Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Фирманы басқару

Фирманы басқару оның құрылымының жасалуын талап етеді. Құрылым - басқарудың әр түрлі дәрежелері мен фирмалардың бөлімшелері арасындағы тұрақты байланыстар. Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтар кешендері шешіліп отырады. Осы замандағы ірі фирмаларда басқару жүйесі төрт сатыдан тұрады:

  • директорлар кеңесі;

  • президент, вице-президент, басқа басқарушылар;

  • функционалдық штабтар мен қызметтер;

  • орындаушылар.

Директорлар кеңесі — бас орган. Ол фирманың жалпы саясатын белгілейді. Оны құрайтын 10-20 адам акционерлер жиналысында сайланады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің фирманың экономикалық, қаржылық және құқықтық қызметтері үшін иңдивидуалдық және ұжымдық жауапкершілігі болады.

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

  • өндірістік менеджмент;

  • қаржы менджменті;

  • нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жұмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.

Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын, табыстардың барынша мол болуын және шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.

Нарықтық менеджмент - маркетинг - бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша - нарық) нарықтарды таңдау үшін, нарыққа кірудің уақыты мен әдістері үшін жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін баға саясаты үшін жауапты болады.

2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Фирманы басқару, фирмалардың бөлімшелері, басқару жүйесі, директорлар кеңесі, құқықтық қызмет, қаржы менеджменті.

3-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыздар.

1.Фирманы (управлять) оның құрлымының жасалуын талап етеді. 2. Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтар (комплекс) шешіліп отырыады. 3. Осы замандағы (крупный) фирмаларда басқару (система) төрт (ступень) тұрады. 4. Директорлар (совет) – бас орган. 5. Ол фирманың жалпы (политика) белгілейді. 6. Менеджмент (структура) үш бөлімнен тұрады.

4-тапсырма. Егер сіз шенеулік болсаңыз, қандай экономикалық мәселені шешетін едіңіз. Пікір талас ұйымдастырыңыздар.

5-тапсырма. Мәтін негізінде сұхбат құрастырыңыздар.

6-тапсырма. Сөйлемді күрделендіріңіздер.

1.Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтары болады. 2. Ірі фирмалардың басқару жүйесі бар. 3. Директорлар кеңесі – бас орган.

7-тапсырма. Мына сөздерді синонимдерін табыңыздар.

Менеджмент, басқару, маркетинг, рынокты зерттеу, акция.

8-тапсырма. Мақалдарды оқыңыздар да, олардың мағынасын экономикалық терминдер арқылы беруге тырысыңыздар.

1.Кіріс шығыссыз болмайды. Шығысы шықпай, кірісі кірмейді. 2. Ақшаны ақша жасайды. 3. Қымбат сатып байымас, арзан сатып арымас. 4. Саудада әділ бол, әділ байлық бағың - ол.

9-тапсырма. «Мен таңдаған мамандық», «Қазақстандағы экономикалық жағдайлар» деген тақырыптар төңірегінде пікірталас өткізіңіздер.

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[139, 140]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік менеджмент қандай жүйе болып табылады?

2. Қаржы менеджменті деген не?

3. Нарықтық менеджментке анықтама беріңіздер.

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.