жоғарылады. Жетілген, жоғары дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан қажеттіктерінің: материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің елеулі дәрежесін қанағаттандыруға мүмкіндік алды.

Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.

Сөздік:

өндіріс – производство

тұрғын үй-жилье

материалдық игіліктер-материальные ценности

өндіріс процесі-производственный процесс

қызмет - услуга

өзгеріс - изменение

икемді - гибкий

өзгеру - измениться

экономикалық өсу - экономический рост

қызмет ету - служить

қажеттіктер - необходимости

ұжымдық әрекет – коллективная деятельность

2-тапсырма. Мына сөздерді аударыңыздар.

Материалдық игіліктер, өндіріс, қызмет көрсету, тұрғын үй, тамақ, қызмет, даму, мақсат, күрделі, жүйе, өзгеріс, икемді кешен, жабайы өнімдер, тәсіл, түр, өсу, жалпыұлттық, көрсеткіш, қажеттілік, қанағаттандыру, жеке адам, әлеуметтік топ, тұтас қоғам, адамзат қоғамы, саты, тұтыну, көлем, рухани, әлеуметтік, адамның тұрмыс деңгейі, мүмкіндік, ұжымдық әрекет, дәреже.

3-тапсырма. Мына сөйлемдерді түрлендіріп, оларға бірнеше сұрақ қойыңыздар.

Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.

Өндіріс - бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.

Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.

4-тапсырма . Төменде берілген сөздер мәтіннің қай жолында кездеседі?

Өзгеру, даму, қолдау, қызмет ету, орындау, өсу, күрделену.

5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар

Одна из важнейших проблем экономической теории и практики — это проблема выбора. Оптимальный вы­бор - это одна из ключевых стадий процесса принятия экономических решений. Он заключается в выборе луч­шего варианта хозяйственного решения из набора воз­можных вариантов экономического поведения.

Әдістемелік ұсыныстар:

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау үшін мәтінмен, мәтіндегі терминдермен таныс болыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[17-18] 2.Нег.[24-29], 16.Қос.[30-31]

Бақылау сұрақтары:

1.Материалдық игіліктер дегеніміз не?

2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?

3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.

4. Қажеттілік дегеніміз не?

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.