Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері

Меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк – құқықтық тәсiлдерiне мыналар жатады: 1) басқару органының, жергiлiктi өкiлдiк органның меншiк иесiнiң немесе өзгедей заттық құқық иесiнiң құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтiк-құқықтық немесе жеке актiсiнiң нәтижесiнде меншiк иесiне немесе өзгедей заттық құқық иесiне келген шығындардың орнын толтыру; 2) мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi басқару немесе өкiлдiк органның, не лауазымды адамның актiсiн заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актiнi қолданбау туралы талап қою; 3) заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша меншiк құқығы тоқтағанда оны қорғау.

Меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғаудың мiндеттемелiк құқықтық тәсiлдерi әрқилы болып келедi. Әдетте, қорғанудың мұндай тәсiлдерi меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғағанда емес, сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғағанда да қолданады (мысалы, меншiк иесiнiң мүлкiне келген шығынды өтеу; мәмiленi заңсыз деп тану және т.б.)

Сонымен қатар меншiк иесiнiң және өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғаудың кейбiр ерекше мiндеттемелiк–құқықтық тәсiлдерi бар. Мысалы, мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқығын бұзатын актiлерiн заңсыз деп тануға және мұндай актiлерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсiлдерi жатады. Меншiк құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың бұл тәсiлi АК-ның 9-бабында бекiмiн тапқан азаматтық құқықтарды қорғау туралы ережелердiң жалғасы болып келедi.

Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi боләан жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туқызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуәа ұйқарым шықару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлқаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасақаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

Бұзылған құқықты қорғау үшiн үкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.   Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).  Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.

Мемлекеттiк үкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.

Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады.1

Мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншiк иесiнiң немесе өзгедей заттық құқық иесiнiң құқықтарын бұзатын актiлер заңсыз деп тану сот тәртiбiнде жүзеге асырылады. Меншiк құқығын немесе өзге заттық құқықты бұзатын актiнi заңсыз деп тану туралы талап қою құқығы меншiк иесiне немесе өзге заттық құқық иесiне берiлген. Ондай актiнi сот заңсыз деп таныған жағдайда оны қандай да бiр қосымша бұзудың қажетi жоқ, ол ары қарай қолдануға жатпайды.

Мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншiк иесi мен өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын бұзатын актiлерi заңсыз деп танып танылғанан кейiн, сол актiлерден келген шығындардың орнын толтыру туралы талап қойылады. Мұндай актiлерден келген шығын толық көлемде қайтарылады, ол дегенiмiз – нақты шығынды да, жiберiлiп алған пайданы да төлету. Шығын тиiстi бюджет қаражатынан төленедi., яғни шығын мемлекеттiк басқару органының (орталық атқару органының, республикалық ведомстволардың), не осы органның лауазымды адамның актiсiнiң шығуыменбайланысты болса – республикалық бюлжеттiң қаражаты есебiнен, ал шығын жергiлiктi өкiлдiк немесе атқарушы органның актiсiнiң шығуымен байланысты болса – жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.