Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Дағдарыстан шығу екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін

Бірінші жол, радикалды либералдар бағыты («шок терапиясы»):

  • экономикада және қоғамда шапшаң, шешімді, жүйелік, институционалдық қайта құрулар үшін,

  • командалық-әкімшіліктік құрылымдарды бұзу,

  • бағалар еркіндігі үшін,

  • ақша массасын, мемлекеттік несиелерді, жәрдем қаражаттарды, бюджеттік тапшылық жойылуын қатаң реттеуді талап етеді,

  • қайта құруларды тез өткізу.

Созылмалы депрессия себептері деп мыналарды атайды:

  • реформалардың жеткіліксіз радикалдығы;

  • экономикалық еркіндіктің жеткіліксіздігі;

  • ақша массасының өсім қарқынының нақты ЖҰӨ өсім қарқынынан басым болуы;

  • инфляцияның жоғарғы қарқыны;

  • мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріс көлемінің ЖІӨ-ге %-бен төмендеуі;

  • мемлекеттік тұтынудың ЖҰӨ-ге %-бен төмендеуі;

  • салықтар деңгейі.

Екінші жол – градулистер бағыты (нарыққа біртіндеп өту).

Оның талап етуі:

  • мемлекеттің экономикаға тікелей және қатаң кірісуі;

  • мемлекеттік сектор, жоспарлауды қолдау;

  • ЖҰӨ қысқартылуын ұлттық апат ретінде қарастыру;

  • таза монетаристік әдістермен инфляцияны айына 2 –3 % дейін жеткізуге болады,

  • ҚР экономикасының терең науқастығы оның шикізаттық бағытталуында, көптеген отандық тауарлар үшін ішкі нарықтың жоғалуында, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуінде.

13-тақырып. Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндіріс мақсаты ретінде

Экономикалық өсу – бұл барлық дүниежүзі елдерінің алдында тұрған орталық мәселе. Экономикалық өсубұл ұлттық өнімнің сандық көбейтілуі және сапалық жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп әдетте нақты өндіріс көлемінің қысқа мерзімді көтерілуі мен түсуі түсіндірілмейді, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығындағы өндіріс күштерінің дамуымен байланысты нақты өндіріс көлемінің ұзақ мерзімді өзгерулері экономикалық өсу деп танылады.

Экономикалық өсудің зерделеу пәні болып мыналар табылады:

  • экономикалық динамиканы анықтайтын факторлар,

  • салалық және ұдайы өндіріс үйлесімділігі,

  • экономикалық өсу процесінде институционалдық құрылымның өзгеруі,

  • өсу қарқынын ынталандыру немесе тоқтату жөніндегі мемлекеттік саясат,

  • нақты өндіріс көлемінің потенциалды өндіріс көлемінен қалу себептері және т.б.

Экономикалық теорияда белгілі кезеңде ұлттық экономика дамуының қорытынды сипаттамасы ретінде экономикалық өсудің көріну нысандарын түсіндіруге екі негізгі көзқарас қалыптасты, ол ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу қарқынымен немесе осы көрсеткіштерді адам басына есептегендегі өсуінің қарқынымен өлшенеді.

Экономикалық өсуді өлшеудің бірінші тәсілі елдің экономикалық потенциалының кеңею қарқынын бағалауда қолданылады. Екінші тәсіл халықтың әл-ауқаты динамикасын талдауда немесе әр түрлі елдер мен аймақтарда өмір сүру деңгейін салыстыруда қолданылады.

Қазіргі кезде өсу теориясында өлшеудің екінші тәсілі көбірек қолданылады.

Экономикалық өсу деп нақты ұлттық табыс көбеюінің қарқыны халықтың өсу қарқынынан басым болатын ұлттық экономиканың дамуы түсіндіріледі.

Экономикалық өсуді талдау кезінде ең алдымен:

  • экономикалық өсу қарқыны,

  • даму бағыттары мен заңдылықтар,

  • кәсіпкерлік мәселелері,

  • жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы,

  • экономиканың қызмет етуінің тиімділігі, оның тұрақтылығы.

Кез-келген ел Үкіметі экономикалық өсу қарқынын төмендегі жолдармен жоғарылатуға ынталанады:

  • ішкі ақша жинау мен инвестицияларды көтермелеу,

  • шет ел инвесторларын жұмылдыру,

  • меншік құқықтарын қорғау.

Капиталды жинақтау оның табыстылығының төмендеуімен жолдамалынады. Экономика неғұрлым үлкен капиталға ие болса, соғұрлым оның кейінгі өсімі аз қайтарылумен жолдамалынады. Сондықтан жинақ ақша үлесінің көбейтілуі бастапқы кезеңде өсудің жылдамдатылуына әкеледі, ал кейін капитал және еңбек өнімділігі жоғарырақ деңгейіне жеткен сайын экономикалық өсу бәсеңдей түседі:

Халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру:

  • халықтың бір адамға келетін орташа табысын көбейту,

  • бос уақытты көбейту,

  • ҰТ халықтың әр түрлі қабаттары арасында үлестірілуін жақсарту,

  • Шығарылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы мен әр түрлілігінің өсуін жетілдіру,

Ұлттық қауіпсіздікті қолдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]