Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Негізгі және айналымдағы капиталды тиімді қолдану көрсеткіштері

- капитал айналымының жылдамдығы

П = мұнда П – айналым саны;

О – капитал айналымын өлшеу бірлігі (жыл),

Т – берілген капиталдың айналым уақыты;

- бір айналымның күнмен есептегендегі орташа ұзақтығы (От)

От =

Айналымдылық коэффициенті

К =

Айналымдылық көрсеткіштерінің мыналар үшін маңызы зор:

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін,

- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін,

- инвестициялық тартымдылықты жоғарылату үшін.

Қор қайтарымдылығы (негізгі капиталдың құндық бірлігіне қанша өнім шығарылады)

Фо =

Қор сыйымдылығы (нәтиженің құндық бірлігіне негізгі капитал қажеттілігі).

Фо =

Тәжірибеде әр кәсіпкер алдында «капиталының нақты нарықтық құны қандай?» деген сұрақ туындайды. Оны анықтау «бизнесті бағалау» деп аталады.

Кәсіпорынды үш тұрғыдан бағалауға болады.

  1. Кірістік. Ол меншіктің болашақ кірістерін бағалауға негізделеді және екі әдістен құралады:

а) капитализация мөлшерлемесі бойынша бағалау әдісі,

б) дисконттау әдісі (ақшалай кіріс балама ағымды құнына келтіріледі)

2) Нарықтық, бағалаудың 3 әдісінен құралады

а) капиталдар нарығы әдісі,

б) мәміле әдісі,

в) салалық бағалау әдісі.

3) Шығындық. Түрлі түзетулер (тозу, ескіру және т.б.) ескеріліп, баланс есебі негізінде қаржылық, материалдық және материалдық емес активтерді бағалау енеді.

Кәсіпорынды бағалаудың барлық үш тұрғысы бір-бірімен байланысты. Белгілі бір кәсіпорынды бағалауда бағалаудың екі немесе үш тұрғысы қолданылады. Бағалау тәжірибелі сарапшы-бағалаушылармен өткізіледі.

Инвестициялар – бұл өндіріске жұмсалатын шығындар және өндіріс құралдарын жинақтау, экономикадағы капиталдың материалдық қорларын ұлғайту.

Инвестициялар түрлері:

- негізгі қорларға,

- қорларға,

- адамдық капиталға,

- жалпы көлемдік,

- қоржындық,

- тікелей,

- жалған (құнды қағаздарды сату, сатып алу)

- таза (негізгі капитал бөлшектерінің тозу құнын ескермегендегі инвестициялар

көлемі).

Инвестициялық компания жеке инвесторлардың ақша қаражаттарын шоғырландырады және бұл қаражаттарды мемлекеттің және жеке бірлестіктердің акциялары мен облигацияларына орналастырады.

Инвестициялық қызмет:

- меншік

- жер және

- жұмылдырылған қаражаттар есебінен жүргізіледі.

Инвестициялар қолданылады:

- құрылысқа,

- қайта құрастыруға,

- техникалық қайта қаруландыруға,

- құрал-жабдықтар сатып алуға және т.б.

Инвестициялық жоба әр түрлі талдаудан өтеді:

- инвестиция динамикасын талдау – фирманың инвестициялық белсенділігі туралы айтуға мүмкіндік береді,

- инвестиция құрылымын талдау – фирманың болашақ қызметін, оның аймақтық өктемдігін, техникалық қайта қаруландырылуын, технологиялық құрылымын сипаттайды.

- инвестиция табыстылығын талдау – күтілудегі табыстарды бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны дайындау мен жүзеге асыру мыналарды көздейді:

- алдын ала техникалық-экономикалық негізделуді өткізу;

- кәсіпорынды, пайдалану жобасын бағалауды дайындау;

- техникалық, коммерциялық, институциялық, әлеуметтік-мәдени, қаржылық, экономикалық талдауды өткізу.

Инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштері:

- шығындар,

- өсім берушілік,

- өтелу мерзімі.

9-тақырып. Фирма (кәсіпорын) шығындары мен табыстары

Өндіріс шығындарын көптеген ғалымдар зерттеген:

Адам Смит, Давид Рикардо абсолюттік және салыстырмалы шығындар түсініктерін енгізген. Шығындар терминін олар өнім бірлігіне жұмсалатын орташа қоғамдық шығындар деп түсіндірген, яғни жеке өнім бірлігінің орташа кәсіпорындардағы құны немесе салаға жататын барлық кәсіпорындардағы орташа шығындар құны. Өндіріс шығындарын олар ренталық төлемдері ескерілгендегі өндіріс бағасы деп анықтаған.

Марксистер (К. Маркс, Ф. Энгельс) өндіріс шығындары – бұл капиталист үшін тауар құны, яғни өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалатын шығындар сомасы деп есептеген.

Т = С + V + m, мұнда Т – тауар құны;

C – тұрақты капитал;

Т = K + m V – ауыспалы капитал;

Т = К + Р m - үстеме баға;

К – өндіріс шығындары;

Р – пайда.

Дж. К. Кларк, Дж. А. Гобсон шығындарды түбегейлі зерттеген:

(институционалистер) жеке, қоғамдық, абсолюттік, қосымша,

қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және т.б.

«Адамзат» шығындары түсінігін енгізген.

