Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Бағалардағы басымдылық – жетекші компания өз бағаларын белгілейді, басқалары соған ілеседі.

Жасырын сөз байласу – бірнеше ірі компаниялар арасында бекітілген бағалар орнату туралы келісім.

Бағалық кемсіту – бір тауар әр түрлі сатушылармен әр түрлі бағамен сатылады.

Бағалық кемсітуді жүзеге асыру шарттары

монополиялық биліктің белгілі дәрежесіне ие болу,

сұраныс икемділігі бойынша сатып алушылардың әр түрлі топтарын ерекшелеу,

тауарларды немесе қызметтерді қайта сату мүмкінсіздігі.

Бағалық кемсітудің салдары

сатушы көбірек пайдаға ие болады,

өнім бұрынғыдан да үлкен көлемде өндіріледі.

Монополияның әлеуметтік-экономикалық салдары

Таза бәсекелестік нарыққа қарағанда аз тауар көлемін шығарады.

Таза бәсекелестік нарыққа қарағанда жоғарырақ баға орнатады.

Монополияларды сақтандыруға үлкен шығындар әкеледі.

Монополиялық билікті қысқарту тәсілдері

Монополияға қарсы саясат,

Экономикалық реттеу,

Мемлекеттік меншікті қалыптастыру.

АҚШ-тағы трестке қарсы заңдар

1. Шермак заңы (1890) – монополияларды немесе сөз байласуларды жасауға қарсы қабылданған, осы мақсатпен сауда еркіндігі шектелді.

2. Клейтон заңы (1914) – үкіметке қосымша өкілеттік беріп, осы заңға сәйкес монополияларға жеке соттық талап беруге рұқсат етті.

3. Үкіметтік сауда комиссиясының заңы (1914) – антитрестік заң әрекетін күшейту мақсатымен комиссия құрылды.

4. Целлер Кефорер заңы (1950) – әр түрлі типті компаниялар қосылуына қарсы заң.

ҚР монополияларға қарсы заңдар

Келесі заңдарға негізделеді:

- «Табиғи монополиялар туралы»,

- «Арам бәсекелестік туралы»,

- «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы».

Бұл заңдарда:

- арам бәсекелестік деп танылатын әрекеттер белгіленген,

- арам бәсекелестікті және оның салдарының алдын алу және жою механизмі бекітіледі,

- ҚР арам бәсекелестік түрлері бекітілген,

а) фирма атауын, тауар белгісін заңсыз қолдану,

б) бәсекелес тауарының сыртқы ресімделуін көшіру,

в) сатылымның қосымша шарттарын зорлап міндеттеу,

г) жарнамада дөрекі салыстыру,

д) жарнамада тауардың шынайы қасиеттері мен сапасын әдейі өзгерту немесе жасыру.

е) бәсекелестікті жоюға әкелетін нарықтық қатынастар субъектілерінің көлденең қосылуы.

10-тақырып. Ұлттық экономика

Микроэкономикада (бұл экономикалық теория бөлімі) орталық орында келесі мәселелер орын алады: тауар нарықтарында үй шаруашылықтарының, фирмалардың (кәсіпорындардың) мінез-құлқы; берілген жағдайда олардың экономикалық шешімдер қабылдау механизмі; неліктен адамдар шаруашылық қызметке қатысады, экономикалық қатынастарға түседі және алуан түрлі қажеттіліктерін қалай қанағаттандыратын-дығы туралы сұрақтар; нарықтық бағаның құрылу тәсілдері және тепе-тең бағаны қалыптастыру, сондай-ақ шектеулі қорларды қолданудың тиімді тәсілдері. Яғни жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлқы зерттеледі.

Макроэкономикада – (бұл жалпы экономикалық теория бөлімі) 1) мыналар зерттелінеді: жалпы ұлттық шаруашылық деңгейінде экономиканың іргелі мәселелері; 2) Ұлттық шаруашылығына барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен салдары; 3) Жалпы экономикаға тән құбылыстар (инфляция, экономикалық өсім, жұмыссыздық және т.б.); 4) Макроэкономикалық саясат құралдары қалыптастырылады (фискальды, несие-ақшалық, табыс саясаты, сыртқы экономикалық саясат) және т.б.

