Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Тепе-теңдік нүктесі үшін мыналар тән:

1) Нарыққа адамдардың тұтыну қажеттілігінен көп емес және аз емес тауарлар ұсынылады. Игіліктерді өндіруге жұмсалған барлық шығындар оларды тепе-тең бағамен сату арқылы өтеледі. – Қол жеткізілген тепе-теңдік қалыптасқан нарықтық жағдайдың ең жоғарғы тиімділігін куәландырады. – Берілген тепе-теңдіктен нүктеден жоғары ауытқу артық өнім санын өндіруге жұмсалған қажетсіз материалдық ресурстар мен еңбектің шығындарын білдіреді.

2) Тепе-теңдік нүктесінде (А) ең жоғарғы әлеуметтік тиімділік бейнелеген. Өйткені осы нүктеде сатушылардың да (өндірушілердің), тұтынушылардың да мұқтаждықтары мен мүдделері ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырылады.

3) Егер нарық еркін және сұрапыл, сырттан араласусыз дамыса, нарықтық теп-тең баға тауардың қоғамдық бағасымен толық сәйкес келеді. Яғни, оларды дайындауға жұмсалған еңбек түгелдей қалыпты және қажетті болып табылады.

4) Тепе-тең баға деп тұтынушының ұсынылатын нарықтық игіліктердің шекті санын сатып алатын бағаны атайды.

5) Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысу нүктесі тұрақсыз тепе-теңдікті сипаттайды.

Сұраныс пен ұсыныс заңының бір уақытта әрекет етуі екі жақты теріс нәтиже береді:

а) егер баға тепе-теңдік нүктесінен жоғары көтерілсе, онда бір уақытта сұраныс қысқарады, ал ұсыныс жоғарылайды, бұл тауарлық артықтық аймағын кеңейтеді

б) ал баға тепе-теңдік нүктеден төмен түскенде, сұраныс жоғарылайды да, ұсыныс төмендейді, осының салдарынан тапшылық аймағының кеңістігі ұлғаяды.

III бөлім. Жеке ұдайы өндіріс мәні мен заңдылықтары

8-тақырып. Капиталдың айналымдылығы мен айналымы

Капитал – бұл ең іргелі, негіз салушы экономикалық категориялардың бірі. Капитал деген не екенін түсіндірмейтін бірде-бір мектеп, бірде-бір экономикалық ғылым жоқ.

К. Маркстың айтуынша капитал – бұл үстеме құнды туындататын өзімен-өзі көбейетін құндылық.

В.Д. Камаевтың айтуынша капитал – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданылатын түрлі ресурстар мен өндіріс құралдары – табыс әкелетіннің барлығы.

А.С. Булатовтың айтуынша капитал – бұл өз иесіне кәсіпкерлік қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық, парасаттық жабдықтардың белігілі бір сомасы.

Райзберг Б.А. Лозовский Л.Ш. және т.б. капитал (латын тілінде–capitalis – басты, басты мүлік, басты сома) – бұл табыс әкелетіннің барлығы немесе адамдардың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жасаған ресурстары - деп есептеген.

Капитал сөздің кең және тар мағынасында қарастырылуы мүмкін. Сөздің кең мағынасында капитал – бұл табыс әкелетіннің барлығы.

Сөздің тар мағынасында капитал – бұл фирманың барлық активтері (қаржылары).

Капитал төмендегідей бөлінеді:

- өндірістік,

- ақшалық,

- тауарлық.

Тауарлық өндірістің пайда болу уақытынан бері капитал болмысының тарихи нысандары мынадай болған:

- тауарлық капитал (көпестік капитал түрінде);

- өсімқорлық;

- өнеркәсіптік.

Капиталдың бастапқы жинақталуы капитализм қалыптасуының алғашқы пункты болып табылады.

Берілген экономикалық процестің уақыттық шекаралары Батыс Европада ХVІ - ХVІІІ ғғ., Ресейде - ХVІІ-ΧІΧ ғғ. Әр ел, капиталистік шаруашылығын қалыптастыруда, ішкі нарықтың дамуына және капитализмнің материалдық негізінің тездетіліп қалыптасуына бағытталған, өз экономикалық және саяси әдістері мен тәсілдерін қолданған.

Капиталдың бастапқы жинақталуы төмендегідей процесс ретінде ұсынылады:

- өз еңбегіне негізделетін жеке меншікті жою;

- тікелей өндірушілерді жалдамалы жұмысшыларға айналдыру;

- қоғамның өндіріс құралдары мен өмір сүру қаражаттарын капиталға айналдыру

Капиталдың бастапқы жинақталуы:

- кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық негізін қалыптастырудың қажетті шарты болып табылды,

- кәсіпкерлер тобының пайда болуына септігін тигізді,

- жалдамалы жұмысшылар армиясын туындатты,

- капиталдың барлық нысандарын дамытты.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастыру үшін оның алғашқы кезеңінде капиталдың бастапқы салымдарын жасау қажет.

Бастапқы капитал

- меншік,

- жер,

- жұмылдырылған қаражаттар есебінен құралады.

Ол:

- кәсіпорынды тіркеуге;

- банктік есепшот ашуға;

- үймеретті сатып алуға немесе оны жалға алуға;

- машиналар, жабдықтар, аспаптар, патенттер, лицензиялар сатып алуға;

- шикізат, материалдар сатып алуға;

- жұмыс күшін жалдауға (еңбекақыға);

- әлеуметтік қор төлемдеріне және т.б.

жұмсалады.

Меншік көздеріне жататындар:

- барлық қызмет түрлерінен түсетін табыс,

- жарғылық қор,

- амортизациялық қор,

- сатып алушыларға түсірілген тауарлар үшін берешек,

- кеткен мүлікті сатқаннан түскен түсім,

- ішкі қорларды жұмылдыру және т.б.

Қарыз көздеріне жататындар:

- несиелер, ссудалар,

- тұрақты пассивтер,

- несиелік берешек.

Қаржы қорларының бастапқы қалыптасуы жарғылық капитал пайда болғанда, кәсіпорынды құру сәтінде жүзеге асырылады.

Жарғылық капитал – фирманың ұйымдастырылуы кезінде қалыптасатын негізгі және айналымдағы қаражат көзі. Жарғылық капиталды қалыптастыру көздері кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты болады. (ҚР олар «Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет» Заңында анықталған).

Жарғылық капитал көздері деп мыналарды атауға болады:

- акционерлік капитал,

- құрылтайшылардың жарналық үлестері.

- салалық қаржы ресурстары (салалық құрылымы сақталса).

- ұзақ мерзімді несиелер,

- бюджеттік қаражаттар және т.б.

Жарғылық капитал шамасы өндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының (негізгі және айналымдағы) мөлшерін көрсетеді.

Сырттан қаржыландыру жүзеге асырылады

- қарыз алу жолымен немесе

- акция шығару жолымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]