Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарықтың түрлері

  1. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша мынадай нарықтар болады:

  • аймақтар ішіндегі;

  • аймақаралық;

  • республикалық;

  • республикааралық;

  • халықаралық (әлемдік) нарықтар.

Осыңдай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.

  1. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

  • монополиялық;

  • олигополиялық;

  • салааралық нарықтар.

  1. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:

  • көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.

  • Бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар - жеке азаматтар ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: жеке шаруашылық қожалықтары, фермерлер, агрокешендер т.б.

Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын зауыттар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі - коммерциялық орталықтар, биржалар.

  1. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

  • заңды, ресми нарықтар;

  • заңды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б. Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді.

  1. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:

  • тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;

  • қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер: тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.

  1. Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:

  • жылжымайтын мүліктер нарығы;

  • еңбек құралдарының;

  • шикізат пен материалдардың:

  • қуат ресурстарының;

  • пайдалы қазбалардың нарықтары.

  1. Қаржылар нарығы:

  • капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

  • несие нарықтары;

  • құнды қағаз нарықтары - акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар және фьючерстік контрактілер, т.б.;

  • валюта-ақша нарықтары.

  1. Интеллектуалдық өнімдер нарығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

  2. Жұмыс күші нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.

  3. Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Сөздік:

кәсіпорын – предприятие

ұйым – ұжым

шикізат – сырье

кешен – комплекс

ғимарат – здание

жылжымайтын – недвижимый

2-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1.нарық а.сауда

2.аймақтық ә.заңдылығы

3.қаржылар б.мүлік

4.экономика в.құралдары

5.жылжымайтын г.нарығы

6.еңбек ғ.өнім

7.интеллектуалдық д.нарықтар

8.көтерме е. қатынасы

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Нарық қатынастарының субъектілерінде қандай нарықтар болады? 2. Көтерме сауданың неше түрі болады? 3. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан қандай нарықтар болады? 4. Тауарлар мен қызметтер нарығына нелер жатады? 5. Өндіріс факторларының нарығына не жатады?

4-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Основатель, универсал, развиваться, начали выпускать, введен, объединилась, рекламировали, большинство, массовый, не заказывал.

5-тапсырма. 4-тапсырмадағы сөздердің аудармасымен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар: мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[78-80] 2 нег.[79-81]

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша қандай нарықтар болады?

2. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша қандай нарықтар болады?

3. Өндіріс факторларының нарығына жататындарды атаңыздар.

4. Қаржылардың нарығының не жатады?

5. Көтерме сауданың қанша түрі болады?

6. Интеллектуалдық өнімдер нарығына жататындарды атаңыздар.

7. Тауарлар мен қызметтер нарығына жататындарды атаңыздар.

8-апта. 24-тәжірибелік сабақ

Аралық бақылау

9-апта. 25-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.