Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Ресурстар

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамның табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.

Табиғат ресурстары - бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Табиғи ресурстар сарқылмайтын және сарқылатын болып бөлінеді. Сарқылмайтындар өз кезегімен жаңғыртылмалы және жаңғыртылмалы емес деп бөлінеді. Адамдар өзінің іс-әрекеттері үшін табиғи ресурстарды көбейте қолданады. Нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді.

Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал-жабдықтардың барлығы жатады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі, еңбек мотивациясы өте маңызды рол атқарады.

Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвестициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.

Информациялық ресурстар - бүл автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.

Қоғамның қандайына болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осы замандағы иңдустриалдық нарықтық экономика информациялық ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарды.

Сөздік

жүйе -система

қатынас -отношение

байланыс - связь

өндірістік ресурстар – производственные ресурсы

түсінік - понятие

өндірістің элементтері – элементы производства

жиынтық - совокупность

материалдық игіліктер –материальные ценности

рухани игіліктер – духовные ценности

қызмет- служба, функция, должность

2-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. Жүйе; өндіріс; қоғам; табиғат; қатынас; байланыс; экономика; материал; күн; су.

2. рухани; маңызды; сарқылмайтын; нәтиже; күнкөріс; өндіріс.

3. игіліктер; қызмет; шарт; орта; компоненттер; қуат; ресурс; қазбалар; ресурстар; нәтиже; бөлшек; бұзу; орта; сапа.

3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1.Өндіріс қоғамның ... қатынасы болып табылады. 2. Осы қатынастар ... ресурстар арқылы білінеді. 3. Күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалары ... ресурстарына жатады. 4. Табиғи ресурстар сарқылмайтын және ... болып бөлінеді. 5. Адамдардың ... нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді. 6. Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын ... барлығы жатады. 7. Еңбек ресурстарына ... жатады. 8. Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ... болып табылады.

Тірек сөздер: 1. сарқылатын; 2. табиғатпен; 3. жұмысшы күші; 4. өндірістік; 5. табиғат; 6. ақша құралдары; 7. іс-әрекеттері; 8. құрал-жабдықтардың.

4-тапсырма. Аударыңыздар.Производство экономических благ требует определен­ных ресурсов. 2. Учет альтернативных затрат при экономическом вы­боре является одни из важнейших принципов экономи­ческого анализа. 3. Что следует производить и в каком количестве, какие из возможных товаров и услуг должны быть произведены в данном экономическом простран­стве и в данное время? 4. Как следует производить и какие ресурсы и тех­нологии для этого использовать.

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[18-19] 2.Нег.[282-291] 15.Нег.[107-112] 7.Нег.[10]

Бақылау сұрақтары:

1.Өндіріс деген не?

2.Өндірістік ресурстар деген не?

3. Табиғат ресурстары деген не?

4. Табиғи ресурстар қалай бөлінеді?

5. Сарқылмайтын ресурстар дегеніміз не?

6. Материалдық ресурстарға нелер жатады?

7. Еңбек ресурстарына не жатады?

8. Қаржы ресурстары көзіне не жатады?

9. Информациялық ресурстар деген не?

10. Қаржы ресурстары деген не?

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.