Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
studentterge_1-semestr_8-15_aptalar.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
143.96 Кб
Скачать

Жұбан Молдағалиев

Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық, себебі тарих беттерін парақтап көрсек, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей қиын кезең тұсында сан қиналса да, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалды. Біздің халықты бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары, себебі бұл тәттілікке келер жол ұзақ әрі қатты болды. Расымен, қазақ кемеңгер халық қой! Алды қатты болғанның арты тәтті болады деп, әр нәрсеге үлкен төзімділік танытып, шыдамдылық көрсеткен. Осы қазіргі өмірімізде қазақты бүкіл әлем ең жомарт, қонақжайлы халық ретінде таниды.

Нақысбек шешен кезінде:

« Әуелі Құдай жерге береді,

Жердегіні елге береді.

Елдегіні ерге береді,

Ерге бергенде, төккен терге береді » -  деген екен. Яғни, сүйенішің күшті болса, сүйек жұтсаң да қақалмайсың. Ал халықтың негізгі сүйеніш, тіреуіші – елім деп соққан адал жүрек иелері, себебі елдің елдігі ерінен болады, байлығы жерінен болады.

Отаныңды, еліңді, Сенеки айтқандай, ұлы болғаны үшін емес, өзіңдікі болғаны үшін сүйесің. Ал ең зор, ізгі ерліктерді Отанға, ел-жұртына деген сүйіспеншілік туғызған емес пе?!  «Елің үшін отқа түс – күймейсің» – дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыным бермеген жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен соғысқан қайтпас қайсар батырларымыз – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, Әз-Тәуке, Абылай сынды хандардың туған елі үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі ұрпақтары мақтаныш етеміз, бабалар рухынан қуат аламыз.«Өз елі, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі, алсын қайдан кемеңгерді?» – дегендей, туған елі барда, ержүрек ұлдары мен қыздары халық жанында мәңгі сақталады. Ал ержүрек ұлдары мен қыздары тұрғанда, туған елдің де, туған жердің де тұғыры мәңгі асқақтай бермек.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерге көңіл бөліңіз.

  2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.

  3. Мәтіндегі өлең жолдарын жаттап алыңыз.

  4. Берілген мәтіннің мазмұнының не жайында екенін айтыңыздар.

  5. Мәтіннен сын есімдерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.

  6. «Ержүрек» сөзіне дыбыстық талдау жасаңыз.

  7. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз?

1. ........................................Ел ауырын, нар көтерер.

2. ........................................ Ел үшін өледі.

3. ........................................Қоянды қамыс өлтіреді.

4. ........................................Жаудан шошынған ер оңбас.

5. ........................................Ер айтқанынан қайтпас.

Азамат, тарихыңды тани біл!

Ұлтты сүю, ең әуелі, ана тілді ардақтаудан, түпкі тегін, тарихын, салт-

дәстүрін тани білуден басталады.

Халқымыздың «баланы жастан» деген аталы сөзі тегін айтылмаған. Себебі, бала оңы мен солын, ақ пен қараны айқын ажыратып отбасынан ұзап шықпай жатып-ақ, оған ұлтымыздың күллі құндылықтарының мүлде басым бөлігін ұғындырып үлгіруге әбден болады. Мәселе әр отбасының бала тәрбиелеу қуатына, атадан жалғасқан отбасындық тамаша дәстүріне, өз ұрпағының ертеңіне болған жауапкершілігіне байланысты. Өз халқына тән қоғамдық ортасы жоқ Европадағы Қазақтардың өзі ана тілінен айрылып қалмағанын түрлі ақпарат құралдарынан естіп-біліп жүрміз. «Отан отбасынан басталады» дейді атамыз Қазақ, адамның өз шаңырағында алған тәрбиесі мен өнегесі оның тұтас ғұмырына жетерлік рухани азық бола алады.

