Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялау әріптік баға

Баллдардың цифрлық баламасы

Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны

Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға

А

А –

4,0

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С +

С

С –

2,33

2,0

1,67

70 – 74

65 – 69

60 – 64

Қанағаттанарлық

D +

D

1,33

1,0

55 – 59

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

Р 1 + Р 2

И % = ------------ х 0,6 + Э х 0,4

2

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны; Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны; Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг (сегізінші аптадағы) және екінші рейтинг (он төртінші аптадағы) баллдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайызға) көбейтіледі.Емтихан баллы 0,4 көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғары мектебінің

проректоры-директоры

___________________У. Шапақ

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(жалпы бөлім)

Мамандық Құқық қорғау қызметі

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 2 кредит

Курс 2 (орта арнаулы білім негізінде)

Семестр 3

Дәрістер 20 сағат

Семинар сабақтары 10 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 часов

Емтихан 3 семестр

Еңбек көлемі 90 сағат

Астана 2012

Азаматтық құқық кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама №1 «26» тамыз 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі

з.ғ.д., профессор _____________________________ Т.Е. Қаудыров

Ұлттық құқық жоғары мектебі (әділ сот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық) оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

Хаттама №1 «31» тамыз 2010 ж.

Төраға з.ғ.к., доцент __________________________ Қ.Қ. Сейтенов

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:

Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы - заң ғылымдарының кандидаты, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының доценті, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.

Негізгі ғылыми жұмыстары: азаматтық құқық, тұрғын үй құқығы мәселелері бойынша 90-нан астам еңбектің авторы.

Пререквизиттер: Рим құқығы, мемлекет және құқық теориясы

Постреквизиттер: Азаматтық құқық (ерекше бөлім), кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы

Пәннің сипаттамасы: Азаматтық құқық жоғары заң оқу орындарында оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылады. Пәннің негізгі орны қазіргі қоғамдағы азаматтық заңнаманың басқа пәндер арасында алатын маңызымен тығыз байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мығым негіздерін қалыптастыруға, тауар-ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде азаматтық заңнаманың көлемі басқа салалармен салыстырғанда ең ауқымдысы және күрделісі болып табылады.

Негізгі мақсат студенттердің негізгі азаматтық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдап білуі және азаматтық-құқықтық құралдарды іс-жүзінде қолданып білу тәжірибесі болуы қажеттігі.

Азаматтық құқық курсы екі бөлімнен тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім) және Азаматтық құқық (ерекше бөлім).

Бұл бағдарлама ҚР-ның Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің құрылымын есепке ала отырып құрылған.

Оқу материалы бекітілген сатылы түрде оқуға қажет өзара байланысты институтттардың бөлімдеріне бөлінген. Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі үш бөлімнен тұрады: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері; Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар; Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері.

Тақырыптық жоспар (сағаттар бөлінуі) оқу жоспарымен қарастырылған дәріс және семинар (практикалық) сабақтарға бөлінген уақыт бюджетіне сәйкес жасалған.

Пәннің мақсаты нарықтық экономика талаптарына сай, отанымыздың мүддесін ойлайтын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін осы сала бойынша білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орны сабақ кестелеріне сай белгіленеді.