Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
studentterge_1-semestr_8-15_aptalar.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
143.96 Кб
Скачать

8-тақырып. Менің Отаным Қазақстан. Қазақ елі – бай ел. Сын есім. Сын есімнің шырайлары.

МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Мемлекеттік тәуелсіздік–ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Қазақстанда 17 миллион халық тұрады, мұның ішінде 100-ден астам ұлт өкілдері бар. Біздің Отанымыз – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірлесе отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер т.б. ұлттар еңбек етіп жатыр.

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстан Республикасы - демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз - Астана. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы - Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы -Үкімет. Ұлттық ақша-теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді.

Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті. Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы БҰҰ, ТМД, ЮНЕСКО, ЕҚЫУ т.б. да 64 халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Қазақстанда мемлекеттік марапаттар: жоғарғы деңгейдегі белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы, «Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері, Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары болып танылады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, аударыңыз.

  2. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жасаңыз.

  3. Мына сөз тіркестерімен жазбаша сөйлемдер құрастырыңыз: Мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік, біртұтас мемлекет, елеулі табыстар, халықаралық ұйымдар, жаңа мыңжылдық, елді мекен, қазақстандықтардың әл-ауқаты, мемлекеттік марапаттар.

  4. Мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жазып, жұрнақтарын көрсетіңіз.

  5. Мына сұрақтарға жауап беріп, өзіңізді тексеріңіз, досыңызбен сұхбаттасыңыз.

Қазақстан қандай ел?

Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

Мемлекеттік тәуелсіздік дегенімізді қалай түсінесіз?

Қазақстан қандай ұйымдарға мүше болып табылады?

Қазақстан тәуелсіздік жылдары қандай жетіс тіктерге жетті?

Елімізде қандай мемлекеттік марапаттар бар?

  1. Жағдаяттық тапсырма. Басқа мемлекеттен қонаққа келген досыңызға Қазақстан туралы мағлұмат беріп, жетістіктерін айтыңыз.

  2. Мына ақпараттарды аударып, толықтырыңыз.

-1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

-1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

-1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

-1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

-1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

-1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы Ақмола болып жарияланды.

-1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына арналған «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

-2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

  1. Мына қысқартылған атаулардың толық нұсқасын жасаңыздар.

БҰҰ -----------------------------------------------------------------------------

ТМД -----------------------------------------------------------------------------

ЮНЕСКО ---------------------------------------------------------------------

ЕҚЫУ --------------------------------------------------------------------------

9. Отан туралы мақал-мәтел жазып, жаттаңыз.

ҚАЗАҚ ЕЛІ - БАЙ ЕЛ

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Қазақстан ғылымы да әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жасаңыз.

  3. Мына сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, орыс тіліне аударыңыз:

Таңқаларлық, ұлан-байтақ, барланған, есепсіз, әлемдік, жоғары, мәдениетті, жетекші іргелі.

  1. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңыз.

  2. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас орналасқан?

Шетелдіктерді Қазақстан несімен қызықтырады?

Қазақстанның табиғаты қандай?

Қазақ елінің қандай байлықтарын білесіздер?

Қазақстанда өнеркәсіптің қандай түрлері дамыған?

Қазақ елінің мәдени мұрасы жайлы не білесіз?

  1. Мәтіндегі пайдалы қазбалардың атын жаттап алыңыз, олардың Қазақстанның қай аймағында өндірілетіні туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.

  2. Мәтіннен сын есімді сөз тіркесін теріп жазып, сөйлемдер құрастырыңыз.

  3. Мына сөздерден сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырайларын жасаңыз. Бай, кең, ірі, пайдалы, сапалы, жеңіл, берік.

9. Ел, байлық туралы мақал-мәтел жазып, жаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: (8-тақырып) [14,15,17,18,19].

  1. Менің елім - тәуелсіз Қазақстан тақырыбына слайд дайындаңыз.

2. Қазақстанның қалалары, олардың тарихы жайлы әңгіме жазыңыз.

9 - тақырып. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Қазақтың театр және кино өнері.

Мәтінді оқыңыз және аударыңыз.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ

Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері :Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі болып бөлінеді.

Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ежелден ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі . Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс –салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері- халық әндері (анонимды-авторлық) және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

“Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй”, - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді.

Қазақ халқының әнші,күйші,композиторлары: Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дина Нұрпейісова, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мәди Бәпиұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Әсет Найманбаев , Балуан Шолақ, Абай Құнанбаев, Иман Жүсіп , Кенен Әзірбаев , Мұхит Мералыұлы,Нартай Бекежанов , Сегіз Сері, Майра Уәлиқызы, Шөже Қаржаубайұлы, Ыбырай Сандыбайұлы , т.б.

Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеңдер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып, құйқылжиды.

Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырып-тарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары “күй” деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.

жаңа сөздер:

дәстүрлі өнер-традиционное искусство

ән-песня

тарихи-исторический

ойналады-исполняется

зерттеуші-исследователь

халық әндері-народные песни

тұрмыс-быт

тақырып-тема

мазмұн-содержание

ұлттық музыкалық аспаптар- народные музыкальные инструменты

Тапсырмалар:

  1. Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері қалай бөлінеді?