Адамды шын мәнінде адам ететін нәрсе ــ тәрбие. «Не ексең соны орасың» демекші, адам алғашында қандай тәрбие қабылдаса, сондай бағытта дамитыны сөзсіз. Саналы тіршілік иесі болған адамды былай қойғанда, жылқы екеш жылқы да өз үйіріне өзі ие болып, тұтастығын сақтайды. Сондықтан өсер ұрпақты, алдымен, өз өрісінен алшақтатпай, өз тегіне, өз халықтық қасиетіне бейімдеу аға ұрпақтың азаматтық борышы есептелмек.

Қазақ ұлты өзге жұрттан несімен өзгешеленеді? Әрине, өзге жұртқа ұқсамайтын өзгеше тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы қатарлылармен, айталық, «Аққу» сияқты жан баласын тебірентетін образды, сыршыл күйлерімен, «Ағажай» сияқты әсерлі әндерімен, «Қобыланды» сияқты қомақты жырларымен, «Қаражорға» сияқты халықтық билерімен, тым ерекше қонақжай халықтық қасиетімен, үйіне кірген жыланды да өлтірмейтін өскелең экологиялық санасымен, т.б. өзге жұртта жоқ өзгеше ұлттық болмысымен ерекшеленеді.

Халқымыз ــ ұзақ тарихқа, бай мәдениетке, айшықты көркем тілге ие, ізгі, инабатты, дәстүршіл халық. Ұлтымыздың осы қасиетін сақтап, қорғап, оған мұрагерлік етіп, оны онан ары дамыту ــ бүгінгі ұрпақтың борышы. Бұл жағында партия мен үкіметіміз ежелден бері еліміздегі барлық ұлтқа бастан-аяқ тіліңді, тарихыңды, салт-дәстүріңді, мәдениетіңді қорға, сақта, оны онан ары көркейт, дамыт деп сан қайтара дәріптеп отырғаны, әсте, ұлттық болмысыңнан безін, оны тоздыр, жоғалт деп отырмағаны ақиқат.

Сондықтан, ұлт тағдырына саятын ұрпақ тәрбиелеу ісінде отбасы тәрбиесін маңдай алды орынға қойып, мейлі қандай жағдай болса да ұлттық ерекшелігімізден, халықтық қасиеттерімізден, бағалы құндылықтарымыздан айрылып, адасып қалмауымыз қажет. Сөз соңында жастарымызға «Біле білсең Қазақ, әсте, қор халық емес, зор халық. Сондықтанда ұлтыңды шынайы сүйгің келсе, тіліңнен безінбе, тегіңді таны, тарихыңды біл, салт-дәстүріңді ардақта» демекшіміз.

Тапсырмалар:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

(Ө. Тұрманжанов.)

2. «Тарих» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап?

1. Жүк ауырын нар көтерер, ....................................... .

2. Ер жігіт ел үшін туады, ........................................... .

3.Ерді намыс өлтіреді, ................................................. .

4. Қорадан шошынған мал оңбас, .............................. .

5. Жомарт бергенін айтпас, ........................................ .

4. Төменде берілген сөздерді септеңдер.

Ерлік, ер, батыр, тәуелсіздік.

5. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

а) Азаттыққа жету мақсатында болған ең ірі көтерілістерді ата?

б) Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше көзге түскен батырлардың есімдерін ата?

в) Қазіргі таңдағы еліміздің көк байрағын шет елдерде асқақтатқан спортшыларды ата?

г) Олимпиада жүлдегері қарағандылық Серік Сапиевке қысқаша анықтама бер.

6. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр.

ел ұмытпа

туған жер туған жерді қадірле

үй көркейт

Отансыз

туған жерсіз рухымыз биік болмайды.

біздің

7. Төмендегі сөз сыңарларын пайдаланып, диалог құрастырыңдар.

Туған елінің, тәуелсіздігі үшін күрескен, тарихи тұлғалар, Абылай хан, Төле би, қол басқарды, Қазыбек би Тауасарұлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]