Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Мерзімдерді есептеу.

Мерзiм белгiлеу негіздері АКң 172 бабында көзделген. Осыған орай заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi. Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.

Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.

Жылдармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде бiтедi. Жарты жылмен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Жыл тоқсандарымен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Бұл орайда бiр тоқсан үш айға тең деп есептеледi, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргiзiледi. Айлармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде бiтедi. Жарты аймен белгiленетiн мерзiм күндермен есептелетiн мерзiм ретiнде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледi. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi. Апталармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде бiтедi.

Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе содан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады.

Мерзiмнiң соңғы күнiнде әрекет жасау тәртiбi (176-бап): Егер мерзiм қандай да бiр әрекет жасауға белгiленген болса, ол әрекет мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орындалуы мүмкiн. Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мерзiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта бiтедi. Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесiне тапсырылған жазбаша мәлiмдемелер мен хабарламалар мерзiмiнде жасалған болып саналады.

3. Талап қою мерзімі.

Азаматтық құқықтарды қорғау үшін бекітілген аса маңызды мерзімдердің бірі - ол бұзылған субъективтік құқықтарды қалпына келтіріп, қорғауға арналған талап қою мерзімі. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін жалпы талап қою мерзімі - үш жыл (АК 178 б.) Заңдарда қысқартылған немесе ұзартылған арнаулы талап қою мерзімдері бекітілген. Мысалы: жүк тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзімі – бір жыл, ал жолаушылар тасымалдау шарты бойынша – алты ай болады (2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған ҚР «Темір жол көлігі туралы» Заңының 93 б.). Бұл мерзімді өткізіп алу - нұқсан келген немесе дау туғызған құқықты қорғау құқығынан айрылуға әкелдіреді. Жаңа азаматтық заңдылық бойынша, жоғарыда аталған ереже іс бойынша шешім шығарғанға дейін жасалған дауға қатысушы мүдделі жақтың мәлімдемесі бойынша ғана сотпен қолданады (ҚР АК 179 б., 2 т.). Себепті негіздер болған жағдайда талап қою мерзімін қалпына келтіру (қайта жаңғырту) (185 б.), тоқтата тұру (182 б.) және үзілу (183 б.) мүмкіншіліктері көзделеді. Талап қою мерзімінің өтуі тұлғаға оның құқығының бұзылғаны туралы белгілі болған күннен, немесе білуге тиіс болған күннен бастап есептеледі (АК 180 б.). Талап қою мерзімінің өтіп кетуі қолданылмайтын құқықтық қатынастардың тізімі АК 187 бабында бекітілген, яғни осы бапта көзделген талаптар бойынша бес, он, жиырма және т. б. жылдар өткеннен кейін де талап қоя берүге болады. Мерзімдер түрлері сызба нысанында оқұлықтың Қосымшасында келтірілген.

Ежелгі Рим мемлекетінде талап қою мерзімі тек қана жаңа дәүірдің бесінші ғасырында бекітіліп, ол үшін 30 жыл белгіленген. Шетел мемлекеттерінде жалпы талап қою мерзімі қазіргі уақытта 30 жылдан 10 жылға дейін белгіленген. Арнайы (қысқартылған, узартылган) талап қою мерзімдері бір-екі жылдан 10 жылға дейін созылады. Сот алдында талап қою мерзімінің көнелігі тек жауапкердің ықпалымен қолданады, себебі азаматтық айналымда тараптардың қатынастарын реттеу үшін диспозитивтік нормаларға және олардың өз еріктеріне басым беріледі. Талап қою мерзімінің өтіп кетуі қолданылмайтын құқықтық қатынастарға көбінесе мемлекет тарапынан қойылатын талаптар жатқызылады.

1974 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы талап қою мерзімі тұралы халақаралық Конвенция қабылдаған, оның ережесі бойынша осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер үшін жалпы талап қою мерзімі 4 жыл болып келеді.