Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалай да қажет деп тілемейді. XX ғ. басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді. Экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Соғыс біткен соң одан бас тарту бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты (1929-1933 жж). Кейнс және оның мектебі осы жағдайды дұрыс түсініп, экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды. АҚШ-ғы Рузвельттің курсы практика жүзінде олардың қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді.

Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық сипатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пинечет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.

Әлем тәжірибесінің дәлелі бойынша, тауар ондірісінің дамуында меншік формасы ешқашан шешуші бастама болған емес. Нарық шаруашылығының негізін құрайтын бәсекенің өзі меншік формасына парықсыздықпен қарайды. Бұл бекер емес, өйткені меншіктің екі формасы да мыңдаған жылдар бойы біртұтас мәннің көрінісі болып келеді. Меншік формаларының эволюциясы қоғамдық өндіріс процесінде жүріп отырады.

Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына атсалысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.

Тіпті меншікте капиталдың үлес салмағының тұрақты түрде төмендеу тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың күрт көбеюі байқалады. Акционерлік капиталдың құрылымында өзгерістер болып жатыр. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің үлес салмағы азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі төмендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді.

Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі -тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді жеңілдетеді. Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тон айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі жоне оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дуниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра кұбылыстарды ашты.

Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын шараларды таңдау арқылы жүзеге асырылуы. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін өзгерістерді қабылдайды. Реформалау болмыстың рухани-өнегелік, әлеуметтік, психологиялық жақтарын қозғайды. Реформалау өз мақсатына жету үшін халық өмірінің ақиқатынан қол үзбеу керек. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның өркениет ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. Қазақстанда көп мәселе дәстүрлік қоғамнан деуге болады. Өйткені осы қоғамның белгілері бізден табылып отыр.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Реформалау бір түрінен басқасына өту, меншік формасының өзгеруі, нарық механизмдеріне негізделу, еркін нарықпен реттелу, экономикалық үлгі, өзін өзі жою, мәжбүр болу, реттелген нарық механизмі, экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық дағдарыс, қажеттігін ұсыну, қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу.

3–тапсырма. Жаңа сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Меншік, экономика, бағыт, өзгеру, жүргізілу, кедергі, ету, сипат, икемділік, әкімшілік, орнау, жеке, негіз, бұйрық, үлес қосу, мерзім, экономикалық, саяси, шешім, үстемдік.

4–тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?

Әлем тәжірибе, шешуші бастама, біртұтас мәннің көрінісі, меншік формаларының эволюциясы,өндірістің шоғырлануы, меншіктің орталықтануы, заңды тұлға.

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Реформалау дегеніміз не? 2. XX ғ. басына қарай еркін нарық механизмінің орнына қандай механизм келді? 3. Экономиканы мемлекеттік реттеу қашан пайда болды? Одан бас тарту неге әкеліп соқты? Ол қашан болды? 4. Кім экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды? 5. КСРО-да қашан әкімшілік экономика орнады? 6. Қандай меншік жағдайында? 7. Бұйрық экономикасы осы жылдары қай елде орнады? Кейін осы жағдай қай елде қайталанды?

6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1.Меншікте капиталдың үлес салмағының тұрақты түрде ... тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың ... байқалады. 2. Акционерлік капиталдың құрылымында ... болып жатыр. 3. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің ... азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі төмендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді. 4. Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі-тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді... .

Тірек сөздер: 1. өзгерістер; 2. үлес салмағы; 3. жеңілдетеді; 4. күрт көбеюі.

7- тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1.Реформа жүргізу (со стороны) субъективтік акт болып көрінеді. 2. Оны жүргізудің (всемирный опыт) осы процестерді анықтайтын бірсыпыра кұбылыстарды ашты. 3. Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын через выбор мероприятий) жүзеге асырылуы. 4. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін (изменения) қабылдайды. 5. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның (цивилизация) ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. 6. Қазақстанда көп (проблема) (от традиционного общества) деуге болады.

8-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.

1.Акционерлік капиталдың құрылымында өзгерістер ... . 2. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің үлес салмағы ... . 3. Меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі ... . 4. Компанияны басқару менеджерлерге ... .