Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарықтық экономиканың үлгілері

3-бөлім

Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауылшаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984ж. аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді. Бұл ауылдың ілгері дамуы.

Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған болатын. Осы үлгінің мәні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында әрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді және үш жақтың мүдделерін ұштастырады - мемлекеттің, кәсіпорынның және жұмыскердің мүдделері. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару - пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылық байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық реттеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.

Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.

Өнеркәсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% - ұжымдық кәсіпорындарда және 5% - жекеменшік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорындарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.

Сөздік:

мердігер – подрядчик

мүдде – интерес, желание

ұштастыру – соединить, связать

жетілдіру – совершенствовать

нығайту – укрепить, закрепить

2-тапсырма. Мәтіннен экономика және нарық сөзіне қатысты тіркестерді теріп жазыңыздар.

3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыздар.

Басы

Аяғы

1. «Халық коммунасының» орнына

1. көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады

2. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы

2. өнеркәсіптің дамуын жандандырды

3. Реформа 1984 жылдан

3. артық өнімдер өндіру молайды

4. Экономикалық реформалар ауылда

4. қалада басталды

5. Бұның нәтижесінде жоспардан

5. отбасы мердігерлігі келді

4-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөздердің бірнешеуін теріп жазыңыздар

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. «Қытайлық үлгіні» қалай түсінесіз?

  2. Отбасылық мердігерлік деген не?

  3. Қытай ғалымдары қандай үлгіні ұсынды?

  4. Реформалау қай жылдан басталады?

  5. Өнеркәсіпті дамытуда Қытай нешінші орынға шықты?

Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[89-90] 6 нег.[45]

Бақылау сұрақтары:

1. Қытайда экономиканы реформалау қай саладан басталды?

2. Отбасының мердігерлігі шаруашылықты кімдердің күшімен және қандай жұмысты істеуге жүргізуге негізделген?

3. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың қандай үлгісін жасады?

4-модуль НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Бәсеке

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратып экономикалық жарыс. Шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капитадды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

  • өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

  • бәсекеге төзімді өнім өндіру;

  • өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;

  • пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

• өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

  • кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

  • ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

Сөздік:

бәсеке – конкуренция

нәтиже – результат

күрес – борьба

сұраныс – спрос

қор - фонд

2-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бәсеке, өндірістің өсуі, өнім өндіру, сұраныс, тапсырыс, шикізат, бағаның шарықтауы, бағаның төмендеуі.

3-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Кемелдену, іс-қимыл, қолайлы, әдіс, ұдайы, төзімді, орны, уақыты, пайдалану, елеулі, бәсеңдеу.

4-тапсырма. Сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Кемелдену, қолайлы, ұдайы, төзімді, орынды, пайдалану, елеулі, бәсеңдеу.

5-тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[91-92]10 Қос.[49-50]

Бақылау сұрақтары:

1. Бәсеке дегеніміз не?

2. Өндірістің өсуі циклі дегеніміз не?

3. Кемелдену циклі дегеніміз не?

4. Ескіру циклі дегеніміз не?

10-апта. 29-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.