Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Меншік және иемдену заңдары

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Меншік пен иемдену жеке ұғымдар және олардың экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену –көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы орындалады: аңшылық, балық аулау, өңдіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесіңде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Тауар айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену де екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы - тауар айналымы және табыстарды болу арқылы жүреді.

Тауар айналымы заңдарында сәйкес, онімді жасаған жүмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына озіңдік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған өнім соның туындысы ретінде қаралатын болады.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Меншік қатынастары, иемдену қатынастары, салыстыру, иемдену, зат, қоғамдық әдіс. көпдәрежелі, күрделі, әлеуметтік-экономикалық процесс, кезеңі, қоғамның мақсаттары ынта, байланыста болу, еңбек өнімдерін иемдену, табыс алу, жүйе.

3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Меншік қатынастары мен иемдену қатынастарын не үшін салыстыру қажет? 2. Иемдену деген қандай әдіс? 3. Меншік пен иемдену бір ұғым ба? 4. Иемдену қандай процесс? 5. Иемденудің ең бастапқы кезеңін не құрайды? 6. Иемденудің әдісі және оның формаларын атаңыз.

4-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер ... етеді. 2. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге ... төмен болады. 3. ... айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі. 4. Ірі қоғамдық ... осы заңдарға негізделеді.

Тірек сөздер: тауар; өндіріс; икемділігі; тұрақты әсер.

5-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

Нарықтың субъектері тауарлардың (владелец, обладатель) болады. 2. Иемдену шарттары (меняются). 3. Иемденудің (способ) және оның формалары болады.

6–тапсырма. Аударыңыздар.

1.Форма собственности также накладывает отпечаток на формы хозяйства. Индивидуальная частная собствен­ности порождает домашнее хозяйство. 2. Групповая част­ная собственность дает возможность организации пред­приятия, их объединения (концерны, тресты). 3. Натурального хозяйство существовало за многие тысячелетия до нашей эры в Древнем Египте и Вавилоне, в античные века — в Гре­ции и Риме в условиях рабовладельческого строя, а за­тем в условиях феодализма. 4. Поместье помещика и крестьянское подворье представляли собой натуральное хозяйство. 5. Однако натуральное хозяйство продолжает существовать в наши дни, особенно в тех странах, кото­рые не отличаются достаточными индустриальными ус­ловиями развития и характеризуются наличием докапиталистических форм собственности (Индия, Китай, некоторые африканские страны).

Әдістемелік ұсыныстар: сұрақтарға жекелей, жұппен, топпен бірге жауап беруге дағдыланыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[41-44] 7 нег.[43-44]

Бақылау сұрақтары:

1. Тауар айналымы иемденудің қай әдісі болып табылады?

2. Ірі қоғамдық өндірісте иемдену қалай жүреді? Олардың формасы бірдей ме, әлде жоқ па?

3. Тауар айналымы заңдарында сәйкес өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндетті ме?

4. Тауарлардың меншік иесі кімдер болады?

3-апта. 9-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.