Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарық қызметтерінің шарттары

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылык құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу, криминалдык әрекеттердің жандануы - рэкет, мемлекеттік-коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердін көбейуі. т.б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.

Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:

  • меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте (құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол беру керек;

  • мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес;

• үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын, өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық инфрақұрылым жасау.

Сөздік:

шарт – условия

шаруашылық – хозяйство

меншік – собственный

кедергі – препятствие

қаржы – финансы

2-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

1939 жылы (изобретатель) Лютер Джордж Симиян банкомат ойлап тапты. Лютер Джордж Симиян өз идеясының қолданыс табуы үшін «Ситигруп» корпорациясын (создал). Бірақ алты айдан кейін банк банкоматтарға (спрос) төмен екендігін (заявил). Дон Ветцельдің де патенті болды және жаңа үлгідегі банкомат концепциясын (создатель) болды. Банкомат жасап шығаруға және жетілдіруге 5 млн. доллар және (несколько лет) (потребовалось).

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді кестеден алып қойыңыздар.

1.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы .... атқарады. 2. Олардың айналыста ұлғаюы .... қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. 3. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және .... тез икемді болып келеді. 4. Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың .... болып табылады. 5. Қағаз ақшалар бюджет .... жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металмен ауыстырылмайтын, мемлекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. 6. Алғашқы қағаз ... Қытайда пайда болды.

1.

А. қызметін

Ә. қызметіне

Б. қызметінің

В. қызмет

2.

А. мемлекеттен

Ә. мемлекетті

Б. мемлекеттің

В. мемлекетпен

3.

А. құнсыздану

Ә. құнсыздан

Б. құнсыздануды

В. құнсыздануға

4.

А. өкілдерімен

Ә. өкілдерінен

Б. өкілдерін

В. өкілдері

5.

А. тапшылығын

Ә. тапшылығына

Б. тапшылығынан

В. тапшылығының

6.

А. ақшалар

Ә. ақшаларды

Б. ақшалардың

В. ақшалармен

5-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыздар.

Басы

Аяғы

1.Нарық қызметтерінің

1.айырбас құралы болып табылады.

2.Инфляция ұдайы өндіріс процесіндегі

2.бір-бірінен бөлінбейді.

3.Кез келген тауар айналысында ақша

3.ақша айналысы да болмайды.

4.Тауар және ақша

4.бағаның өсуі ретінде анықталады.

5.Ақша айнасылы болмаса, онда

5. белгілі шарттары болады.

Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[73,74]

Бақылау сұрақтары:

1. Нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылықтың себептері қандай?

2. Өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттарды атаңыз.

3. Меншіктің алуан түрлі формаларын атаңыздар.

4. Нарықтық инфрақұрылым біріктіретін негізгі элементтерді атаңыздар.

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.