Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Жіө құнына есептелмейді:

Мемлекеттік трансферттік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, әлеуметтік

сақтандыруларды төлеу);

Қор нарығында құнды қағаздарды сату-сатып алу;

Ұсталған тауарларды алып-сату.

ЖІӨ шығындар мен табыстар бойынша есептеуге болады

Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үйге төлеу, түрлі қызметтер, ұзақ қолданылатын тауарлар, демалу және т.б. шығындар);

Фирманың инвестициялық шығындары (машина, құрал-жабдық, шикізат сатып алуға, құрылысқа жұмсалатын шығындар);

Мемлекеттік шығындар (тауарлар мен қызметтерді сатып алуға және инвестицияларға);

Сыртқы баланс сальдосы (экспорт және импорт арасындағы айырмашылық);

Инвестициялар жалпы және таза деп бөлінеді

Жалпы инвестициялар таза инвестициялар мен амортизациялық аударымдардан құралады.

Таза инвестициялар – бұл амортизациялық аударымдар алынып тасталғандағы жалпы инвестициялар.

Халық табысы (еңбекақы және жинақ ақша түрінде);

Корпорация пайдасы;

Рента және жалгерлік төлем түріндегі табыстар;

Жинақталған ақшалар бойынша пайыздық мөлшерлеме;

Кәсіпкерлік қызметке салынатын салық;

Амортизациялық аударымдар.

ЖІӨ көрсеткішіне баға деңгейінің өзгеруі қатты әсер етеді, сондықтан ЖІӨ былай бөлінеді:

- номинал ЖІӨ,

- нақты ЖІӨ.

Номинал ЖІӨ – өндірілген тауарлар мен қызметтердің нақты көлемін ағымдағы, берілген жылы пайдаланылатын бағалармен қамтып көрсетеді.

Нақты ЖІӨ – бұл негізге алынып отырған жыл бағаларын ескере отырып түзетілген номинал ЖІӨ. Негізге алынып отырған жыл деп ЖІӨ салыстырылатын жылды атайды.

Номиналды ЖІӨ нақты мәніне келтіру үшін екі индекс қолданылады:

- тұтыну бағалар индексі (ТБИ)

- ЖІӨ дефляторы.

Тұтыну қоржынының ағымдағы құны

ТБИ =

Осы қоржынның негізге алынып отырған жылдағы құны.

ЖІӨ ном.

ЖІӨ нақт. =

ТБИ.

Номинал ЖІӨ деңгейіне тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемінің нақты өсімі, бағалар құбылуы әсер етеді.

ЖІӨ дефляторы тауарлар мен қызметтерді өндіру бағаларының өзгеруін ескермей ЖІӨ мағынасын алу мүмкіндігін береді.

Номинал жіө

ЖІӨ нақт.=

ЖІӨ дефляторы

ЖІӨ дефляторының өзгеруі жалпы бағалар деңгейінің өзгеруін, яғни инфляция немесе дефляция процесін бейнелейді.

Номинал ЖІӨ-ді ТБИ немесе ЖІӨ дефляторы көмегімен түзету салыстырмалы есептерді жылдарға бөліп жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы таза өнім (ЖТӨ) – бұл амортизациялық аударымдардан «тазартылған» ЖІӨ.

ЖТӨ = ЖІӨ - А

ЖТӨ ішіне жанама салықтар енеді (ҚҚС, акциздер және кедендік баждар).

Егер ЖТӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды шығарып тастаса, онда алынған сома ұлттық табыс (ҰТ) шамасын көрсетеді.

ҰТ = ЖТӨ – жанама салықтар.

Ұлттық табыс – бұл өндіріс факторлары иелерінің табысы (рента, пайда, еңбекақы, кәсіпкерлік табыс).

Жеке табысты (ЖТ) есептеу үшін ҰТ мыналарды шығарып тастау керек:

  • азаматтарды әлеуметтік сақтандыру жарналары;

  • пайдаға салынатын салықтар,

  • кәсіпорындар мен фирмалардың бөлінбеген пайдасы,

  • дивидендтер,

  • трансферттік төлемдер,

  • алынған пайыздар.

ЖТ – табыс салығы = тұтыну мен сақтауға жіберілетін жеке басқарылатын табыс.

Елді басқару үшін мемлекет өмір сүріп жатқан шаруашылық ортаның жағдайы туралы оперативті, берік, сенімді ақпарат қажет. Бұл ақпаратты ұлттық есептер жүйесінен (ҰЕЖ) алуға болады.

ҰЕЖ – бұл өзара әрекеттескен макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіне негізделген, елдің ЖІӨ және ҰТ өндіру, бөлу, қайта бөлу және соңғы пайдалану процесін есептейтін, барлығын қамтитын жүйе.

ҰЕЖ бухгалтерлік есепте қолданылатын қағидаларға, яғни әр операцияны екі жақты жазу қағидасына сәйкес құрастырылады.

Ел экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес келеді;

Халықаралық салыстыру мәселелеріне сәйкес келеді;

Өндіру, бөлу, қайта бөлу және соңғы пайдалану сатысында ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, ЖТ өндірісін

көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]