Жалпы ұлттық шаруашылық;

Экономикалық өсім және еңбекпен қамтылу мәселелері;

Шаруашылық механизм, мемлекеттік міндеттер жұмысы;

Экономикалық саясат;

ЖІӨ, ЖҰӨ, ЖТӨ, ҰТ, ЖТ, БТ мөлшері мен құрылымы, жалпы қызмет етуі мен тиімділігі;

Экономикалық реттеудің ұйымдастырылуы,

Инфляцияны басқару;

Табиғи қорларды сақтау және тиімді қолдану;

Тауарлар мен қызметтерді өндірудің оңтайлы қарқындарын қолдау.

Ұлттық шаруашылық – бұл түрлі экономикалық байланыстармен бір тұтасқа біріктірілген елдің барлық өндіріс салалары мен аймақтарының жиынтығы. Жалпы (ұлттық) еңбек бөлінуі барлық халық шаруашылығының түйіндері арасында өніммен алмасуды қажет етеді. Ұлттық байлықты құрау осындай әрекеттестік нәтижесі болып табылады.

Ұлттық байлық – бұл қоғамдық өндіріс пен адам өмірінің қажетті жағдайларын құрайтын елдің экономикалық активтерінің (материалдық құндылықтарының) жиынтығы.

Ұлттық байлық:

  • негізгі қорлар,

  • айналымдағы материалдық қаржылар мен қорлар,

  • халықтың жинақталған үй мүлігінің

құндылық сомасы ретінде есептелінеді.

Қоғам, әр отбасы ұлттық байлықтың үздіксіз көбейіп, сонымен қатар әркімнің игілігі өсуіне тікелей мүдделі.

Ұлттық экономика қызмет етуінің белгілі бір кезеңдегі нәтижелерінің жалпы қорытынды көрсеткіштері ретінде төмендегі агрегаттар қолданылады:

  • жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),

  • жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ),

  • жалпы таза өнім (ЖТӨ),

  • ұлттық табыс (ҰТ),

  • азаматтардың жеке табысы (ЖТ),

- басқарылатын табыс (БТ).

ЖІӨбұл өндірісте қолданылатын экономикалық қорлардың ұлттық тиістілігіне қарамастан, берілген елдің шегінде шығарылған соңғы тауарлар мен қызметтердің бағасы.

ЖҰӨбұл географиялық қолданылуына қарамастан берілген елдің экономикалық қорларының көмегімен шығарылған соңғы тауарлар мен қызметтердің бағасы.

Соңғы тауарлар мен қызметтер – бұл соңғы тұтынуға, жинақтауға және сыртқа шығаруға пайдаланылған тауарлар.

Аралық тауарлар мен қызметтер – бұл өндіріс процесінде шикізат, материал, отын, қуат және т.с.с. ретінде жаратылған тауарлар.

ЖІӨ есептеуде өнімнің немесе қызметтің әр фирмамен қосылған құны ескерілетін тұрғыдан қарауға болады. Қосылған құнға өнімнің немесе қызметтің құнының тек берілген кәсіпорында шығарылған бөлігі ғана жатады.

Егер барлық өнім құнынан материал, шикізат, отын, қолданылған жабдық құнын шығарып тастаса, қалған бөлігі қосылған құн болып табылады.

Толығымен жабық экономикада ЖІӨ = ЖҰӨ.

Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылықтың негізгі көзі – шет ел фирмаларының ұлттық аймақта жасайтын тікелей қызметі (отандық фирмалардың шет елде), ұлттық аймақта бірлескен кәсіпорындар, шет ел жұмысшыларының тауар мен қызметті өндірудегі қатысы (шет елде отандықтардың).

ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық әр түрлі және 0,8-4 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]