Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Шығындар теориясы

Өндірістік шығындар және олардың түрлері.

Шығындар дегеніміз нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.

Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.

Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Бухгалтерлікке — өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік жөне статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.

Тұрақты шығындарга - осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.

Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Өзгермелі шығындарга осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Кәсіпорынның жалпы шығындары деп оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Өндірістік шығын, тұрақты шығын, өзгермелі шығын, старттық шығын, қалдық шығын, кәсіпорын шығыны, қоғамдық шығын, жалпы шығын, еңбек шығыны.

3-тапсырма. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар да, оларды кәсіпорын шығыны туралы жағдаятқа байланысты құрылатын сұхбатқа арқау етіңіздер.

Бухгалтерлікке — өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік жөне статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.

1. Өндіріс шығындарын ... бөлудің бірнеше жолдары болады. 2. Өндіріс шығындары ... өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. 3. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және ... болып бөлінеді .4. Практикада көбінесе ... тұрақтыға және өзгермеліге бөлінеді. 5. Тұрақты шығындарға – осы мерзімде ... пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. 6. Тұрақты шығындарды ... және қалдық шығындар деп екі топқа бөлуге болады.

Керекті сөздер: ұдайы, өндіріс, ұдайы, бухгалтерлік, бастапқы, шығындарды.

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен сәйкестендіріңіздер.

1. өндірістік а) төлемдері

2. өнім ә) заем

3. дайын б) мөлшері

4. шығындарда в) өндіру

5. жалақы г) ақысы

6. облигациялық ғ) шығындар

7. өндіріс д) жіктеу

8. еңбек е) өнім

6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Өндіріс, өнім, еңбек, процесс, жалақы, сату, құны, төлемдер, шығын.

7-тапсырма. «Кәсіпорын шығыны» тақырыбы бойынша жолдасыңызбен пікірлесіңіз.

8-тапсырма. Ресурс, процесс, фактор, статистика, бухгалтерлік, амортизациялық, старттық, ренталық төлемдер терминдерін қалай түсінесіздер?

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат құру және оны ойнау дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[158] 5 Нег.[145, 153]

Бақылау сұрақтары:

  1. Шығындар дегеніміз не?

  2. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің қанша жолы бар?

  3. Өндіріс шығындары қалай бөлінеді?

  4. Практикада шығындар қалай бөлінеді?

  5. Кәсіпорынның жалпы шығындары дегеніміз не?

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Еңбек өнімділігі

Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде — зат немесе құн түрінде — өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстыра отырып өндіріс тиімділігі айқындалады.

Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады.

Кәсіпорындарының мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекеттерінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі. Сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады. Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. Бұл өнімділіктің статикалық коэффициенттері мен өнімділіктің динамикалық индексі жатады.

Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса онда өнімділік өседі:

  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

  1. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

  1. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

  1. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады.

2-тапсырма. Сөздік жұмысы.

Өнімділік, өндірілген өнімдер, тұтынылған ресурстар, еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар, ресурсар өнімділігін есептеу, өнімділіктің жеке көрсеткіші.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Өндіріс тиімділігі қалай айқындалады? 2. Өнімділік дегеніміз не? 3. Өнімділікті өлшеудің қандай тобы бар? 4. Қандай жағдайларда өнімділік өседі?

4–тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. Оларды, өндірістің, жұмсалған, салыстыра, нәтижелерін, айқындалады, өндіріс, отырып, тиімділігі, жасауға, шығындармен. 2. Ресурстардың, бір, аталған, егер, түрінің, қажет, есептеу, өнімділігін, болса, табылады, көрсеткіші, болып, онда, есеп, бұл,өнімділіктің, жеке. 3. Екі, бар, өлшеудің, тобы, өнімділікті, негізгі. 4. Көрсеткіштер, көшкен, сондықтан, қолдануға, ыңғайлы, жүйесін, болады.5. Фирманың, жүйесінде, іс-әрекеттерінің, жағдайлары, қамтылады, өнімділіктің, барлық, көрсеткіштері.

5-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын табыңыздар, жаттап алыңыздар.

1. Еңбегі аздың өнбегі аз.

2. Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

3. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

4. Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, мұратқа жетпес.

5. Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

6-тапсырма. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Егер ресурстардың аталған бір түрінің өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. 2. Өнімділікті өлшеудің негізгі екі түрі бар. 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады. 4. Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады.

Әдістемелік ұсыныстар: Жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[165,170]

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнім дегеніміз не?

  2. Өнімділік дегеніміз не?

  3. Өнімділікті қалай жоғарылатуға болады?

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.