Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Жұмыссыздық және оның түрлері

Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарау керек. Нарықтық емеске — мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық қүрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.

Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жүмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына (тілегіне) сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығыңда жұмыс іздеуге бейімділігі жоқ деп болжау (жорамал) жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әр түрлі себептермен жұмыс іздеуден бас тартқан адамдар категориясы болады, бұл, былайша айтқанда - жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жүмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды:

  • институционалдық емес адамдар;

  • жұмыс істеушілердің саны ;

  • жұмыссыздар саны;

  • жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

Макроэкономикада осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық-жастық, этникалық, халықтың әлеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасынан тәуелді болады.

Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша - оның таратылуы және мерзімінің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың тарауының көрсеткіші жұмыссыздықпен жұмысшы күшінің қамтылғанын сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзімінің көрсеткіші бір болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды.

АҚШ-та, орта есептен, қысқа мерзімді жұмыссыздықтың уақыты бес аптадан аспайды, ал ұзақ мерзімді - алты айдан артық болады.

Батыс экономистерінің көбі нарық жағдайында жұмыссыздықтың белгілі дәрежесінің болуын заңды және қажет деп мойындайды.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Жұмыссыздық, еңбекке жарамдылық, еңбекке жарамсыздық, еңбек нарығы, жұмыссыздықтың ұзақтығы, жұмыссыздықтың көрсеткіші, жұмыссыздықтың дәрежесі, жұмыс күші, жұмыссыздар саны.

3-тапсырма. Мына сөздер мен терминдерді пайдаланып 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.

Жұмыс орны, жұмыс қолы, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, жұмыспен қамтылмау, жұмыссыздықтың орын алуы, жұмыссыздықтың көрсеткіші, жұмыссыздықтың дәрежесі, жұмыс күші, жұмыссыздар саны, жұмыссыздықтың адамға әсер етуі.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Жұмыссыздық дегеніміз не? Жұмыс күшіне кімдер жатады?

5-тапсырма. Әлемдегі және Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі туралы топта пікірталас құрыңыздар.

6-тапсырма. Жұмыссыздық туралы эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[282] 5 нег.[99-100] 10 Қос. [81,84]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыссыздық дегеніміз не?

  2. Жұмысшы күшіне кімдер жатады?

  3. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын қандай көрсеткіштермен сипаттайды?

  4. Қысқы мерзімді жұмыссыздың уақыты неше аптаға созылады?

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