Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері

Экономикалык байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: өндірушілер мен тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.

Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жағынан өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне апарады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады.

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

  • екі субъектінің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;

  • еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;

  • шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;

  • белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;

  • тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.

Сөздік:

байланыс – связь

өнім – продукция

өндіруші – производитель

тұтынушы – потребитель

қамту – охватывать

әрекет – действие

құрылым – структура

2-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Өнім, өндіруші, тұтынушы, жұмыс күші, кәсіпорын, экономикалық қатынас, жалға алу, нарық қатынасы, еңбек биржасы.

3-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Основным показателем, характеризиующим уровень инфляции в экононмике, является индекс потребительских цен. 2. Он определяется на основе индексов роста цен на отдельные товары и услуги. 3. Опыт Казахстана подтвердил возможность борьбы с инфляцией методами, фискально денежной политики. 4. В течение длительного времени зависимость между массой денег в обращении и инфляцией была обектом пристального внимания экономистов. 5. Монетаристы считают, что изменения в денежной массе являются основным фактором инфляции.

4-тапсырма. Сөздерді синонимдерімен сәйкестендіріңіздер.

  1. байланыс а.қарыз

  2. өндіруші ә.дербес

  3. несие б.қиын

  4. тәуелсіздік в.жұмыс

  5. күрделі г.пайдаланушы

  6. тұтынушы ғ.шығарушы

  7. еңбек д.қатынас

Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[72-74] 7 Нег.[20-22], [11-14] 15 Нег. [79-88], 16 Нег.[52-55]

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалык байланыстар дегеніміз не?

2. Айырбас процестері нелермен белгіленеді?

3. Нарық дегенді қалай түсіндіңіздер?

4. Нарық қатынастарына нелер жатады?

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.