Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Салық салудың негізгі қағидалары (а.Смит) қазіргі уақытқа дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ

Заңды тәртіп (заң түрінде);

Тепе-теңділік (әркім мемлекетке өз табысына сай қолдау көрсетуі керек);

Анықтылық (уақыты, тәсілі, мөлшері белгілі);

Алымдар арзандығы (мемлекет салық төлеуші төлейтін сомаға сәйкес соманы алады);

Шаруашылық дербестілік (салық төлеуші – меншігі бар және табыс алатын тәуелсіз субъект);

Есептеу қарапайымдылығы (салық мөлшерлемесі, мөлшері салық жинаушыға да, салық төлеушіге де

түсінікті);

Салық ауыртпалығын аймақтар мен субъектілерге тепе-тең бөлу, салық мөлшерлемелерінің тұрақтылығы;

Салық ауыртпалығын төмендету;

Жеңілдіктерді кең пайдалану (инвеституциялық салық несиесі, тездетілген амортизация, табиғи қорларды өндіруде жер қойнауларының тозуына шегерім, шағын бизнеске қолдау көрсету және т.б.);

Салықтарды жасырғаны үшін заңды жауапкершілік.

Инвестициялық несие – бұл шын мәнінде мемлекеттің жеке кәсіпкерліктің капиталды салымдарын, капиталдық шығындар өтелу мерзіміне оларды салық төлеуден босату арқылы, жанама қаржыландыруы. Негізінде ол: - инновациялық технологияларды енгізуге, - ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға, - бәсекеге қабілетті бұйымдарды өндіруге есептелген. – Жеңілдіктер сомасы құрал-жабдық бағасына %-тік қатынаста есептеледі және салық сомасынан шығарылады.

Тездетілген амортизациямемлекет амортизацияны негізгі капиталдың шын мәнінде тозуынан әлденеше артық мөлшерде есептен шығаруға рұқсат береді. Осылайша салық салынатын табыс сомасын азайтып, негізгі капитал айналымын тездетеді.

Салықтық жеңілдіктер мен рационалды салықтық мөлшерлемелер ескеріліп құрылған салық жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

  • өндірістің ынталандырылуын,

  • салық салынатын базаның үлкейтілуін.

Салық мөлшерлемелерін негізсіз көбейту:

  • өндіріс көлемінің төмендеуіне,

  • салық төлеуден «кетуге» (көлеңкелі экономикаға) әкеледі.

Жалпы экономиканы ынталандырудың ірі мөлшерлі коньюнктурасының мысалы ретінде АҚШ-тағы ХХ ғ. 80-жылдарының басындағы салық мөлшерлемелерін күрт төмендетуді айтуға болады. Американдық экономист А.Лаффердің есептері осы бағдарламаның теориялық негізделуі болды.

Лаффер қисығы

М

400

300

200 L N

100

Салық мөлшерлемелері (%)

10 20 30 40 50 60 70

Лаффер қисығы салықтың қандай мөлшерлемесінде салықтық түсімдер ең жоғарғы болады деген сұраққа жауап береді (М нүктесі). Графиктен көрініп тұрғандай, салықтың мөлшерлемесі 10-65 % болса (L, N нүктелері) 200 мың $ қамтамасыз етуге болады. Салық 35 % болғанда, ең жоғарғы салықтық түсімдер 400 мың $ алынған. Мөлшерлемелер жоғарылатылған сайын салық түсімдері азаяды, өйткені еңбекке және кәсіпкерлік қызметке деген ынта төмендеп, кәсіпкерлердің бір бөлігі «көлеңкеге» кетеді.

Қазынагерлік – (мемлекет табыстарын қалыптастыру),

Реттеу – (экономиканың белгілі салалары дамуын ынталандыру немесе тоқтату),

Қайта бөлу - (түскен салық түсімдерін қаржыландыруды талап ететін бағдарламаларға қайта бөлу).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]