Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Іұеж. Нарықтық шаруашылық субъектілері

Бөлінуі:

  • өндірістік фирмалар,

  • үй шаруашылығы,

  • мемлекеттік әкімшілік мекемелер,

  • қаржылық мекемелер мен органдар, шет ел.

Нарықтық экономикада операциялар номенклатурасының бөлінуі:

  • тауарлар және қызметтермен жүргізілетін операциялар (өндіріс, инвестиция, тұтыну, импорт және т.б. бойынша)

  • бөлу операциялары (еңбекақы, дивидендтер, әлеуметтік сақтандыру төлемдері және т.б.)

  • қаржылық операциялар (ақша, құнды қағаздар, валюта, несиелік және т.б. операциялар).

Есепке алуда қолданылатын шоттар:

  • тұтас экономика (біріктірілген шоттар).

  • экономика секторы,

  • экономика саласы,

  • жеке экономикалық операциялар.

Негізгі шоттар:

а) өндіріс шоты (өндіріс қызметінің нәтижелерін көрсетеді)

  • шығындар,

  • аралық тұтыну,

  • қосылған құн өндірісі,

бұл шоттың нәтижесіқосылған құн;

б) табыстардың пайда болу шоты (пайда болу процесін сипаттайды)

  • пайда,

  • еңбекақы,

  • меншік табыстары,

  • әлеуметтік төлемдер,

  • басқа табыстар;

в) табыстарды бөлу шоты (табыс негізгі алушылары арасында қалайша бөлінетіндігін көрсетеді)

  • үй шаруашылығымен,

  • фирмамен,

  • мекемелермен,

  • әкімшілік құрылымдармен;

г) табысты пайдалану шоты (ЖІӨ-нен пайда болу процесін көрсетеді)

  • соңғы тұтынудың,

  • жалпы жинақтаудың;

д) капитал шоты бейнелейді:

  • капиталды шығындарды,

  • капиталмен жасалатын операцияларды,

  • сақтауларды,

  • қорлар өзгеруін,

  • негізгі капитал амортизациясын,

  • капитал аударылуын;

е) қаржылық шот көрсетеді:

  • қаржылық активтер мен пассивтердің қорытынды өзгерістерін;

  • сальдо, борыш талаптары мен міндеттемелерінің пайда болуын.

Активтер - бұл

  • жеке және заңды тұлғалардың меншігі;

  • құрамы бойынша өндіріс құралдары көрсетілетін бухгалтерлік баланс бөлігі:

а) негізгі қаражаттар,

б) дайын өнім,

в) өндірістік қорлар;

  • ақша табыстарының басқа түрлі шығындардан басым болуы.

Пассив – бұл кәсіпорынның басқа жеке және заңды тұлғалар алдындағы берешегі.

Сальдо – бұл уақыттың белгілі бір кезеңіне есептелетін түсімдер мен шығындар арасындағы айырым.

Инвестициялар – жинақтарды жаңа өндірістік күштер мен капиталды активтер жасау мақсатымен пайдалану.

Инвестициялар бағытталуы:

  • жаңа өндірістік үймереттер мен ғимараттар құрылысы;

  • жаңа құрал-жабдық, техника мен технология сатып алу;

  • шикізат пен материалдарды қосымша сатып алу;

  • әлеуметтік тағайындалу үйлері мен объектілерінің құрылысы.

Инвестициялар түрлері: - өндірістік;

  • тауарлық-материалдық қорларға;

  • тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар.

Жалпы инвестициялар құралады:

  • амортизациядан;

- таза инвестициялардан.

Амортизация – бұл негізгі капиталды өндірістік қолданылуына дейінгі бастапқы деңгейіне жеткізу, орнын толтыру үшін қажетті инвестициялық қорлар.

Таза инвестициялар – бұл үймереттер мен ғимараттар салу, қосымша құрал-жабдықтарды өндіріп, орнату арқылы негізгі капиталды көбейту мақсатымен жасалатын салымдар.

Нақты инвестициялар – бұл өндіріс құралдарының, материалдық-заттық құндылықтардың, қорлардың ұлғаюын қамтамасыз ететін экономика салаларына және экономикалық қызметтер түрлеріне салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар – акцияларға, облигацияларға, вексельдерге және т.б. құнды қағаздарға салынатын салымдар, қаржы құрал-саймандары

Ұзақ мерзімді инвестициялар – қаражаттарды бір немесе бірнеше жылға салу.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бір немесе бірнеше айға салынатын салымдар. Инвестициялар тиімді сұраныс көлеміне әсер етеді. Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табыс көлеміне әсерін тигізеді.

Мультипликатор =

11-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік және одан ауытқу

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет берілген бағалар деңгейінде сатып алуға тілек білдіретін тауарлар мен қызметтер мөлшері.

Жиынтық сұраныс – бұл нарықта ұсынылуы мүмкін тауар мен қызметтердің жалпы мөлшері (бұл қалыптастырылатын ЖҰӨ).

Классикалық мектеп жақтаушылары нарықтық экономика – бұл өз-өзін реттейтін жүйе деп есептеген. Өзін-өзі реттеу мыналар арқылы жүзеге асырылады:

- сұраныс,

  • ұсыныс,

  • баға,

  • бәсекелестік.

Қазіргі экономикалық ғылымда жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сипаттауға екі теориялық көзқарас бар.

Біріншісі – классикалық саяси экономия мектебі,

Екіншісі – классикалық мектеп.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы ең күрделі сынақтан 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс кезінде өтті (Ұлы депрессия). Ол ең алдымен

- экономикасы төрт жыл бойы:

- апатты жұмыссыздыққа,

- өндіріс төмендеуіне,

- іскерлік белсенділіктің қысқаруына

тап болған дамыған елдерді зақымдады.

АҚШ-та, мысалы, осы кезеңде – ЖҰӨ 30 % астам қысқартылды, - жұмыссыздық 3 пайыздан 25 пайызға дейін өсті, таза инвестициялар теріс болды.

Батыс елдерінің үкіметтері біршама уақыт дәстүрлі экономикалық теория жақтаушыларының нарықтық жүйе дағдарыстан ішкі тұрақтылық резервтерінің есебінен өзі шығады деген сөздеріне сүйеніп әрекетсіз отырды. Дегенмен, уақыт өтіп жатты, ал жандану болған жоқ. Экономиканың жаңа кейпін танып, сипаттай алған, оның қызмет ету заңдылықтарын шығарып, дағдарыстан алып шығу рецептерін ұсынған бірінші адам Дж.Кейнс болды. Оның «Еңбекпен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» кітабы (1936 ж.) экономикалық ойлауда түбегейлі өзгеріс жасады. Дж. Кейнс ерекше макроэкономикалық мәселелер шеңберін белгіледі:

  • оларды талдаудың әдіснамасы мен әдістемесінің негізін салды,

  • мемлекеттің белсенді экономикалық саясатының қағидаларын қалыптастырды,

  • экономикалық мінез-құлықты зерттеу өзгеруі және тексерілуі мүмкін, яғни эконометрикалық сипатты болуы мүмкіндігін көрсетті,

  • нарықтық механизм өз бетімен тепе-теңдік орната алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]