Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Ақшаның қызметтері

Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.

Ақшаның пайда болуымен байланысты, жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге болады. Бұл процесте ақша сарапшы және айналыс құралы кызметін атқарады. Ақшаның айналыс процесіңдегі сарапшылығының арқасыңда, тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады.

Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша ғана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.

Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.

Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек коғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

Құн өлшеушісі қызметін атқарғанда, ақша тауарлардың құндарын оларды өзара салыстыра отырып өлшейді. Заттың құнының ақшалай түрі, оның бағасы болып табылады. Тауардың бағасын белгілеу үшін нақтылы ақша қажет емес, бұл оймен, идеалды түрде белгіленеді. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды біркелкі өлшемге келтіру керек. Яғни, бір масштабқа жатқызу қажет. Бұрын баға масштабы деп осы елде ақша бірлігі ретінде және басқа тауарлардың бағаларының өлшеушісі ретіңде пайдаланатын металдың салмақ мөлшері қолданылатын. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатын, заңмен бекітілген, ақша бірлігі пайдаланылады. Ақшаның осы қызметі арқылы, жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі жүзеге асырылып отырады, экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін өлшеп есептеу қамтамасыз етіледі. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға мүмкіндік берген және қоғамдық байлықтың көрінісіне айналған. Байлық жинауды мақсаттау ақша жинауды, оларды қазынаға, қорға айналдыруды талап еткен.

Бұл қызметті толық бағалы және нақтылы ақша атқарған. Ақшаның белгісі қор жинау қызметін атқара алмайды, ол бұл қызметті жинақтау қызметіне айналдырады. Жинақ түріндегі ақша тауарларды сатқаннан соң сақталған және оның иесінің болашақта сатып алу қабілетін қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. Ақша өте өтімді құрал болғандықтан, ол байлықты сақтаудың қолайлы формасы болып табылады (әрине қарқын алып келе жатқан инфляция кезінде бұл шығынға ұшыратады).

Айналыс құралы болып табылатын ақша қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Ақшаның қызметі, жеке/мемлекеттік экономикалық жоспарлау, мүмкіндікті жүзеге асыру, экономикалық қорлар, ағымдардың көлемін өлшеп есептеу, толық бағалы ақша, тауар сатып алуға мүмкіндік беру, қоғамдық байлық, байлық жинауды мақсат көру, ақша жинау, қазынаға/қорға айналдыру, толық бағалы/нақтылы ақша.

3-тапсырма. Сөздерді тіркестіре отырып, 2-3 сөйлем құрастырыңыздар.

Ақша, заман, қызмет, құн, өлшем, айналым, жинақ, тауар, пайда болу, айналыс, кызметін атқару, айырбасталу жою.

4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?

Нақтылы ақша, ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша, ақшаның белгісі, ақша материалының белгілі мөлшері, қағаз ақшалар.

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Заттың құнының ақшалай түрі не деп аталады? 2. Ақшаның белгісі кор жинау қызметін атқара ала ма? 3. Ол бұл қызметті қандай қызметке айналдырады? 4. Ақша қандай құрал? 5. Ақшаны байлықты сақтаудың қолайлы формасы деген дұрыс па?

6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыз.

1. Ақша ... дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті. 2. Құн өлшеушісі қызметін аткарғанда, ақша тауарлардың құндарын оларды өзара ... отырып өлшейді. 3. Заттың құнының ақшалай түрі, оның ... болып табылады. 4. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатын, заңмен бекітілген, ... пайдаланылады.

Тірек сөздер: бағасы, салыстыра, ақша бірлігі, сауданы.

7-тапсырма. 5-тапсырмадағы сұрақтарды пайдалана отырып жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар. Рөлдер бойынша оқыңыздар.

8-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1.Байлық жинауды мақсат ету (накопление денег), оларды (казна, фонд) айналдыруды талап еткен. 2. Бұл қызметті (полноценные) және (наличные) ақша атқарған. (Денежные знаки) кор жинау қызметін атқара алмайды. 3. Ол бұл қызметті (накопление) қызметіне айналдырады. 4. Жинақ түріндегі ақша (после реализации товаров) сақталған және оның иесінің болашақта (покупательская способность) қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. 5. Ақша өте өтімді (средство) болғандықтан, ол байлықты сақтаудың (удобная форма) болып табылады.

