Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Қаржы – қаржы жүйесі

«Қаржы» термині латын тіліндегі «finacia» сөзінен туындаған, бұл төлем, табыс деген мағынаны білдіреді.

Қаржы – бұл қорлар мен мекемелер арқылы ақша қаражаттарын немесе қаржы ресурстарын үлестіру және пайдалану жөніндегі қатынастар жүйесі.

Қаржылық қатынастардың ақшалық қатынастардан айырмашылығы - олар жеке тұтынуға қызмет көрсетпейді.

Қаржылық қатынастарды құрастыру мемлекеттің төмендегі аталғандарды ұйымдастырудағы қажеттіліктеріне қызмет көрсету мақсатымен тауар-ақша қатынастарының дамуымен жүзеге асырылады:

  • экономикалық және мәдени өмірді,

  • басқару аппаратын, армияны, денсаулық сақтауды, білім беруді, зейнетақымен қамтуды және т.б. қаржыландыру.

Қаржы байланыстары қаржы жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оған енетіндер:

  • әр түрлі деңгейлердегі бюджеттер,

  • әлеуметтік, мүліктік және жеке сақтандыру қорлары,

  • мемлекеттің валюталық қорлары,

  • кәсіпорындар мен фирмалар, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары,

  • басқа арнайы ақша қорлары.

Қаржы жүйесінің шегінде қаржы қорлары қалыптастырылады (ақша қаражаттарының қорлары).

Нарықтық қатынастар неғұрлым дамыған болса, соғұрлым мемлекеттегі экономикалық байланыстар күрделі және алуан түрлі болады, және соғұрлым қаржы жүйесі күрделі, оның қаржы қорлары үлкен болады.

Шоғырландырушы – мемлекеттің материалдық негізін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету;

Бөлуші – ЖҰӨ және ҰТ бөлу және қайта бөлу;

Реттегіш – шаруашылық субъектілердің қызметін ынталандыру;

Бақылаушы – қаржы қорлардың пайдаланылуын бақылау.

Қ

Қаржы жүйесінің құрылымы

аржылар Қорлар

Мемлекеттік - мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес пайдаланылатын

ақша қаражаттарының қоры

Кәсіпорындар мен ұйымдардың - өндіріс дамуына және әлеуметтік мәселелерді

(шаруашылық субъектілердің) шешуге пайдаланылатын қорлар,

Үй шаруашылығының (жеке қаржылары) - жалпы шаруашылықты бірігіп жүргізетін жеке

тұлғалардың ақша қаражаттарының қорлары.

Мемлекет бюджеті мемлекет қаржыларының жетекші түйіні болып табылады. Оның табыстық және шығындық бөліктері болады. Бюджеттің табыстық бөлігінің толықтығы, құрылымы, толықтырылуы – мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен тұрақтылығының көрсеткіші.

Мемлекеттік бюджет пайдаланылады:

  • салааралық аймақтық және әлеуметтік үйлесімділікті қалыптастыруға;

  • мемлекеттік бюджет арқылы ЖІӨ, ҰТ бөлініп, қайта бөлінеді, мақсаттық кешендік бағдарламалардың, экономикалық өсу жоспарларының орындалуы қамтамасыз етіледі;

  • әлеуметтік бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс қабілеттілігі, тұрақты өсуге қол жеткізу, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ҒТП жылдамдату мәселелерін шешу үшін.

Шаруашылық субъектілердің қаржылары табыс және шығын есебіне байланысты болады және өндірісті дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдаланылады.

Халық қаржыларының табыс бөлігін мыналар құрайды:

отбасы табысы, шығындар (әр түрлі), және халықтың жинақтары (қалдырылған сұраныс). Олар банктерде сақталып, ішкі инвестициялық қорды құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]