Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

25 Такырып. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.

2. Айыппұл

3. Кепіл. Кепілдің пайда болу негіздері және түрлері.

1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.

Міндеттемелердің тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз етү үшін заңда борышкерді өз міндеттерін орындауға ынталадыратын және несие берүшінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін арнайы мүліктік шаралардың қолданылуы көзделеді (ҚР АК 292 б.). Бұл шаралар шығындарды өтеүге қосымша ретінде қолданылады, олар міндеттеменің орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар. Нақтылы міндеттеме нақтылы тәсілдердің бірімен қамтамасыз етілүі үшін жақтардың келісімі мен заңдардың арнайы нұсқаулары қажет. ҚР Азаматтық кодексында міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етүдің келесі тәсілдері көзделеді: айып төлеү, кепіл, кепіл болушылық (аманат), кепілдік, кепілпұл және борышкердің мүлкін алып (ұстап) қалу. Аталған тәсілдердін ішінен тек қана борышкердін мүлкін ұстап қалу үшін жақтардың алдын ала келісүі және оның жазбаша нысанының сақталуы қажет етілмейді. Кейбір жағдайларда кепіл құқығы да шартта бекітілмей заңмен көзделеді (рента шартында, құрылыс мердігерлігі шартында, жеткізілім шартында және т.б.). Барлық өзге жағдайларда қамтамасыз етү тәсілдерінің бірінің қолданылуының міндетті шарты ретінде жазбаша нысанда жасалған жақтардың келісімі қажет етіледі. Қамтамасыз етү тәсілдерінің әр қайсысының ұғымы мен сипаттамасы ҚР АК 18 Тарауында келтірілген.

2. Айыппұл

Айып төлеу (тұрақсыздық айыбы) – ол міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған ретте борышкер несие берүшіге төлеп берүге міндетті болатын ақшалай сома. Айып төлеу нысандары – айыппұл және өсім. Айып төлеу түрлері – заңда көзделген, шартпен белгіленген (ҚР АК 293б., 295б.), есепті, айыппұлдық, балама, ерекше (АК 351 б.) болып танылады. Заңда көзделген айып төлеу қазіргі кезде өте сирек кездеседі (ҚР АК 353 б.).

294-бап. Айып төлеу туралы келiсiмнiң нысаны: Айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалу¬а тиiс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келiсiмнiң жарамсыздығына әкелiп соқтырады.

295-бап. Заңды айып төлеу: 1. Несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы.       2. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келiсiмiмен заңды айып төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн.

      296-бап. Айып төлеу мөлшерi: Айып төлеу мөлшерi нақты ақша сомасында немесе орындалма¬ан не тиiсiнше орындалма¬ан мiндеттеме сомасына шаққанда¬ы процентпен белгiленедi.

      297-бап. Айып төлеу мөлшерiн азайту: Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстыр¬анда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аудару¬а лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуқа құқылы.

      298-бап. Айып төлеудi өндiрiп алу негiздерi: Мiндеттеменi бұз¬аны үшін борышқор жауапқа тартылатын жа¬дай бол¬ан кезде мiндеттеменiң орындалма¬аны немесе тиiсiнше орындалма¬аны үшін айып өндiрiп алынады (осы Кодекстiң 359-бабы).

     351-бап. Залалдар және айып төлеу

1. Егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi.

Заңдарда немесе шартта залалдарды емес, айып төлеудi өндiрiп алуға жол берiлетiн; залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; несие берушiнiң таңдауы бойынша не айып төлеу, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi ықтимал.

2. Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.

 353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны    үшін жауапкершiлiк

1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткізiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшін тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлігін орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот төртібімен өндiрiп алу кезiнде сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.

2. Басқаның ақшасын пайдалан¬аны үшін айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге төртібі белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.        3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан о¬ан келтiрiлген залал осы баптың 1-тарма¬ының негiзiнде о¬ан тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.