Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.

Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін табиғат заттарын өңдеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады.

Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті немесе нысанды өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте көп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар. Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бүлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және өндірістің заттық факторы - еңбек заттары жоне еңбек құралдары болып бөлінеді. Қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.

Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады.

Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.

Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі - қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзқарастың қолданылуы.

Өндіріс факторлары қоғамның даму процесінде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайды.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

  1. Өндіріс, зат, құрал-жабдық.

  2. Қоғам, фактор, жер, еңбек, капитал, кәсіпкер, қызмет.

  3. талдау, даму, процесс, өзгеру

3-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?

жұмыс күші, еңбек заттары, еңбек құралдары, адамның қабілеті.

4-тапсырма. Мына сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіздер.

1. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды ма?

өндіріс

  1. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті немесе нысанды қандай факторлар деп атайды?

өзіндік

  1. Қандай игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады?

иә

  1. Әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген қандай факторлар болады?

материалдық

5-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

  1. Өнім ... адам табиғат нысандарына әсер етеді. 2. Табиғат нысандарына өзінің ... қанағаттандыратындай форма береді. 3. Өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін ... өңдеу болып табылады. 4. Өндірістің осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын ... .

Тірек сөздер: 1. материалдық қажеттерін; 2. сақталады; 3. табиғат заттарын; 4. өндірісінде

Әдістемелік ұсыныстар: Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[29-33] 7.Нег.[37-38]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай процесс өндіріс деп аталады?

  2. Өндірістің қызметі не?

  3. Өндіріс факторлары деп нені атайды?

  4. Марксистік теория факторларға нелерді жатқызады?

  5. Өндірістің жеке факторы деген не?

  6. Өндірістің заттық факторы қалай бөлінеді?

  7. Маржиналистік теория өндіріс факторларын қанша топқа бөледі?

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.