Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Әлеуметтік қорғау қағидалары

Тиімді еңбекпен қамтылу, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін қамтамасыз ету;

Табыстарды қалыптастырудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

Табыстағы және жеке тұтынудағы саралау процесін макроэкономикалық реттеу;

Күнкөріс минимумының нақты деңгейін бекіту және оны ретті түрде индекстеу;

Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

мерзімдік келісімді

Нысандары - сағаттық,

- апталық,

- айлық,

- жылдық.

Түрлері - номинал,

- нақты,

- минимум.

Жүйелер - кесімді сыйлықақы,

- үдемелі кесімді,

- мерзімді сыйлықақы,

- көп факторлы,

- қатысу жүйесі.

Еңбекақы мөлшерлемелерін саралау критерийлері

Мамандандырылған,

Салалық,

Аймақтық,

Ұлттық.

Табыс адамдар әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады. Халық табыстарының динамикасы мен деңгейін бағалау үшін мына көрсеткіштер қолданылады:

- Номинал табыс – белгілі уақытта алынатын ақша сомасы.

  • Басқарылатын табыс, жеке тұтыну мен жеке жинауларға пайдаланылуы мүмкін. Ол номинал табыстан салық және міндетті төлем сомасына төмен.

  • Нақты табыс – инфляциялық түзетумен басқарылатын табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер мөлшері.

Жұмсалған еңбек – қарапайым, күрделі, мамандандырылған, мамандандырылмаған.

Жасалған құн – фирманың табысты жұмысына байланысты төленетін сомалар.

Меншікакциялар, облигациялар, инвестициялық чектер, басқа құнды қағаздар.

Табыстарды бөлудегі теңсіздік дәрежесі

Табыс пайызы

100 А

ОА – абсолютті теңдік. Бұл жанұялардың 20 % табыстың 20 %

алатындығын білдіреді.

80 ОВА – табыстардың нақты бөлінуі.

60

40

N

20 В

0 жанұялар пайызы

20 40 60 80 100

Теңсіздік деңгейі

Джинни коэффициентімен (индексімен) анықталады

Фигура ауданы ОNAB

К дж =

Фигура ауданы OAB

Егер К О-ға жақын болса, онда қоғам теңгермешілік жағдайында болады. Егер К = 1 болса, онда қоғамда «Қайыршы көпшілік» және аса бай азшылық жағдайы қалыптасады. Джинни коэффициенті неғұрлым үлкен болса, соғұрлым табыстағы теңсіздік үлкен болады. Нарықтық экономикада мұндай шектер мемлекеттің табысты қайта бөлу саясаты арқылы орын алмайды.

Табыстарды мемлекеттік индекстеу ең бірінші кезекте бекітілген табыс алатын тұлғаларға бағытталған.

Табысты индекстеу нысандары:

  • инфляция мөлшеріне зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыны индекстеу,

  • азық-түлік талондары,

  • балаларды мемлекеттік тәрбиелеу және оқыту жүйесі,

  • кадрларды қайта дайындау,

  • мемлекеттік медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету, т.с.с.

15-тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Адамзат рулық қауымдардағы, тайпалардағы, ұлттардағы бастапқы тұйықтылықты жеңу үшін ұзақтығы 10 мың жыл болатын тарихи жолды бастан кешірді. Қазір адамдар дүниежүзілік шаруашылықты жаңа негіздерде жасауда.

Дүниежүзілік шаруашылық – бұл әр түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары халықаралық еңбек бөлінуі негізінде түрлі байланыстармен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени және т.б.) біріктірілген ауқымды экономика.

Халықаралық еңбек бөлінуі – бұл дүниежүзі елдерінің өздерінде өнімнің белгілі бір түрінің дамуына ең қолайлы жағдайлар бар өнімдерді өндіруге мамандандырылуы.

Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жаңа бағыттары:

  1. мемлекеттердің, олардың материалдық қызығушылықтары негізінде халықаралық ынтымақтастығы;

  2. дүниежүзілік нарықтық кеңістікті кеңейту;

  3. елдер арасында шаруашылық байланыстардың барлық нысандарын дамыту:

  • сыртқы сауда;

  • интеграция (ұлттық шаруашылықтарды біріктіру);

  • ғылыми-техникалық ақпаратпен және технологиялық әзірлемелермен алмасу;

  • жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны;

  • капиталды шығару және халықаралық несие;

  • халықаралық валюталық қатынастар;

  • өндірісті интернационализациялау.

Өндірісті интернационализациялау қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Ол бір елдердің өндірісінің басқа елдерде нәтижелерін тұтынылуымен байланыстыратын ұйымдастырушылық-экономикалық байланыстардың дамуын білдіреді. Әр ел басқаларымен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз шығын кететін кадрларды шығаруға мамандандырылады. Салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет (салыстырмалы артықшылықтар қағидасы) бай болады, бірақ ондай артықшылығы жоқ ел де жаман болмайды. Нәтижесінде адамзат сауда жасаудан ұтыста қалады.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінуіне негізделетін және экспорт пен импорт көмегімен жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]