Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Пайда және оны белгілейтін факторлар

Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.

Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады.

Пайданың өзі кәсіпкердің іс-әрекетінің нәтижесі деп танылады.

Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:

  • Бөліп тарату - орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымын қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;

  • ынталандыру - өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.

Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:

  • бухгалтерлік пайда — сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған сон, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;

  • экономикалық (таза) пайда — фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң қалғаны;

- баланстық пайда — өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп және пайдаланудың көзі болып табылады.

Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол пайда деген түсініктер бар.

Пайданың әр алуан түрін талдай отырып, кәсіпорынның пайдасын өсіруге жол ашатын жағдайлар тудыратын көрсеткіштер есептелінеді: рентабельдіктің коэффициенті, өткізудің рентабельдігі, меншікті капиталдың табыстылығы, өнім рентабельдігі т.б. сипаттамалар.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Нарық экономикасында пайда қандай орын алады? 2. Пайданың өзі кәсіпкердің іс-әрекетінің нәтижесі деп танылады ма? 3. Фирманың пайдасы қандай қызметтер атқарады?

4. Жалпы пайда дегеніміз не?

3-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Нарық, фирма, кәсіпкер, ынталандыру, өндірілген тауар, фирманың пайдасы, банкротқа ұшырау, өндіріс шығындары, техникалық жаңалықтар, жалпы пайда, баланстық пайда, капиталдың табыстылығы.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

5-тапсырма. Мақалдарды оқыңыздар да, олардың мағынасын экономикалық терминдер арқылы беруге тырысыңыздар.

1. Ақшаны ақша жасайды.

2. Шығасыға иесі басшы.

3. Береген қолым алаған.

4. Кіріс шығыссыз болмайды.

5. Шығысы шықпай, кірісі кірмейді.

6. Қымбат сатып байымас,

Арзан сатып арылмас.

7. Саудада әділ бол,

Әділ байлық – бағың ол.

8. Ұрлық-қарлықтан жирен, онан да,

Сауда-саттықты үйрен.

9. Алмасаңда саудалас.

10. Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал.

11. Артық олжа – басқа еңбек,

Оңай олжа – тұрмас қолға.

12. Шөмелені шөбім бар деме,

Несиені малым бар деме.

13. Жалғыз аттың пайдасы көп,

Жалғыз жігіттің айласы көп.

Даналар сөзін тыңдайық.

Жамандықтың үлкені – пайдакүнемділік. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.

В.А.Сухомлинский.

Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы.

Абай.

Әр адамның құдайы - өзінің ары.

Менандр.

6- тапсырма. Олжа сөзі пайда сөзіне синоним бе? Түсіндірме сөздікті пайдаланып «олжа» сөзін талдаңыздар.

7-тапсырма. Нарық экономикасы туралы досыңызбен пікірлесіңіз.

8-тапсырма. Пайда сөзімен түбірлес сөздерге назар аударыңыздар. Пайдакер – қарыз алған айлакер, қарыз берген пайдакер. Пайдақұмарлар алтынға бай кен орындарын сатып алды.

Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[172-173]

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндіріс тиімдері қалай айқындалады?

  2. Өнімділік дегеніміз не?

  3. Көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады ма?

  4. Өнімділік өсудің қандай жолдары бар?

14-апта. 42-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Жалақы

Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда - еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы деп есептеледі. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының кандайы болмасын,ол соның іс-әрекеті деп түсініледі. Осы бағыттан қарағанда, елдің ұлттық табысының көлеміңдегі жалақының үлесі елеулі болады.

Жалақының жалпы (орташа) дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары жатады. Осымен қатар еңбек нарығындағы бәсекенің әр түрлі факторлары, кәсіподақтарының ықпалы, мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты, кәсіпкердің жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары, қолданылып жүрген еңбекақы жүйесінің ерекшеліктері әсер етеді.