Өндіріс – бұл адамның табиғи қорларды пайдаланудағы кез-келген қызметі. Өндірістік қызметтің мақсаты: қоғамға қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді жасау.

- табысты максимизациялау, бұған екі жолмен қол жеткізуге болады:

  1. Қолда бар өндірістік қуаттарды қарқынды пайдалану;

  2. қуаттарды кеңейту және жаңа жұмысшыларды тарту.

- шығындарды минимизациялау

Өндіріс шығындары – бұл өндіріс ресурстарын пайдаланудың ақшалық сипаты, оның нәтижесінде өнім өндіріліп, сатылады.

Жалпы – тұрақты және ауыспалы шығындар сомасы,

Бухгалтерлік – өнімнің сатып алу бағасы бойынша белгілі бір мөлшерін дайындау үшін өндіріс факторларының нақты жұмсалуы.

Экономикалық – тауарды өндіру үшін таңдалған кез-келген ресурстың балама құны. Пайдаланудың барлық мүмкін варианттарынан ең ұтымдысын таңдағанда оның құны тепе-тең болады.

Сыртқы – бұл фирмамен берілген бұйымды шығару үшін өндірілмейтіннің барлығымен байланысты шығындар (жұмысшылар еңбекақысын төлеу, отын жинақтаушылары және т.б.)

Ішкі (өз кәсіпорнының немесе дүкеннің иесі өзіне айлық төлемейді, дүкен орналасқан үймерет үшін жалгерлік төлем алмайды; бірақ ол қалыпты табыс алып отырады)

Тұрақты – берілген уақыт кесіндісінде сомасы өндіріс көлемі мен құрылымына байланысты болмайтын шығындар,

Ауыспалы – бұл шығындардың жалпы көлемі өндіріс пен сатылымдардың көлеміне байланысты болады.

Шекті – фирма әр қосымша өнім бірлігін шығарғандағы қосымша шығындар.

Орташа – өнімді шығару бірлігіне есептегендегі жиынтық шығындар.

Айқын – аралық бұйымдарды және өндіріс факторларын жеткізушілеріне төленетін айқын ақшалай төлем қалпына келтірілетін балама шығындар

Балама – фирма меншігі болып табылатын қорларды қолдану шығындары. Бұл шығындар фирманың басқа ұйымдарға немесе тұлғаларға төлейтін төлемдеріне кірмейді.

Фирма қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде болуы мүмкін.

Егер фирмада ең болмаса бір тұрақты төленбеген міндеттеме қалса, ол қысқа мерзімді кезеңде деп есептеледі. Бұл кезеңде фирма істен шыға алмайды, бірақ өзін банкрот деп жариялауына болады.

Тұрақты шығындар бойынша соңғы міндеттемелер төленгенде, фирма ұзақ мерзімді кезеңде деп есептеледі. Бұл кезеңдегі фирма мүмкіндіктері:

- өз қызметін жалғастыру немесе тоқтату.

Фирма егер оның өнімді сатудан түскен табыстары, фирманың жалпы шығындарынан басым болса, істе қалады.

Банкроттық – бұл пассивтердің активтерден басым болуына байланысты борышқордың, жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның өз несие берушілерінің талаптарын орындауға, салық төлемдерін төлеуге тұрақты қабілетсіздігі.

Пассивтер – бұл шаруашылық субъектінің несиелік берешектен, қарызға алынған және тартылған қаражаттарынан құралған міндеттемелері.

Активтер – бұл құрамына негізгі және айналымдағы қаражаттың барлығы енетін шаруашылық субъектінің мүлігі.

Банкрот – бұл дәрменсіздігі сот шешімімен дәлелденген борышқор.

Несие беруші – борышқорға мүліктік талаптары бар жеке немесе заңды тұлға.

Банкроттықтың салдары:

- мүлікті тізімдемелеу,

- оны сату,

- алынған сомадан қарыздарды төлеу.

Егер фирма сотпен банкрот деп жарияланса, онда:

- жою комиссиясы құрылады,

- фирма ешқандай өнім шығармайды,

- табыс алмайды,

- оның жалпы шығындары тұрақты шығындарға тең болады,

- фирма бұрын сатылған өнімнен түскен табыстар немесе фирма мүлкін сатудан түскен түсімдер есебінен өмір сүреді;

- барлық мүлік, шикізат, құрал-жабдық, дайын өнім сатылады;

- банкроттыққа уақыт қажет болады (бірнеше жылға дейін)

- фирма шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады.

Пайда – бұл жалпы түсім мен жалпы шығын арасындағы айырмасы; табыс пен шығын арасындағы айырма:

Жалпы – белгілі кезеңде алынған табыс,

Таза – өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен табыс пен барлық айқын және балама шығындар арасындағы айырма,

Экономикалық – жалпы табыс пен барлық шығындар арасындағы айырма,

Бухгалтерлік – фирманың жалпы табысы мен айқын шығындар арасындағы айырма.

пайда нормасы (Р)

пайда

Р = *100 %

авансталған капитал

Р =

Пайда массасы – бұл барлық қызмет түрлерінен алынған пайда сомасы.

Масштаб тиімділігі

- оң және

- теріс

болуы мүмкін.

Егер кәсіпорын көлемі ұлғайғанда, орташа шығындар азайса - оң болады.

Егер кәсіпорын көлемі ұлғайғанда, орташа шығындар көбейсе - теріс болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]