Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Макроэкономика-өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардардың жиынтығы

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы және өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалык теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін (факторларды айқындау);

  • инфляцияның табиғатын талдау;

  • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

  • экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу;

  • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

  • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай түжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға -жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртүтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалык талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен түтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы түтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы каралуын талап етеді.

Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектілерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.

Микро және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.

Макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты — нарық экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік бағытталуын жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі мемлекеттік макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағыттауды қажет етеді:

  • тұрақты және тиімді экономикалық өсу;

  • жұмыспен толық қамтамасыз ету;

  • бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;

  • әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету;

  • мемлекеттің сауда жәнс төлем балансының тұрақты болуы.

2-тапсырма. Сөздіктен жұмыс жасаңыздар.

Өндіруші, тұтынушы, іс-әрекеттері, мотивация, бәсеке, тауар нарығы, өндіріс факторлары ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау, ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамту, реттеу, инфляцияның табиғатын талдау, экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу, экономикадағы циклдық ауытқулар, конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу, ұлттық экономика, сыртқы экономика, өзара әсер экономикалық процес, құбылыстарды зерттеу

3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

Макроэкономика дегеніміз де? Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер қандай? Жеке-жеке атап көрсетіңіздер. Макроэкономикалық саясат дегеніміз не?

4-тапсырма. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Макроэкономикалық өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді. 2. Макроэкономикалық экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады. 3. Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады. 4. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері агрегатталған жиынтықтар деп қаралады. 5. Микро және макро-дәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады.

5-тапсырма. Мына сөз және терминдерді қатыстырып бірнеше хабарлы және сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

Макроэкономика, өндірушілер, зерттейтін, экономикалық теория, ұлттық өнім, негізгі мәселе, өндіріс факторлары, нарықтар жүйесі, тұтынушылар, негізгі мақсаттары.

6-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.

1. Макроэкономика ... тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып ... . 2. Экономикалық ..., мен құбылыстарды ... макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері ... . 3. Нарықтың экономикалық ... субъектілері агрегатталған жиынтықтар деп ... . 4. Макроэкономикалық ..., экономиканың болмысы мен белгілейтін субъектілердің саны ... . 5. Микро және макродәрежеде ... және нормативтік экономика ...

Тірек сөздер: табылады, болады, экономиканың, процестер, қаралады, негізі, талдауда, көбейеді, позитивтік, зерттеудің, дамуын.

7 - тапсырма. Мәтіннің бірінші және үшінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар..

8 - тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Экономика адам өмірінің қай кезінен бастап араласады? 2. «Жақсылық жасасаң да қайтады, жамандық жасасаң да қайтады» - бұл ұғым, экономикаға қатысты деп ойлайсыз ба? 3. «Жақсылық жасау үшін кешікпе» - дейміз, оны экономикада қалай түсінуге болады?

4. «Біреуге жамандық жасасаң, алдымен орға өзің түсесің» деген мақалды экономикада қалай түсінуге болады? 5. Тұрмысқа шыққанда, үйленгенде экономика керек пе?

9 - тапсырма. Экономика терминімен басқа 10-шақты терминді еске түсіріңіздер де дәптерге жазыңыздар. Олармен сөйлем құрастырыңыздар.

10 - тапсырма. Досыңызбен мемлекеттің экономикалық саясаты туралы пікірлесіңіз.

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[213, 216] 10 Қос.[57, 58]

Бақылау сұрақтары:

  1. Макроэкономика дегеніміз не?

  2. Макроэкономикалық жәрижеде зерттелетін негізгі мәселелер қандай?

  3. Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің қандай ерекшеліктері болады?

  4. Микро және макро дәрежеде қандай экономика талданады?

  5. Макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты не?

15-апта. 44-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.