Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Маржинализм

(К. Менгер,

У. Джевонс)

Француздық «маргинал» сөзінен–шекті мағынасын білдіреді,экономикалық құбылыстарды талдауда шекті шамаларды қолдануға негізделген.Маржинализмнің негізгі категориялары–шекті пайда,өнімділік –бұл категориялар қазіргі сұраныс, баға, фирма, нарықтық тепе-теңдік теорияларында қолданылады. Ол мөлшерлеп талдауды, микроэкономикалық әдісті абсолюттейді.

Неоклассикалық

теория

(Альфред Маршалл,

А. Пигу)

А. Маршалл 1890 ж. «Экономикалық ғылым қағидалары» кітабын жазған. Бұл кітап британ экономикалық ғылымында қазіргі заман бастамасын салды. Кітап авторы былай деп есептеген: - экономикалық зерттеулер өмірлік тәжірибеден шығарылуы керек; - нарық агенттерінің рационалды ойлауы мен мінез-құлқының ғылыми қорытушысы болуы керек; - тауар құны оны өндірудің шығындарына емес шығарудың балама бағасына негізделуі керек және нарықпен өндіруші мен тұтынушы шығындарын «теңестіру» нәтижесінде анықталуы керек.

Мұндай максимизация нарық теңдігі сәйкестендірілген жағдайға келгенде, тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана мүмкін, нарық – бұл өз бетінше реттелетін жүйе. Сұраныстың, пайдалылықтың, шекті пайдалылық икемділігінің мағынасын, халық шаруашылығына уақытша әсер етуді ескергендегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердің айырмашылығын ашты.

Кейнсиандық

(Дж. М. Кейнс).

Бұл мектеп жақтаушылары макроэкономика мәселелерін зерттеумен айналысқан. 1936 ж. Дж. Кейнстің «Еңбекпен қамтылудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы». Экономикалық даму қозғаушысы ұсыныс емес сұраныс болып табылады – ол өндіріс пен ұсыныс дамуының шешуші факторы ретінде қарастырылады.

- Жиынтық сұранысты өсіру үшін мемлекеттің бюджеттік және несиелік саясатын қолдану керек. Мұндай саясат тек дербес қаражат бөлу мен тұтынушылық шығындарының өсуін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік инвестицияларды да ынталандыруы керек. Инвестициялар ұлттық шаруашылықта реттеуші ролін атқарады, олар экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады.

Жиынтық сұранысты өсіру үшін келесі ұсынылды: мемлекеттік шығындарды кеңейту, салықтарды төмендету, - ал инфляциямен күресу үшін – мемлекеттік шығындарды азайту немесе салықтарды көтеру керек.

Ақшаны макроэкономикалық саясаттың орталығына қояды,оларға ұлттық шаруашылықтың циклдік қозғалуында шешуші рольді береді. Экономиканы басқару облысындағы мемлекет мәселесі бұл айналымдағы және қорлардағы ақша массаларын, ақша эмиссиясын бақылау, мемлекеттік бюджеттің теңгерілуіне қол жеткізу, несие бойынша жоғары банк пайыздарын бекіту. Ақша массасының көлемі үй шаруашылығы мен фирмалардың шығын шамасына әсер етеді. Экономикаға ақша мөлшерін көбейту өндіріс өсуіне, ал қуаты толық қосылғаннан кейін – бағаның өсуіне, инфляцияға әкеліп соқтырады. Сондықтан олар қысқа мерзімді саясаттан бас тартып, оның орнын айналымдағы ақшаның өсу қарқыны мен ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) өсу қарқынын сәйкестендіруге есептелген ұзақ мерзімді саясатпен алмастыруды ұсынады (Фридманның ақша ережесі). Бұл бағалардың және экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Монетаризм

(Д. Юм,

М. Фридман).

Бұл ағым өз атына Дж. Комонстың «Институалдық экономика» кітабының атауы бойынша ие болған (1924 г.) «Институцианализм» термині «институция» - (дәстүр) қалыптасқан тәртіп терминінен шыққан. Экономикалық даму сипаттамасы экономикалық институттар жүйесімен анықталады, ал нарық оның бөлігі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]