Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Маркетинг: мәні, қызметтері, принциптері

Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселелерінің шиеленісуіне жауап ретінде туып, тек тауарлар мен қызметтерді өткізу сферасын қамтыған (сауданы, жарнаманы, несиені т.б.). Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатпаған. XX ғ. 40—50-ші жылдары маркетинг нарықтық басқару теориясымен ұштасып, менеджменттің құрамды бөлігіне айналды.

XX ғ. 60-70 жж. маркетингке тұтынушылармен ұзақ мерзімдік экономикалық байланыстарды реттеп отыру қызметі жүктеліп, оның әрекеттерінің деңгейі тағы өсе түскен. Егер өнеркәсіптік өндіріс қалыптасып келе жатқан заманда нарықтар жаппай сұранысты қанағаттандыру үшін құрылса, тапшылық болса, сатып алушы сатушылардан тәуелді болса, ал бүгін соңғылардың рөлі алмасты: осы немесе басқа тауарды сатып алуға сатып алушының шешімін кәсіпкер қажетті түрде білгісі келеді. Осы мақсатпен маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болды, яғни олар нарықты сатып алушылардың айқын топтарына бөледі.

Соңынан сатып алушыларды несиелендіру, сатылғаннан кейін қызмет көрсету, ескірген өнімді оның жаңа үлгісімен айырбастау және басқа да көп қызметтер көрсету маркетингтің маңызды жүйелеріне айналды.

Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі: фирманың көзқарасы бағытынан (микромаркетинг) және қоғам көзқарасы (макромаркетинг) бағытынан.

Маркетинг саласындағы жетекші маман Ф.Котлер оны айырбас арқылы қажеттіктерді қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс-әрекеттерінің түрі деп анықтайды.

Фирма тарапынан маркетинг - тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы болып табылады. Бұл қызметтер нарықтың болмысын, нарықтық тармақтардың және сатып алушылардың нақты қажеттерін талдап зерттеу негізінде жүргізіледі. Мақсат: қажеттерді қанағаттандыру фирманың барынша жоғары пайда алуын қамтамасыз ету.

Маркетингтік басқару процесі үшін керек болмыстар:

  • нарықтық мүмкіндіктерді талдау;

  • мақсатты нарықтарды белгілеу;

  • маркетинг кешенінің жасалынуы;

  • маркетингтік шараларды жүзеге асыру.

2-тапсырма. Сөйлемдерді күрделендіріңіздер.

1.Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселерінің шиеленісуіне жауап ретінде туған. 2. Өндіріс маркетингтің қызметіне жатпаған. 3. Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болған. 4. Маркетингтің мәнін белгілеу түсінбеушілік тудырады. 5. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі.

3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

1.Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болды. 2. Маркетингтің көп салалыға оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. 3. Фирма тарапынан маркетинг тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы. 4. Мақсат қажеттерді қанағаттандыру фирманың барынша жоғары пайда алуын қамтамасыз ету.

4-тапсырма. Кестедегі сөйлемдерді оқып шығып, келісетініңізді немесе келіспейтінізді білдіріңіздер.

Сөйлемдер

Иә

Жоқ

  1. Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселерінің шиеленісуіне жауап ретінде тумаған.

  2. Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатқан.

  3. Маркетингке тұтынушылармен ұзақ мерзімдік экономикалық байланыстарды реттеп отыру қызметі жүктелмеген.

  4. Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналыспаған.

5-тапсырма. Нүктелердің орнына төмендегі тордағы қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің бірін қойыңыздар.

  1. Өндіріс сферасы маркетингтің (........) жатпаған. 2. Осы мақсатпен маркетологтар (......) сегменттеу мен айналысатын болды. 3. Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу (.........) аз емес түсінбеушілік тудырады. 4. Фирма тарапынан маркетинг тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін (.........) қызметтердің кешенді бағдарламасы. 5. Маркетингпен айналысу (.........) жүргізіледі.

Екі бағытта, туралы, нарықты, қамтитын қызметіне

6-тапсырма. Төменде берілген маркетинг қызметтеріне байланысты 5-6 сөйлем құрастырыңыздар да оларды жағдаяттық сұхбат құруға арқау етіңіздер.

Сатып алушыларды несиелендіру, сатылғаннан кейін қызмет көрсету, ескірген өнімді оның жаңа үлгісімен айырбастау.

7-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, 5 сөйлем құрастырыңыздар.

Тауарларды өткізу, маркетинг қызметі, нарық, тұтынушы, нарықты сегменттеу, сатып алушы, фирманың көзқарасы, қамтамасыз ету.

8-тапсырма. Мына сөйлемдерді түрлендіріңіздер.

Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі: фирманың көзқарасы бағытынан (микромаркетинг) және қоғам көзқарасы (макромаркетинг) бағытынан. Фирма тарапынан маркетинг - тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы болып табылады.

9-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

  1. маркетинг

  2. тауарларды

  3. сұранысты

  4. нарықты

  5. сатып

  6. экономикалық

  7. фирманың

  8. адамдардың

  1. алушы

  2. байланыс

  3. іс-әрекеттері

  4. көзқарасы

  5. өткізу

  6. сегменттеу

  7. теориясы

  8. қанағаттандыру

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[140,141] 16 нег.[179, 180] 7 нег.[181, 190].

Бақылау сұрақтары:

  1. Маркетинг теориясы нені қамтыған?

  2. Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатады ма?

  3. Маркетологтар немен айналысқан?

  4. Маркетингпен айналысу қанша бағытта жүргізілген?

  5. Маркетингтің басқару үшін қандай болмыстар қажет?

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.