Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарықтың құрылымы

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

  • меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

  • шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);

  • тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

  • шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

  • осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен.

Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

  1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  • игіліктер мен қызметтер нарығы;

  • өндіріс құралдарының нарығы;

  • ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;

  • құнды қағаздар нарығы;

  • жұмыс күші нарығы.

Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

  1. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:

  • өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;

  • халық тұтынатын тауарлар; азық-түлік тауарлар нарығы;

  • шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.

Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауылшаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбеюін тілейді.

Сөздік:

ұжымдық – коллективный

үлес – доля

тауар айналымы – товарооборот

серіктес – партнер

қор – фонд; запас

нарық - рынок

шикізат - сырье

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Аумақ, қолма-қол, үздіксіз, бақылау, дәреже, қажет, сала, өндіруші.

3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Халық, кең, мемлекеттік, еркін, көтерме сауда, тез, қажет,

4-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Аумақ, қолма-қол, үздіксіз, бақылау, дәреже, қажет, сала, өндіруші, мемлекеттік, еркін, көтерме сауда.

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[72,74] 2 нег.[78]

Бақылау сұрақтары:

1. Нарықтың құрылымы қандай болады?

2. Нарықтың экономикалық құрылымы қандай жағдайлармен белгіленеді?

3. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша қалай жіктеуге болады?

4. Меншік формаларын атап шығыңыз.

8-апта. 23-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.