Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать
  1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., проф,

тегі, аты, әкесінің аты

Айтжанова С.С. – ф.ғ.к., доцент, Заурбекова Г.О. – ф.ғ.к., аға оқытушы

Аязбекова Қ.Ә. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Қазақ тілі .

Кредит саны 3 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/

семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

3

3

3

3

9

Емтихан

1.3. Пререквизиттері: «Қазақ тілі» (экономика) пәні студенттердің орта мектепте мемлекеттік тіл бойынша игерген білім, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Студент мамандығына сай экономика тақырыптарына қатысты кәсіби лексиканы меңгертуге, тілдің өзіндік ерекшеліктерін үйретіп, оны қатынас құралы ретінде меңгертуге бағытталады. Студенттер экономика бойынша салалық басылымдарын, мерзімді баспасөз өнімдері мен ақпараттарды оқуға, дыбыстық материалдарды тыңдауға, іскери қарым-қатынаста еркін қолдану үшін мамандықтарына сай кәсіби тілді қатынас құралы ретінде игеріп шығады.

1.4.Постреквизиттері: «Қазақ тілі» пәнін қатынас тілі ретінде сапалы меңгерген студент алған білімін болашақ кәсіби еңбек жолында тілдік қатынаста еркін қолдана алады.

1.5. Пәннің мазмұны:

Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.

1.5. Пәннің мазмұны:

Ұсынып отырған курс мазмұны студенттерді экономика тақырыптарымен молынан таныстырады. Сонымен қатар танымдық- тәрбиелік тұрғыдағы кәсіби техникалық мәтіндерді аудару тәсілдеріне үйрететін әр түрлі жаттығу жұмыстары мен тапсырмалары жүйелі түрде ұсынылады. Курстың мазмұны кәсіби тілді меңгертумен қатар, кәсіби бағдарлы мәтіндерді аудару тәсілдеріне үйретуге бағытталған.

  • Өндіріс, өндіріс экономикасын ұйымдастыру, өндіріс процесі, ресурстар, т.б. туралы;

  • Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік туралы;

  • Кәсіпкерлік және кәсіпорын туралы;

  • Меншік және экономикалық жүйе туралы;

  • Қазақстандағы реформа туралы;

  • Тауар, құн, ақша, бағалар, тарифтер, т.б. туралы;

  • Нарық және нарықтық қатынастар туралы;

  • Бәсеке, нарықтық бәсеке, монополия түсінігі туралы;

  • Фирма және кәсіпкерліктің негізгі формалары туралы;

  • Менеджмент, маркетинг теориясы туралы;

  • Еңбек ресурстары, өндіріс шығыны, өндіріс пайдасы, жалақы, т.б. туралы.