Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Экономикалық өсу тиімділігі

Экономикалық өсу тиімділігі деп «өндіріс тиімділігінің» барлық құраушыларының жетілдірілуі түсіндіріледі. Оған жататындар:

тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және олардың отандық және дүниежүзілік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

жаңа тауарларды өндіруді игеру;

халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде елдің аймақтық артықшылықтарын ескере отырып, өндірістің мамандандырылуы мен біріктірілуін тереңдету;

фирмалар ішінде еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру;

өндірістік қорларды қолданылуды жақсарту;

өнімді шығару үшін шектелген өндіріс қорларының шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды игеру;

Экономикалық өсу сапасы

халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;

тұлғаның үйлесімді дамуы негізі ретінде бос уақытты көбейту;

салалық әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейін көтеру;

адамдық капиталға салынатын инвестициялар өсімі;

адамдардың өмір сүру және еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау.

Экономикалық өсу қарқыны мен сапаны жоғарылату арасында белгілі қайшылық бар. Экономикалық өсу сапасының төмендеуі есебінен өсудің қарқыны жоғарылауы мүмкін. Мысалы, жұмыс күнін ұзарту немесе еңбек қарқындылығын көтеру еңбек шығындарына әкеледі және экономикалық өсу қарқынының ұлғаюына септігін тигізеді, бірақ экономикалық өсу сапасы бос уақыттың азаюы салдарынан төмендей түседі. Керісінше, өсудің төмен қарқыны сапалы өнім шығару нәтижесінде тұтынушылықты қанағаттандырудың жоғарылауымен жалғасады. Сондықтан көптеген экономистер экономикалық өсудің жоғары емес (жылына 2-3%), бірақ тұрақты қарқындары қолайлы болып табылады деп есептейді. Терең экономикалық құлдырау жағдайында ең ыңғайлысы максимум экономикалық өсу болып табылады.

Экономикалық өсуге әсер ету тәсілдері бойынша бөлінуі:

  • тікелей,

- жанама факторлар.

Экономикалық өсудің тікелей факторлары

еңбек қорларының санын ұлғайту мен сапасын жоғарылату;

негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсартылуы;

өндірістің технологиялары мен ұйымдастырылуын жетілдіру;

шаруашылық айналымға тартылатын табиғи қорлардың саны мен сапасын жоғарылату;

қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.

Экономикалық өсудің жанама факторлары

нарықтың монополиялану дәрежесін төмендету;

өндіріс қорларының бағасын төмендету;

табысқа салынатын салықтарды төмендету;

несие алу мүмкіндіктерін кеңейту және т.б.

Экономикалық потенциал өсу үшін өндіріс факторлары иелерінің табыстары олардың өнімділігінің өсу қарқынына тең қарқындармен өсуі қажет.

Экономикалық өсудің үш негізгі түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас.

Экономикалық өсу үлгілері

Харрод – Домар

Неоклассикалықүлгісі

Кейнсиандық үлгі

Кобб – Дуглас үлгісі

Капитал – экономикалық өсудің жалғыз факторы

G = S : С,

мұнда G – экономикалық өсу қарқыны;

S – ұлттық табыстағы жинақтау үлесі;

С =

S = 1

(жинақтау = инвестицияларға) –бұл экономикалық өсудің шарты.

1.Егер S 1, онда артық қорлар пайда болып, жұмыссыздық өседі.

2. Егер S 1, онда инфляция өсуі орын алады

Экономикалық өсу жоғарғы еңбек өнімділігі (L) және капитал (К) жағдайында мүмкін болады.

У = F (L,К)

  • туынды функция, мұнда

У – өндірілген өнім көлемі;

L – еңбектің жиынтық шығындары;

К – салынған капитал

У. Ростоу тұрғысынан экономикалық өсудің бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысуы төмендегідей жүзеге асырылады:

  • революциялық емес, эволюциялық жолмен;

  • әр түрлі елдер бұл жолды әр түрлі екпінмен өтеді;

  • дамудың түрлі кезеңдерінде тұр: АҚШ соңғы кезеңде; Ресей, ҚР төртінші кезеңде;

  • коммунизмді ол тездетілген индустрияны қажет ететін, «өтпелі кезең науқастары» категориясына жатқызды.

ҚР экономикалық өсуге қол жеткізу

төмендегі тапсырмаларды жүзеге асырумен тығыз байланысты:

  • мемлекеттің, оның белсенді ролімен экономикаға біріктірілуін шектеу;

  • қатаң қазынагерлік және монетарлық шектеулерді жүзеге асыру;

  • тұрақтандыру-инвестицияландыру қорын жасау;

  • жеке меншікті қорғау;

  • жекешелендіруді аяқтау;

  • табиғи қорларды өңдеу;

  • либералды инвестициялық саясатты тудыру;

  • еңбек сыйымды өндірістерден капитал сыйымды, технологиялық-ғылыми сыйымды өндірістерге өту – яғни индустриялық технологиялық стратегияны әзірлеу;

  • өндірісті әртараптандыру;

  • бәсекеге қабілетті салаларды дамыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]