Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Менеджменттің төрт қызметі

Осы заманда менеджменттің төрт кызметі көрсетіледі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

1. Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар - жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты - басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.

Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

  • нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;

  • өнімдік стратегия;

  • өндірістік стратегия;

  • фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;

  • қаржылық (экономикалық) стратегия.

Өздерінің даму дәрежесіне байланысты әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын көбірек аударады.

Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.

  1. Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

  2. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психологиялық аспект те орын алады.

  3. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.

Басқарулық шешімдер қабылдау үшін фирманың экономикалық іс-әрекеттерінің көрсеткіштеріне талдау жасаудың маңызы зор болады.

Көрсеткіштер жүйесінен мыналарды бөліп атауға болады:

  • экономикалық потенциалдың корсеткіштері;

  • шаруашылық қызметтер нәтижесінің көрсеткіштері;

  • фирманың төлем қабілетін сипаттайтын қаржы болмысының корсеткіштері.

Соңғысымен танысайық. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.

Олардың қызметі - фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау. Осы туралы мәлімет алуды қалаушылар:

  • банктер - фирманың несиені өтеу қабілетін айқын білу үшін;

  • партнерлер - фирманың өндірістік-сауда операцияларының тұрақтылығын айқындау мақсатымен;

  • фирманың акцияларын сатып алушылар капитал нарығындағы фирманың күнделік (ағымды) және болашақ (перспектива) жағдайы туралы ақиқат мәлімет алу үшін.

Фирманың қаржы көрсеткіштерінің аса маңыздылары:

• «қызметтегі капиталдың» мөлшері.

• акцияларды өтеу коэффициенті.

• облигациялардан түсетін пайыздық табыстың өтелу коэффициенті.

• акция әперетін табыс пен оның нарықтық бағасы арасындағы сәйкестік;

  • дивиденттер төлеу коэффициенті;

  • меншікті капиталдың рентабельдігі.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Несиені өтеу қабілеті, фирманың төлем қабілеті, қаржы болмысы, акцияларды өтеу, облигациялардан түсетін пайыздық табыс, табыстың өтелу коэффициенті, нарықтық бағасы арасындағы сәйкестік, дивиденттер төлеу коэффициенті, нарықтық позицияларының мықтылығы, меншікті капиталдың рентабельдігі.

3-тапсырма. Аударыңыздар.

1.Менеджменттің төрт қызметі көрсетіледі: ұйымдастыру, мотивациялау, жоспарлау, бақылау. 2. Бизнес-жоспар – жоспарлаудың негізгі элементі. 3. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. 4. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын көбірек аударады. 5. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады.

4-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.

Менеджмент, қызмет көрсету, бизнес-жоспар, есеп беру, мотивация, бақылау, қаржылық стратегия, маман-аудитор, партнер, акция, дивиденттер төлеу.

5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орысша аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

  1. ұйымдастыру

  2. бақылау

  3. мақсат

  4. негізгі

  5. талдау

  6. шешімдер

  7. көрсеткіш

  8. жоспарлау

  9. анықтау

  1. определить

  2. показатель

  3. решения

  4. планировать

  5. основной

  6. организовать

  7. кредит

  8. обсуждать

  9. миссия

6-тапсырма. Мәтін негізінде жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар да рөлдер бойынша оқып шығыңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар: Мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер. Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[137,138]

Бақылау сұрақтары:

1.Менеджменттің қызметтерін атаңыз?

2. Жоспарлаудың негізгі элементі не жатады?

3. Бизнес-жоспар қанша жылға жасалады?

4. Бизнес-жоспар және қысқаша рефератпен деген нелер?

5. Мотивацияға не жатады?

6. Маман-аудиторлар немен айналысады?

12-апта. 35-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.