9-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.

1.Ақша арқылы жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі ... , экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін ... . 2. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға ... .

10-тапсырма. Аударыңыздар.

Деньги - это особый товар, служащий всеобщим эк­вивалентом.Деньги являются товаром потому, что по своему про­исхождению они стихийно выделились из всей массы товаров в результате развития обмена. В зависимости от исторических условий роль денег у различных наро­дов выполняли разные товары — скот, меха, шкуры и др. С течением времени роль денег перешла к благо­родным металлам, которые обладают однородностью, делимостью, сохраняемостью и портативностью, что делает их наиболее пригодными к выполнению денеж­ных функций.Деньги выполняют ряд функций, в которых прояв­ляется их сущность. Деньги служат:

  1. мерой стоимости;

  2. средством обращения;

  3. средством образования сокровищ;

  4. средством платежа;

  5. мировые деньги.

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[66-69]

Бақылау сұрақтары:

1.Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?

2. Жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге бола ма?

3. Бұл процесте ақша қандай кызмет атқарады?

4. Қандай ақша айналыс құралы қызметін атқара алады?

5. Қағаз ақшалар бірінші пайда болған ба, әлде толық бағалы емес монеталар пайда болған ба?

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Ақша жүйесі

Ақша жүйесі дегеніміз – жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

• ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;

  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

  • нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

  • ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі металл атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір металл. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады.

Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим - б.д.д. V-III ғғ.), күміс (Ресей - 1843-1852 жж; Голландия, Үндістан -XIX ғ.), алтын (Англия - XVIII ғ. аяғынан, басқа елдер - XIX ғ. аяғынан).

Алтын метализмі алтын монеталық стаңдарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, құн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесегі құнының мөлшерімен шектелген.

Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтынатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын.

Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.

1944 ж. құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция құнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауысатындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 ж. Орталық банктер үшін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған.

Осы күнгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. Бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы XX ғ. олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері, несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады.

Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым заңдары әрекет етеді. Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.

Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Ақша жүйесі, ақша табиғаты, ақша айналымы, ақшаның атқаратын қызметі, ақша айналымы, артық шығарылған ақша, борыш куәліктері, несие ақшасы, алтынның құны

3-тапсырма. Сөздерді тіркестіре отырып, 2-3 сөйлем құрастырыңыздар

1.Ақша, жүйе, бірлік, баға, белгі, сипат, валюта, ұлттық, қаржы, несие

2.Шығару, қамтамасыз ету, айырбастау, ұйымдастыру

4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?

Алтын метализмі, алтын монетасы, құйма алтын, алтын девиздер стандарты, алтын қоры, қағаз ақша, алтынға айырбасталу, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі, доллардың алтынға айырбасталуы.

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ақша жүйесі дегеніміз не? Оның негізгі элементтерін атаңыз. 2. Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, қандай органдар жүргізеді? 3. Металдық ақша жүйесі қанша типке бөлінеді? 4. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін қанша және қай металл атқарады? Монометализм тұсында ше? 5. Биметализм жүйесі ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қайда кең тараған? 6. Монометализм деген не? 7. Алтын метализмі алтын монеталық стаңдарт формасында қай уақытқа дейін болды? 8. Сол дәуірде алтын монетасы қандай болған, қалай айырбасталған? 9. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қандай стандарттар пайда болды? 10. Қай ел қандайсы стандартарды енгізді? 11. Құйма алтын кесек стандарты тұсында алтын монетасының еркін соғылды ма? 12. Қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы туралы айтып беріңіз.

6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1.Металдық ... негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. 2. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін ... атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында -... . 3. Биметализм жүйесі ... ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. 4. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім:

Тірек сөздер: Еуропада, мыс, күміс, алтын, екі металл, тек бір металл, ақша жүйесі.

7-тапсырма. 5-тапсырмадағы сұрақтарды пайдалана отырып жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар. Рөлдер бойынша оқыңыздар.

8-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1.Осы күнгі (кредитные деньги) борыш куәліктері құрайды. 2. Бұлардың (разница от наличных денег), олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. 3. Ақшаның (особая природа) мен және (их функции) қатаң айқындалған. 4. Ақша (оборотные) заңдары әрекет етеді. 5. Айналысқа (излишние деньги) қазына қоймасын толықтырады.

9-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.