Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Кәсіпкерлік

жеке

мемлекеттік

Жеке кәсіпкер

Мемлекеттік (қазыналық)кәсіпорын

Өндірістік кооператив

Шаруашылық

серіктестік

Кәсіпкерліктің негізгі түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Түрлері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жеке кәсіпкерлік

- құрылу жолы оңай;

- еркін әрекет басымдылығы;

- өз табысын толығымен өзі иеленуі

- толық мүліктік жауапкершілік;

- ақша қаржыларының шектеулілігі;

- несие алудың шектеулі мүмкіндіктері;

- тар мамандандырылуы;

Шаруашылық серіктестік

- қызметін ұйымдастырудағы қарапайымдылық;

- қаржылық мүмкіндіктердің кеңдігі;

- мамандандырылудың жоғары деңгейі;

- өндірісті ұлғайту үшін қосымша инвестицияларды тарту;

- техникалық базаны жетілдіру.

- қызмет нәтижесі үшін әр қаты-сушының мүліктік жауапкершілігі;

- әріптестер мүдделерінің сәйкес келмеу мүмкіндігі;

- иелерінің бірі шығып кеткен жағдайда фирма күйреуінің тәуекелі.

Акционерлік қоғам

- капитал тартудың кең мүмкіндік-тері;

- шектеулі жауапкершілік;

- капиталды біріктіру артықшылық-тары.

- мемлекеттік тіркеуді ұйымдас-тырдың қиындығы;

- қосарлы салық салынуы;

- басқару мәселелерін шешуде көп уақыт пен қаржылар жұмсалуы.

Акционерлік қоғам – бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін қосымша қаржыларды тарту мақсатымен акциялар шығаруға негізделген серіктістік (кәсіпорын, мекеме).

Акция – бұл акционерлік қоғам шығаратын, айналым мерзімі көрсетілмеген, иесінің жарғы қорына үлес қосқанын куәландыратын және дивиденд түрінде табыс алу құқығы мен акционерлер жиналысында дауыс беру құқығын беретін құнды қағаз (қарапайым).

Акциялардың бақылау пакеті – бұл акционерлік қоғамды басқару құқығын беретін, белгілі бір акционердің жалпы акциялар санындағы акциялардың басым бөлігіне ие болуы ( 50%).

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдайтын Заңдар

- «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» (1992 ж.),

- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және даму белсенділігін арттыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы» (1997 ж.),

- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»,

- «Жеке кәсіпкерлік туралы».

Бұл заңдарда:

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңдық анықтамасы берілген;

- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары анықталған;

- өнімді тіркеудің, лицензиялау және сертификаттаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген;

- өндірілетін өнімге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде преференцияларды ұсыну тәртібі көрсетілген;

- заңды тұлға құрмайтын азаматтардың қызмет түрлері көрсетілген;

- қатысу сипатында болып, тіркейтін органда есепке қойылатын, мемлекеттік тіркеуден өтуді талап етпейтін қызмет түрлері көрсетілген;

- жеңілдетілген салық салу тәртібі көрсетілген;

- ҚР заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрімен айналысуға рұқсат берілгені көрсетілген.

4-тақырып. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі түрлері

Экономиканы ұйымдастырудың ең қарапайым түрі табиғи шаруашылық болып табылады. Табиғи өндіріс – бұл адамдар өнімді тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шығаратын өндіріс түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]