Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Бағалардың түрлері

Жоспарлау-басқару жұмыстарының орындалу барысында болжамды және жоспарланган бағалар пайдаланылады. Орталықталған экономика жағдайында, бағаларды жоспарлау оңай мәселеге жатпайды. Кеңес дәуірінде Қазақстандағы бағалар қағаз жүзінде ғана жоспарлы баға болған. Бұл бағаларды реттеу жұмысымен тек мемлекеттік басқару органдары айналысқан.

Нарық типтес экономикада болжамдалған бағалар кең пайдаланылады. Бұлардың негізінде фирмалар әрекеттері жоспарланады, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар дайындалады және индикативтік жоспар деп аталатын мемлекеттік жоспар-болжау жасалады.

Келісімді бағалар сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы контракт құжаттармен айқындалған, көлемі сатып алу-сату алдында жасалған келісімде көрсетілген баға болып есептеледі.

Көбінесе бағаның түрі, оның қалыптасқан нарығының түрімен белгіленеді. Биржалық, аукциондық, комиссиондық бағалар болады. Әр елдерде әр типтес тауарларға, әр түрлі баға дәрежесінін болуы, дүниежүзілік бағаны пайдалану қажеттігін тудырады. Бүкіл әлемдік бағалар еркін айырбасталатын валюталар арқылы есептеледі.

Сөздік:

жоспарлау – планирование

басқару – управление

болжам – прогноз

реттеу – регулирование

жоба – проект

7-тапсырма. Мәтіннің көмегімен кестені ш/ж жауабымен толықтырыңыз.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Жоспарлау-басқару жұмыстарының орындалу барысында болжамды және жоспарланган бағалар пайдаланылмайды.

  1. Кеңес дәуірінде Қазақстандағы бағалар қағаз жүзінде ғана жоспарлы баға болған.

  1. Бұл бағаларды реттеу жұмысымен тек мемлекеттік басқару органдары айналыспаған.

  1. Келісімді бағалар сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы контракт құжаттармен айқындалған.

  1. Көбінесе бағаның түрі, оның қалыптасқан нарығының түрімен белгіленеді.

8-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қою арқылы толықтырыңыздар.

1. Өткен жылы 91,7 млрд теңге сомаға қолма-қол ақша айналысына қызмет көрсететін тозған банкноталар мен ақаулы монеталар .... . 2. Ұлттық Банктің резервтік қорларынан 592,2 млрд.теңге сомаға қолма-қол ақша ... . 3. Айналыстан алынған банкноталардың ... 5000 теңгелік банкнотаға тиесілі. 4. Банктердің кассаларына ... өткен жылғыдан артық, яғни 97,5% болды.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: айналыстан алынды, қолма-қол ақшаны қайтару коэффиценті, айналысқа шығарылды, неғұрлым үлкен көлемі.

Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[70] 5 Нег.[192-193]

Бақылау сұрақтары:

1. Жоспарлау-басқару жұмыстарын орындау қандай баға қолданылады?

2. Келісімді бағалар қалай айқындалады?

3. Бүкіл әлемдік бағалар қандай валюталар арқылы есептеледі?

4. Бағаны ырықтандыру дегеніміз не?

3-модуль

НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР, ОЛАРДЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ.

7-апта. 19-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.