Жалақының нақты ставкалары, нарық экономикасында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленеді. Таза бәсеке нарығы мына жағдайларды талап етеді: жұмыскерлерді жалдайтын бәсекелес фирмалардың көп болуын, жұмыс орнын таңдауда балама мүмкіңдігі болатын, бірдей квалификациясы бар жұмыскерлерлердің көп болуын, жалақының нарықтық ставкасына кәсіпкерлер мен жұмысшы жағынан бақылаудың болмауын, жұмыссыздық пен кәсіподағының ықпалының болмауын талап етеді. Осындай жағдайларда балама жұмыс орындарынан еңбектің осы түріне жаңа жұмыскерлерді тарту үшін фирмалар жалақы ставкаларын көтеруге мәжбүр болады. Жалақы ставкасы уақыттың балама пайдалану мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болған шығыңдарды өтеуге (орнын жабуға) тиісті. Жоғары дәрежедегі жалақы осы жұмыс орнына көп жұмыскерлер тартады. Бірақ кәсіпкерлердің әрқайсысы жалпы жалақы ставкасына ықпал етпейтін жұмыскерлер санын жалдайды.

Жалақыны реттеуге мемлекет пен кәсіподақтар елеулі әсер етеді.

Дамыған елдерде салыстырмалы жоғары жалақы қамтамасыз етіліп, олардың осы замандағы рөлі елеулі өсіп отыр.

Жұмыскерлерді жоғары өнімділікке және еңбектің тиімділігіне ынталандыратын сыйақымен қамтамасыз ету принциптерін таңдауда, еңбекақы жүйесінің реформасы кәсіпорындарына дербестік береді, отандық жалақы жүйесін құруда шетел кәсіпкерлерінің тәжірибесін пайдалану артық болмайды.

2-тапсырма. Мына сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, сөз тіркестерін көбірек құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Мына сөздерді қатыстыра отырып сұхбат құрастырыңыздар.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының қандайы болмасын, ол соның іс-әрекеті ... .

2. Жалақының жалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты ... .

3. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары ... .

4. Жалақының нақты ставкалары, нарық экономикасында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынысымен ... .

5. Жалақыны реттеуге мемлекет пен кәсіподақтар елеулі ... .

5-тапсырма. Мәтіннен антонимдерді тауып қарама-қарсы сөздерін жазыңыздар.

Үлгі: кең-тар т.б.

Әзіл әңгіме

«Бұрын да өспеген, биыл да өскен жоқ, болашақта да өспейді, ол не?» - деп жұмбақ жасырыпты бастық, қарамағындағылардың көңілін көтермек болып. Бір қызметкер қулау екен: «Біздің жалақымыз», - депті өтірік жұмбақ шешкен адам сияқтанып.

7-тапсырма. Жаңа сөз тіркестері мен күрделі сөздерді құрастырыңыздар.

Нарық, экономиялық теория, жұмыскердің жалақысы, еңбек, ұлттық табыс, ставка, жұмыспен қамту, еңбек нарығы, бәсеке, жұмыс орындары, кәсіпкер.

8-тапсырма. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының қандай болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсініледі. 2. Жалақының жалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты жіктеліп дараланады. 3. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары жатады. 4. Жалақы ставкасы уақыттың балама пайдалану мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болған шығындарды өтеуге тиісті. 5. Жалақыны реттеуге мемлекет пен кәсіподақтар елеулі әсер етеді.

Әдістемелік ұсыныстар: сұрақтарға жекелей, жұппен, топпен бірге жауап беруге дағдыланыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[182-185] 3 нег.[106, 134]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалақы жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы деп есептеледі ме?

  2. Жалақының нақты ставкалары ненің арақатынасымен белгіленеді?

  3. Таза бәсеке нарығы қандай жағдайларды талап етеді?

  4. Жалақы жүйесін құруда шетел кәсіпкерлердің тәжірибесін пайдалануға болады ма?

6-МОДУЛЬ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

15-апта. 43-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.