Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
studentterge_1-semestr_8-15_aptalar.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
143.96 Кб
Скачать

Қоғам және жастар

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз.

Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Қазақстандықтар – жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік бағдарламалар, ауыл жастарына берілетін көп салалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.

Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен  байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Жаңа сөз тіркестерінен сөздік жұмысын дәптерге жазып, жаттап алыңыз.

  3. Сын есімі бар бірнеше сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

  4. Жастар сөзімен тіркескен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

  5. Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Молодежь – будущее Казахстана. Им еще предстоит создавать историю и судьбу нашей Родины. Так давайте же сделаем ее богатой и насыщенной, давайте прославим нашу Родину яркими достижениями и новыми открытиями! Внеся свой вклад в судьбу нашего государства, мы с уверенностью скажем, что наше поколение прожило не зря.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып дәптерге жазыңыз, қосымшаларын анықтаңыз.

Мемлекет ... тұрғыдан, жастар мен жас ... экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс ... көтеру, ұзақ мерзімді несие ... кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу ... кеңейту, ... белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй ... толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ... жағдай жасаудың барлық ... қолдануда.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда

Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы дарынды жастарды қолдауда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» орасан зор жұмысты атқарып отыр. Бұл қордың негізгі мақсаты – Қазақтан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына қолдау жасау, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру. Өйткені, Қазақ елінің атын тарихта қалдыратын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын – жастар болмақ. 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткізілген Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін – білім ғана деген байлам жасады. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды. Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы. Байқау жыл сайын өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар – бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Жаңа сөз тіркестерінен сөздік жұмысын дәптерге жазып, жаттап алыңыз.

  3. Мәтіннен үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді теріп жазыңыз.

  4. Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

По основным показателям экономического, социального развития и уровня жизни населения Казахстан занимает сегодня лидирующие позиции в СНГ и продолжает развиваться высокими темпами. По уровню развития экономики Казахстан сегодня входит в десятку наиболее динамично развивающихся стран мира.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Жастар саясатының басым бағыттары туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Тәуелсіз Қзақстанның жастары қандай болуы керек?

Біздің университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті қандай іс-шаралар атқаруда?

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысына көңіліңіз тола ма?

Сіз қандай қоғамдық іс-шараларға қатысып жүрсіз?

  1. Мақалдардың мазмұнын түсініп, сын есімдерді, антонимдерді табыңыз.

Жақсы көргенін айтады, жаман бергенін айтады.

Ашу – дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.

Қуаныш келсе, таспа, қайғы келсе, саспа.

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Түйедей алтының болғанша, түймедей ақылың болсын.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

СӨЖ тапсырмасы.

«Қазақстанның танымал дарынды жастары» тақырыбына әңгіме дайындаңыз.

14-тақырып. Қайран ерлер болмаса, ел-жұрт жетім. Азамат, тарихыңды тани біл!

О, Замандас, соларға бір қараңыз,

Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз.

Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,

Өшкендерді табатын бір ғана біз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]