  2. Дәстүрлі өнер дегеніміз не?

  3. Ғұрыптық әндерді атаңыз?

  4. Қазақ халқының қандай әнші-күйшілерін білесіздер?

  5. Өнер туралы мақал –мәтелдерді жаттап алыңыздар:

***

Ел іші- өнер кеніші.

***

Өнер алды- қызыл тіл.

***

Жігітке жетпіс өнер де аз.

***

Өнерлі өрге жүзер.

***

Ән-көңілдің ажары,

Күмбірлеген күй- өмірдің базары.

  1. Өнер туралы нақыл өлеңдерді мәнерлеп оқыңыздар.

***

Жігіттің көркі- өнері,

Талап –кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында-

Дүниенің өшпес шырағы. (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

***

Әннің де естісі бар , есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы , күйлі,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар. (Абай Құнанбаев)

***

Өзгеге көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. (Абай Құнанбаев)

Қазақтың театр және кино өнері

М. Әуезов атындағы академиялық драма театры қазақтың алғашқы профессионалдық театры 1925 жылдың аяғында ұйымдасты.

1926 жылы 13-қаңтарда М. Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясымен тұңғыш театр шымылдығы ашылды. Алғашқы ашылған жылдары мұнда қазақтың халық ішінен шыққан өнерпаздары Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев және т.б. ойнады. Театрдың алғашқы режиссері және басқарушысы Ж. Шанин болды. Б. Майлиннің “Некеқияр”, “Шаншар молда”, Ж. Шаниннің “Торсықбай қу”, “Арқалық батыр” сияқты шығармалары театрдың алғашқы репертуарын құрады. Қазақ драма театрынан 1934 жылы қазақтың опера және балет театры бөлініп шықты. Қазақтың кино өнері тарихында киноактерлер: Жұмат Шанинның, Шәкен Аймановтың, Әмина Өмірзақованың,Асанәлі Әшімовтың,Меруерт Өтекешованың т.б есімдері ерекше зор құрметпен аталады.

Шәкен Айманов атындағы киностудия Алматы кинохроника студиясы (1934) базасы негізінде құрылды. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Аймановтың қосқан үлесі елеулі. Ол осы киностудияның 1953 жылдан 1970 жылға дейін көркемдік жетекшісі болды. 1952 жылы “Жамбыл” атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет жасалды, ал 1965 жылы “Алдар көсе” атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді. Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі “Ана туралы аңыз” 1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Шоқан” кинофильмдері осы “Қазақфильм” студиясында жасалды.

жаңа сөздер:

алғашқы- первый

ұйымдасты-организован

ашылды-открыт

басқарушы-руководитель

атындағы-имени

өнерпаздар-таланты

шығармалар-произведении, сочинении

көркемдік жетекші-художественный руководитель

толықметражды- полнометражный

түрлі-түсті- цветной

халықаралық-международный

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбай Н, Құрманалиев К. Қазақ тілі- Алматы: «Арыс» -2007- 456 б.

2.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық .Бас редакторы Б.Әбдіғазиев –Алматы: «Аруна» баспасы- 2005 – 576 б .

3. Ақылдың кені. -Алматы: «Ана тілі» - 2008 – 216 б. Құрастырған: Қ.Жарықбаев.

4.Нұрғожина Г.М. Әбілқасов Ғ.М, Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті. Қарағанды :ҚарМТУ баспасы , 2003 – 75 б . ISBN 9965-606-87-0

5. Әбілқасов Ғ.М , Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті –Қарағанды: ҚарМТУ баспасы -2009-95 б. ISBN 9965-04-221-7

6. Әбілқасов Ғ.М.Тіл мен мәдениет (Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін оқытуға арналған танымдық –тәрбие сабағы ) – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы- 2013- 118 б. ISBN 978-601-296-434-9

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

  2. Қазақтың алғашқы кәсіби театры қай жылы ұйымдастырылды?

  3. Театр шымылдығы кімнің және қандай шығармасымен ашылды?

  4. Театрдың тұңғыш режиссеры кім?

  5. Театрдың алғышқы репертуарын атаңыз.

  6. Қазақфильм киностудиясы қай жылы құрылды?

  7. Киностудияның көркемдік жеткешісі кім болды?

  8. Толықметражды, түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет қай жылы жасалды?

  9. Театр өнері туралы ұлағатты сөздерді оқып, аударыңыз:

***

Театр- сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. (М.Әуезов)

***

Жақсы пьеса- сапалы әдебиет белгісі. (М.Әуезов)

***

Театр ісі нәзік, күшке салуды көтермейді... Қайтадан өңдеп, істеуге болмайды. (Жұмат Шанин)

***

Біздің өмірімізде театр бос думан емес, тіршіліктің ісі, қоғамның өсуіне көмектесетін өнер, жаңа өмірдің насихатшысы. (К.С.Станиславский)

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Жоғарыдағы мәтіндер мен имандылық ой-толғамдарды, сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Рухани әлем мазмұны - ізгілік» тақырыбына слайд дайындаңыз.

2. «Қазақфильм» киностудиясының шығарған фильмі туралы әңгімелеңіз.

10 - тақырып. Өлең сөздің патшасы. Хакім Абайдың философиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]