Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Салық элементтері

Салық субъектісі (салық төлейтін адам), жеке немесе заңды тұлға;

Салық объектісі (не үшін төлейді), салық салу үшін негіз – табыс және мүлік, тауар, жер, т.б.),

Салық көздері (неден төлейді), еңбекақы, пайда, дивидендтер),

Салық мөлшерлемесі (салық мөлшері), шекті, жеңілдетілген, орташа, нольдік),

Салық жеңілдіктері – (салық мөлшерлемелерін азайту немесе салық төлеуден толығымен босату).

Салықтар жіктелуі

Алыну тәсілі бойынша

Тікелей –

Табысты немесе мүлікті алушылардан тікелей алынады (корпоративті салық, 30% жеке табыс салығы (5-тен 30% дейін) жер салығы, мүлік салығы (0,1-ден 1% дейін) және т.с.с)

Жанама–

Тауар бағасына қосылады және тауар сатылғанда тұтынушылардан алынады:(ҚҚС, акциздер).

Салық мөлшерін анықтау тәсілдері бойынша

Пропорционалды–

Салық мөлшерлемесі табыс мөлшеріне қарамастан өзгеріссіз қалады(корпоративті салық– 30 %ҚҚС– 15 %).

Прогрессивті–

Табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі де өсіп отырады (жеке табыс салығы (5-тен 30 % дейін).

Регрессивті–

Табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді

Салық сомалары түсетін бюджет деңгейі бойынша

Республикалық

Жергілікті

Пайдалану тәртібі бойынша

Жалпы –бір қазынаға түсетіндер

Мақсаттық –белгілі тағайындалуы бар

ҚР салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

I Кезең – «Қаз.ССР мемлекеттік салық қызметінің құрылуы туралы» Президент Жарлығымен (1991 ж.) Қаз. ССР басты мемлекеттік салық инспециясы құрылды;

  • салық бойынша заң шығарушы актілер пакеті қабылданды,

  • 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салықтар енгізілді.

II Кезең – 1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығымен «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы Заң» қабылданды, - салық салу жүйесі ықшамдалды, - салықтар саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды; - ҚҚС енгізілді.

III Кезең – (2001) – 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген жаңа ҚР Салық қодексі қабылданды. Мұнда:

  • салықтар саны – 9-ға дейін қысқартылды;

  • ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі енгізілді, 16 % қазір 15 % (20 % 10 % орнына);

  • есепке қою талаптары белгіленді;

  • экономиканың басым салаларына салық салу ерекшеліктері анықталды (аграрлық сектор, шағын бизнес, әлеуметтік сала);

  • халықаралық салық салу туралы ереже енгізілді;

  • негізі салық ережелері жүйеленді;

  • салық органдары мен салық төлеушілердің қарым-қатынастары регламенті көрсетілген дербес бөлігі, салықтық әкімшіліктендіру енгізілді;

  • салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне қою ережелері бекітілді;

  • салықтық бақылау түрлері нақты регламенттелді;

  • корпоративті салық төлеу бойынша салық тәртіптемесі енгізілді;

  • акциздер мөлшерлемелері енгізілді. Акциздердің негізгі мөлшерлемелері бір жылға бекітіледі және олар түзетілуі мүмкін, т.с.с.

Қр салық түрлері

корпоративті табыс салығы (30 %);

жеке табыс салығы (5-тен 30 % дейін);

қосымша құн салығы (ҚҚС 15 %);

акциздер;

жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар мен арнайы төлемдер (роялти, рента, бонус) (1 барельға 0-ден 33 % дейін).

әлеуметтік салық (11-ден 22 % дейін);

жер салығы; (0,09-дан 0,96 т. дейін базалық мөлшерлеме м, 202,65 т 1 га).

жол көлік салығы;

мүлік салығы(мүлік құнынан 0,1 %-дан 1 % 10 млн. теңге);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]